Пресс-релизы
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢА БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ «СӘТТІЛІК МАРАФОНЫ»
«МАРАФОН УСПЕХА» НАЧИНАЮЩИХ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ В ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
13 қыркүйекте Қазақстандағы ЕҚДБ-ның Шағын бизнесті қолдау тобы «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірге Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерге арналған бірегей жоба – «Сәттілік марафоны» форумын өткізді.
Жоба Батыс Қазақстандағы жаңа бастаған кәсіпкерлердің инновациялық әрі бизнес идеяларын қолдау және дамытуға бағытталған «Shell LiveWIRE» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты – кәсіпкерлердің басқару білімі мен дағдысын дамыту, жергілікті халықтың өзін өзі жұмыспен қамтуына ықпал ету, бәскелестік қабілетті арттыру, бизнес жүргізудің әлеуеті мен тиімділігін көтеру. Оған қоса, жоба стартаптарға арналған инкубациялық, жетілдіруші бағдарламаларды дамытуды қамтиды, кеңес берушілер мен тәлімгерлердің біліктілігін көтеру арқылы кеңес беру және тренинг қызметтері нарығын дамытуды қарастырады.
Осы форум кәсіпкерлер үшін басқару білімі мен дағдысын көтерудің тамаша мүмкіндігі болды, себебі мұнда оларға бизнес жүргізуді оқыту курстары ұйымдастырылды.
Форумның ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Міржан Сатқанов құттықтап, сөз сөйледі. Ол аймақтың экономикалық әлеуетін арттыру үшін мұндай жобалардың маңызы зор екенін және «Шелл Қазақстан» мен ЕҚДБ тәрізді ірі компаниялар облыстың және тұтас елдің дамуына баға жетпес үлес қосып жатқанын атап өтті.
ЕҚДБ-ның Қазақстандағы шағын бизнесті қолдауға қатысты бағдарламасы менеджері Алма Қасымова өз сөзінде жобаның шарттары мен кезеңдері туралы толық айтып берді және 2018 жылы қазан айында жоба аяқталар сәтке дейін ең кемі 15 қатысушыда мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың ШОБ қолдау жөніндегі қолжетімді бағдарламалары арқылы жүзеге асыруға және қаржыландыруға болатын бизнес-жоба болатынына үміт артты. «Осындай бағдарламаларды өткізу тәжірибесі көрсеткендей, екі-үш модуль ғана өткен қатысушылардың өзі, қандай-да бір себептермен бизнес-жобаларын аяқтамаса да, кәсіби құзыреттіліктерінің сапасы артқанын көрсетеді және алынған білімін өз жұмысында көрсетеді», - деп атап өтті.
«Шелл Қазақстанның» мемлекеттік органдармен байланыс және сыртқы қарым-қатынастар жөніндегі директоры Зарина Бакенова форумның салтанатты бөлімін жалғастырып, компания жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобаларға тоқталды. «Жаһандық Shell LiveWIRE жобасы жаңа бастаған кәсіпкерлерге өз бизнесін бастауға көмектеседі. Қазір бағдарлама әлемнің 18 елінде жұмыс істеп тұр. 1982 жылдан бері бағдарлама 9,2 млн. жас кәсіпкерге көмектесті. 2018 жылдан бастап жергілікті кәсіпорындарға қосымша мүмкіндіктер бере отырып, осы бағдарламаны еліміздің аумағында іске қостық», - деп Зарина Бакенова өз ойын ортаға салды.
Іс-шара барысында қазақстандық табысты кәсіпкерлер «Печа Куча» форматында өз табыстарының тарихымен бөлісті. Олар дағдарыс кезінде қалай әрекет ету керектігін, клиенттермен қарым-қатынасты қалай құру керек екенін және қалай қиындықтан қашпай, алға жылжу керек екенін айтып берді.
Шараның екінші бөлімінде БҚО аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының қызметін атқарушы Марат Нұргуатов аймақты дамытудың басым бағдарламалары мен мемлекет ұсынып отырған, кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы баяндады.
Одан кейінгі үш сағатта форум қатысушылары еліміздің жетекші тәлімгерлерінен екі шеберлік сабағын алды. Виктория Аншакованың «Кәсіпкерлікке дайындық» шеберлік сабағында олар бизнес-идеяларды түрлендіру мен коммерцияландыруды үйренсе, Қайсар Мақанның нетворкинг туралы шеберлік сабағында контактілер желісі арқылы серіктестер мен клиенттерді іздеу жолдарын және бизнесіңнің тарихын «тәтті» жеткізудің жолдарын білді.
«Даму» қоры мен екінші деңгейлі банк өкілдері «Қаржыландыруға қалай қол жеткізуге болады?» панельдік сессиясында кәсіпкерлерге қаржыландыру көздері мен осы бағыттағы өз жобалары туралы айтып берді.
