Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
Буды қалпына келтіру: экологиялық таза және үнемді шешім
Рекуперация паров: экологичное и экономичное решение
Атырау облысындағы «ҚазТрансОйл» АҚ Н. Шманов атындағы мұнай айдау стансасын (МАС) қайта жаңғырту кезеңінде пайдалануға берілген буды қалпына келтіру қондырғысы мұнайды тасымалдауда өндірістік шығынды азайту және атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды тежеуде өз тиімділігін көрсетті. Аталған қондырғыны «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысанына енгізу - Біріккен Ұлттар Ұйымының климатты өзгерту жөніндегі Негізгі Конвенциясының Киот хаттамасын 2009 жылдың 26 наурызында Қазақстан Республикасының ратификациялауының нәтижесі.
Буды қалпына келтіру қондырғысы мұнай айдау стансасының резервуар паркінде орналасқан. Қондырғының негізгі міндеті – мұнайды сақтағанда және тасымалдағанда, толтырғанда пайда болатын көмірсутектердің жеңіл буын қайта өңдеу. Нәтижесінде сұйықтықты сіңіру әдісін қолдану арқылы көмірсутек бөлшектері тұтылып, атмосфераға таза ауа шығарылады.
Буды қалпына келтіру қондырғысының әрекет ету принципі сіңіру үдерісіне негізделген. Көмірсутектердің жеңіл буы белсендірілген көмір түйіршіктерінен құралған сүзгі қабаты арқылы өткізіледі.Ұшқындаған органикалық қоспалар белсендірілген қөмір бетінде қалып, көмірсутектерден арылған ауа атмосфераға шығарылады. Белсендірілген көмір ұшқындаған органикалық қоспалармен белгілі бір деңгейге толғанда, сүзгі регенерация режиміне қосылады. Регенерация, яғни, белсендірілген көмірді тазарту, сүзгі қабаты арқылы өткізілген вакуум мен тазартылған ауада жүзеге асырылады.
Н. Шманов атындағы МАС-та буды қалпына келтіру қондырғысын орнату өндірістік нысанның жұмысына айтарлықтай оң ықпал етті. Атап айтқанда, ауаға шығатын жарылыс қаупі бар көмірсутектердің булы қоспасы азайды, жұмысшылар улы бу жұтудан қорғалады және өндірістік шығын төмендеді. Бұдан басқа, тұтылған көмірсутек буларынан құнды өнім алуға болады. Әйтпегенде, ол атмосфераға босқа ұшып кетер еді.
«ҚазТрансОйл» АҚ
Жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар қызметі
Установка рекуперации паров, введенная в эксплуатацию в ходе реконструкции нефтеперекачивающей станции (НПС) им. Н. Шманова АО «КазТрансОйл» в Атырауской области, полностью справляется с возложенной на нее миссией по снижению производственных потерь при транспортировке нефти и блокировании вредных выбросов в атмосферу. Внедрение данной установки на производственном объекте АО «КазТрансОйл» является следствием ратификации Республикой Казахстан 26 марта 2009 года Киотского протокола к Рамочной конвенции ООН об изменении климата.
Установка рекуперации паров (УРП) находится в резервуарном парке НПС. Ее задача - переработка паров легких углеводородов, которые образуются во время наполнения, транспортировки и хранения нефти. В результате в атмосферу выделяется чистый воздух, в то время как частицы углеводорода улавливаются и возвращаются в резервуар посредством применения абсорбирующей жидкости.
Принципом действия УРП является процесс абсорбции, когда пары легких углеводородов проходят через фильтрующий слой гранул активированного угля. Летучие органические соединения задерживаются на поверхности активированного угля, в то время как практически не содержащий углеводородов воздух выпускается в атмосферу. Когда активированный уголь достигает определенного уровня насыщения летучими органическими соединениями, фильтр переключается в режим регенерации. Регенерация, или очистка активированного угля, достигается путем применения вакуума и продувочного воздуха, пропускаемого через фильтрующий слой.
Установка УРП на НПС им. Н. Шманова положительно повлияла на многие параметры работы объекта: обеспечение взрывобезопасности путем снижения концентрации в воздухе взрывоопасных паров углеводородов, защиту персонала НПС от вдыхания токсических паров, снижение производственных потерь. Кроме того, уловленные пары углеводорода представляют собой ценную продукцию, которая в противном случае выбрасывалась бы в атмосферу.
Служба по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»