Новости 2024
Май 2020ҚМГ
2020 жылғы 22 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, Компания) Директорлар кеңесі 2019 жылдың қорытындысы бойынша 81,7 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төлеуді ұйғарды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен екі есе көп.
Дивиденд төлеу туралы шешім Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, дивиденд саясатына сәйкес қабылданды және Компанияның негізгі акционерімен келісілді. Директорлар кеңесі ҚМГ-ның ағымдағы қаржы жағдайын, ақша ағыны болжамын, халықаралық кредиттік рейтингтерге ықпалды, жұмыс орындарын сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмысты, сондай-ақ мемлекет мүддесі үшін іске асырылып жатқан жоспарлы инвестицияларды қосымша назарға алды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша аудиттен өткен қаржылық есептілікке сәйкес дивиденд төлеуден бөлек, ҚМГ акционерлерге Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларында әлеуметтік нысандарды салуға арналған қаражатты қоса алғанда 20 млрд теңге жолдады.
Компания өзінің қызметінен түскен кірісті сыртқы қарыздарына қызмет көрсетуге де жұмсайтынын атап өткен жөн. Оларды өтеу сомасы 2019 жылы шамамен 997 млрд теңгені (2,6 млрд доллар) құрады.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ туралы:
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау, өңдеуден бастап, тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекеттің мүддесін қорғайды.
ҚМГ-ның негізгі активтері:
Барлау және өндіру: Теңізшевройл (ТШО) - 20%, Қарашығанақ (ҚПО) - 10%, Қашаган – 8,44%*, Өзенмұнайгаз (ӨМГ) - 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) - 50%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) - 100%, Қазгермұнай (ҚГМ) - 50%, ПетроҚазақстан (ПҚИ) - 33%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) - 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) - 50%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) - 100%, ҚазМұнайТеңіз - 100%.
Мұнай мен газ тасымалдау, газ маркетингі: ҚазТрансОйл - 90%, Қазақстан-Қытай құбыры (ҚҚҚ) - 50%, Мұнай Тас - 51%, Batumi Oil Terminal - 100%, КҚК – 20,75%2, Қазақтеңізкөлікфлоты - 100%, ҚазТрансГаз - 100%, ИОА - 100% , АГҚ - 50%, ҚТГ Аймақ - 100%, БШҚ - 50%, ҚазРосГаз - 50%.
Өңдеу: ПМХЗ - 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International - 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%.
* 2015 жылғы қазанда Самұрық-Қазына опциондық келісімге сәйкес 2020 және 2022 жылдар ішінде акцияларды сатып алу құқығымен Қашағанның 50% үлесін сатып алды. ҚМГ және Самұрық-Қазынаға Қашағанның барлығы 16.88% үлесі тиесілі.
22 мая 2020 года Совет Директоров АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ, Компания) одобрил выплату дивидендов по итогам 2019 года в размере 81,7 млрд тенге, что примерно в два раза больше, чем годом ранее.
Решение о выплате дивидендов принято в соответствии с дивидендной политикой и согласовано с основным акционером Компании с учетом поручений Главы государства. Совет Директоров дополнительно принял во внимание текущее финансовое состояние КМГ, прогноз денежных потоков, влияние на международные кредитные рейтинги, проводимую работу по сохранению рабочих мест, а также запланированные инвестиции, осуществляемые в интересах государства.
Согласно аудированной финансовой отчетности по итогам 2019 года КМГ кроме выплаты дивидендов направил акционерам 20 млрд тенге, включая средства для строительства социальных объектов в городах Нур-Султан и Туркестан.
Необходимо отметить, что доходы от своей деятельности Компания направляет также и на обслуживание внешних обязательств, сумма погашений которых в 2019 году составила около 997 млрд тенге (2,6 млрд долларов).
Об АО «Национальная компания «КазМунайГаз»:
АО «Национальная компания» КазМунайГаз» (КМГ) является ведущей вертикально-интегрированной нефтегазовой компанией Казахстана. КМГ управляет активами по всему производственному циклу от разведки и добычи углеводородов до транспортировки, переработки и предоставления специализированных услуг. Компания, основанная в 2002 году, представляет интересы Казахстана в нефтегазовой отрасли страны.
Существенные активы КМГ включают в себя:
Разведка и Добыча: Тенгизшевройл (ТШО) - 20%, Карачаганак (КПО) - 10%, Кашаган – 8,44%* , Озенмунайгаз (ОМГ) - 100%, Мангистаумунайгаз (ММГ) - 50%, Эмбамунайгаз (ЭМГ) - 100%, Казгермунай (КГМ) - 50%, ПетроКазахстан (ПКИ) - 33%, Каражанбасмунай (КБМ) - 50%, Казахойл Актобе (КОА) - 50%, Казахтукрмунай (КТМ) - 100%, КазМунайТениз - 100%.
Трубопровод (ККТ) - 50%, Мунай Тас - 51%, Batumi Oil Terminal - 100%, КТК – 20,75%2 , Казмортрансфлот - 100%, КазТрансГаз - 100%, ИЦА - 100% , АГП - 50%, КТГ Аймак - 100%, ГБШ - 50%, КазРосГаз - 50%.
Переработка: ПНХЗ - 100%, АНПЗ – 99,53%, ПКОП – 49,72%, KMG International - 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%.
* В октябре 2015 г. Самрук-Казына приобрел 50% доли в Кашагане с правом выкупа акций в соответствии с опционным соглашением в течение 2020 и 2022 годов. КМГ и Самрук-Казына в общем принадлежат 16.88% доли в Кашагане.