«От таксиста до миллионера» кітабының авторы Тимур Худайбергенов көптеген жандарға шабыт берген өз тарихымен бөлісті. Форум қатысушылары «Импульс» бизнес-клубының негізін қалаушы Денис Давыдовтың «Жеке стратегия» шеберлік сабағында жеке брендтің қалай құрылатыны туралы мәлімет алды.
Күннің соңында форум қорытындысы жасалып, жеңімпаздар марапатталды және қатысушылармен еркін пікірталас өтті, мұнда олар іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісе алды.
ЕҚДБ туралы
ЕҚДБ-ның «Шағын бизнеске кеңес» бағдарламасы шығындарды бөлу қағидаты негізінде отандық кеңесшілерді жұмылдыра отырып, кеңес беру қызметтерін алуда микро, шағын және орта кәсіпорындарға (МШОК) көмектеседі. ЕҚДБ 1998 жылдан бері кеңес беру қызметін көрсету бойынша 2200-ден астам жобаны жүзеге асыра отырып және кәсіпорындардың дамуына қажетті тәжірибелік дағдылар мен білімді кәсіпорындарға ұсына отырып, Қазақстанның ШОБ-не қолдау көрсетуде. Бүгінге дейін ЕҚДБ Қазақстан экономикасына 8,7 млрд-тан астам АҚШ долларын инвестициялады.
Shell LiveWIRE бағдарламасы туралы
Shell LiveWIRE бағдарламасы біздің оперативтік бөлімшелер бар елдерде бизнестің дамуын қолдайды. Shell LiveWIRE бағдарламасы 18 қатысушы-елде кәсіпкерлерге өз идеяларын тұрақты табыс көзіне айналдырауға, жұмыс орындарын ашуға көмектесіп, жергілікті деңгейде экономикалық өсімді ынталандыра отырып, өз бизнесін бастауға көмектеседі. 1982 жылдан бері бағдарлама 9,2 миллионнан астам жас кәсіпкерге көмек берді. 2018 жылдан бері бұл бағдарлама еліміздің аумағында жергілікті кәсіпорындарға қосымша мүмкіндіктер бере отырып, іске қосылды.
Бағдарлама іскерлік дағдыларды дамытуға жәрдем береді, оқытады және семинарлар өткізеді, сондай-ақ жергілікті экономикаға жағымды әсер ететін секторларда кәсіпкерлерді марапаттайды әрі байланыстырады. Сонымен қатар бағдарлама қаржыға қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдетуге, бизнесті дамытуға, жылдамдатуға, нарыққа, технологияға және тәлімгерлікке көмектеседі.
Шелл туралы
«Шелл» – энергетикалық және мұнай-химиялық компанияларды біріктіретін халықаралық концерн, штаб пәтері Нидерландыдағы Гаага қаласында орналасқан. Қазір «Шелл» Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі. «Шелл» концерні төрт жобаға қатысады. Бұл Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлу келісімі (ӨБК) (қатысу үлесі 16.81%), Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Меруерттер» лицензиялық телімін әзірлеу жөніндегі ӨБК (қатысу үлесі - 55%), Қарашығанақ кен орны өнімдерін бөлісу туралы соңғы келісім (қатысу үлесі - 29.25%) және Қазақстанның мұнай қорын әлемдік нарықтармен байланыстырушы Каспий Құбыр Консорциумы (қатысу үлесі - 7.4%). www.shell.com
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласыңыздар: 8 (7172) 76 98 56, +77015263050, email: media@askredpoint.com
13 сентября Группа поддержки малого бизнеса ЕБРР в Казахстане совместно с компанией «Шелл Казахстан» реализовали уникальный проект для предпринимателей Западно-Казахстанской области – Форум «Марафон успеха».
Данный проект прошел в рамках программы «Shell LiveWIRE», направленной на поддержку и развитие инновационных и бизнес идей начинающих предпринимателей Западно-Казахстанской области. Целью проекта является развитие управленческих знаний и навыков предпринимателей, содействие самозанятости местного населения, повышение конкурентоспособности, потенциала и эффективности ведения бизнеса. Кроме того, проект охватывает развитие инкубационных, акселерационных программ для стартапов, развитие рынка консультационных и тренинговых услуг через повышение квалификации консультантов и тренеров.
Данный форум стал уникальной возможностью для предпринимателей повысить управленческие знания и навыки, так как для них были проведены различные обучающие курсы по ведению бизнеса.
На торжественном открытии форума с приветственным словом выступил заместитель акима Западно-Казахстанской области Миржан Сатканов. Он отметил, что подобные проекты очень значимы для повышения экономического потенциала региона и такие крупные компании, как «Шелл Казахстан» и ЕБРР, вносят неоценимый вклад в развитие области и страны в целом.
Менеджер программы ЕБРР по поддержке малого бизнеса в Казахстане Алма Касымова в своей речи рассказала подробно об условиях и этапах проекта и выразила надежду, что к завершению проекта в октябре 2018 года не менее 15 участников будут иметь бизнес-проекты, готовые к реализации и финансированию через доступные программы по поддержке МСБ государственных и международных организаций. «Как показывает опыт проведения подобных программ, даже те участники, которые проходят всего два-три модуля, но в силу каких-либо причин не завершают свои бизнес-проекты, отмечают качественный рост своих профессиональных компетенций и стараются использовать полученные знания в свою работу», – отметила она.
Директор по связям с правительством и общественностью «Шелл Казахстан» Зарина Бакенова продолжила торжественную часть форума и остановилась подробнее на социальных проектах, реализуемых компанией. «Глобальная программа Shell LiveWIRE помогает молодым предпринимателям начать собственный бизнес. Программа в настоящее время работает в 18 странах мира. C 1982 года программа поддержала более 9,2 млн. молодых предпринимателей. С 2018 года мы запустили данную программу на территории нашей страны, предоставляя дополнительные возможности местным предприятиям», – поделилась Зарина Бакенова.
В продолжение мероприятия успешные казахстанские предприниматели в формате «Печа Куча» поделились с участниками историями своего успеха. Они рассказали о том, как действовать в условиях кризиса, как выстраивать отношения с клиентами и как не отступать перед трудностями и двигаться вперед.
Во второй части мероприятия и. о. директора региональной палаты предпринимателей по ЗКО Марат Нургуатов рассказал о приоритетных программах развития региона и мерах поддержки предпринимателей, предоставляемых государством.
Следующие три часа участники форума имели возможность пройти два мастер-класса от ведущих тренеров страны. На мастер-классе «Готовность к предпринимательству» Виктории Аншаковой они учились генерировать и коммерциализировать бизнес-идеи, а на мастер-классе Кайсара Макан по нетворкингу узнали о способах поиска партнеров и клиентов через сеть контактов и способах «вкусной» подачи истории своего бизнеса.
Представители Фонда «Даму» и банков второго уровня на панельной сессии «Как получить финансирование?» рассказали предпринимателям о возможных источниках финансирования и своих проектах в этом направлении.
Тимур Худайбергенов, автор книги «От таксиста до миллионера» поделился своей личной историей, которая, вдохновила многих. Участники форума имели возможность узнать, как создается личный бренд на мастер-классе «Личная стратегия» Дениса Давыдова, основателя бизнес-клуба «Импульс».
В конце дня состоялось подведение итогов форума, награждение победителей и свободная дискуссия с участниками, где они могли дать обратную связь и поделиться впечатлениями о мероприятии.
О ЕБРР
Программа ЕБРР «Консультации для малого бизнеса» помогает микро, малым и средним предприятиям (ММСП) в получении консультационных услуг, привлекая для этого отечественных консультантов на основе принципа разделения расходов. ЕБРР оказывает поддержку МСП Казахстана с 1998 г., реализовав более 2200 проектов по оказанию консультационных услуг и предоставляя предприятиям практические навыки и знания, необходимые для их развития. На сегодняшний день ЕБРР инвестировал в экономику Казахстана более 8,7 млрд. долларов США.
О программе Shell LiveWIRE
Программа Shell LiveWIRE поддерживает развитие бизнеса в странах, где мы имеем оперативные подразделения. Программа Shell LiveWIRE помогает предпринимателям начать собственный бизнес, превращая свои идеи в устойчивые источники дохода, помогая создавать рабочие места и стимулировать экономический рост на местном уровне в 18 странах-участницах. C 1982 года программа поддержала более 9,2 млн. молодых предпринимателей. С 2018 года данная программа была запущена на территории нашей страны, предоставляя дополнительные возможности местным предприятиям.
Программа помогает развивать деловые навыки, обучает и проводит семинары, а также награждает и связывает предпринимателей с возможностями в секторах, которые благоприятствует местной экономике. Программа также помогает облегчить доступ к финансам, развитию, ускорению бизнеса, доступу на рынки, технологии и наставничества.
О Шелл
«Шелл» – международный концерн, объединяющий энергетические и нефтехимические компании, штаб-квартира которого расположена в г. Гаага, Нидерланды. В настоящее время, «Шелл» является одним из крупнейших иностранных инвесторов в экономику Казахстана. Концерн «Шелл» принимает участие в четырех проектах. Это Соглашение о разделе продукции (СРП) по Северному Каспию (доля участия 16.81%), СРП по разработке лицензионного участка «Жемчужина» в казахстанском секторе Каспийского моря (доля участия - 55%), Окончательное соглашение о разделе продукции Карачаганакского месторождения (доля участия - 29.25%), и Каспийский Трубопроводный Консорциум (доля участия - 7.4%), связывающая запасы нефти Казахстана с мировыми рынками. www.shell.com
За дополнительной информацией обращайтесь по телефонам: 8 (7172) 76 98 56, +77015263050, email: media@askredpoint.com