Пресс-релизы
Астанада жастарға арналған фестиваль өтуде
В Астане проходит фестиваль науки для молодежи
2019 жыл 2 наурыз күні Астанада British Council (Британдық Кеңес) ұйымы Назарбаев Университетімен, «Ғылым қоры» АҚ-мен және OYLA ғылыми-көпшілік жорналымен бірлесе отырып ұйымдастырған Astana Science Festival ғылым фестивалі өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты – жастардың арасында ғылым мен технологияларды насихаттау.
Astana Science Festival шеңберінде мектеп оқушылары арасындағы Science Stars ғылыми конкурсының және Қазақстанның жас ғалымдарының арасында «Шеврон» компаниясымен бірлестікте ұйымдастырылған FameLab халықаралық конкурсының финалдары өтті. Іс-шараға келушілер сондай-ақ интербелсенді дәрістер кезінде ғылым мен ғалымдар туралы қызғылықты жайттарды білді, Назарбаев Университетінің зертханаларына барып, OYLA ғылыми-көпшілік жорналы ұйымдастырған Ашық зертханалық жұмыс барысында өздерінің ғылыми білімдерін тексере алды.
Фестивальда шақырылған қонақтар шығып сөйледі, олардың қатарында:
- Ольга Добровидова, ғылыми және экологиялық жорналшы, GEO, Russia Beyond the Headlines, Nature және басқа басылымдардың штаттан тыс авторы.
- Алексей Иванченко, ресейлік белгілі құрылымдаушы инженер, «Галилео» телебағдарламасының жүргізушісі;
- Виталий Егоров, ғарышкерлік идеяларының белгілі таратушысы, ғарыштық зерттеулердің ынтагері, блогер, жорналшы, ғылыми-көпшілік жазушы.
«Ғылым қоры» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ануарбек Жәлелұлы Сұлтанғазин: «Мемлекет Қазақстанда ғылымды, технологиялар мен инновацияларды дамыту үшін айтарлықтай қаражат бөледі, алайда осы құйылған қаражаттың бәрі тек егер біз ғылым мен инновацияларға жастарды тарта алсақ, қуаттың жаңа ағынын құйып, балаларымыздың дарынын аша алсақ қана тиімді болады. Бұл істе тек материалдық ынталандыру ғана емес, сонымен қатар жұртшылықтың ғылымға деген ынтасын да қалыптастыру қажет, себебі адамзаттың ілгерілеуі ғылым мен технологиялардағы жетістіктермен және жеңістермен тығыз байланысты емес пе. Біздің жастар қазіргі заманғы әлемнен түбірінен өзгеше әлемде өмір сүретін болады, сондықтан біз оларға болашаққа дайындалып, өздерін сенімді сезінуге көмектесу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз».
Astana Science Festival – Британдық Кеңестің жастардың арасында ғылымды насихаттау бойынша бағдарламасының бір бөлігі.
Қосымша ақпарат алу үшін қажетті байланыс деректері:
Елена Сим
Британдық Кеңес
Тел.: +7 701 765 05 10
Эл. мекенжайы: Elena.Sim@kz.britishcouncil.org
British Council (Британдық Кеңес) – бұл Біріккен Корольдіктің мәдени қарым-қатынас және білім беру мүмкіндіктері саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымы. Біз Біріккен Корольдіктің және басқа елдердің арасында ынтымақтастық құру және өзара түсіністікті нығайту үшін достық ахуал жасауға ықпалдасамыз. Біз мүмкіндіктер жасап, байланыстар орнатып және өзара сенім қарым-қатынасын дамыта отырып Біріккен Корольдіктің және басқа елдердің дамуына оң үлес қосуға және адамдардың өмірін жақсы жағына қарай өзгертуге ұмтыламыз. Біз дүние жүзі бойынша 100-ден астам елде өнер мен мәдениет, ағылшын тілі, білім беру және азаматтық қоғамды дамыту саласында жұмыс істейміз. Жыл сайын біз іс-шараларымыз арқылы 75 миллионнан астам адамды және онлайн-арналар мен БАҚ арқылы 758 миллионнан астам адамды тартамыз.Біз 1934 жылы Король жарғысына сәйкес негізі қаланған Біріккен Корольдіктің қайырымдылық ұйымы, сондай-ақ Біріккен Корольдіктің көпшілік билігінің органы боламыз. Біздің кірісіміздің басым бөлігі ағылшын тілін оқыту және емтихан өткізу жөніндегі жобалар мен келісімшарттар қатарының; білім беру және дамыту саласында жобаларды іске асыру жөніндегі келісімшарттардың есебінен, сондай-ақ мемлекеттік және жеке кәсіпорындармен жасалған әріптестіктің есебінен түседі. Бізге арналған қаржыландырудың 15 пайызы Ұлыбритания үкіметінен түседі. www.britishcouncil.kz
2 марта 2019 года в Астане прошел фестиваль науки Astana Science Festival, организованный British Council (Британским Советом) в партнерстве с Назарбаев Университетом, АО «Фонд науки» и научно-популярным журналом OYLA. Основная цель фестиваля – популяризация науки и технологий среди молодежи.
В рамках Astana Science Festival прошли финалы научного конкурса среди школьников Science Stars и международного конкурса среди молодых ученых Казахстана FameLab, организованных в партнерстве с компанией «Шеврон». Посетители мероприятия также смогли узнать интересные факты о науке и ученых во время интерактивных лекций, посетить лаборатории Назарбаев Университета и проверить свои научные знания в ходе Открытой лабораторной, организованной научно-популярным журналом OYLA.
На фестивале выступили приглашенные гости, в том числе:
- Ольга Добровидова, научный и экологический журналист, внештатный автор GEO, Russia Beyond the Headlines, Nature и других изданий;
- Алексей Иванченко, известный российский инженер-конструктор, ведущей телепрограммы «Галилео»;
- Виталий Егоров, известный популяризатор космонавтики, энтузиаст космических исследований, блогер, журналист, научно-популярный писатель.
Председатель Правления АО "Фонд науки" Ануарбек Жалелович Султангазин: «Государство выделяет значительные средства для развития науки, технологий и инноваций в Казахстане, однако все эти вложения будут эффективны только если мы сможем привлечь в науку и инновации молодежь, влить новый мощный поток энергии, раскрыть таланты наших детей. В этом деле нужны не только материальные стимулы, но и формирование общественного интереса к науке, ведь прогресс человечества тесно связан с достижениями и триумфами в науке и технологиях. Наша молодежь будет жить в кардинально отличающемся от современного мире, и мы должны сделать все от нас зависящее, чтобы помочь им подготовиться и уверенно себя чувствовать в будущем».
Astana Science Festival является частью программы Британского Совета по популяризации науки среди молодежи.
Контакты для получения дополнительной информации:
Елена Сим
Британский Совет
Тел.: +7 701 765 05 10
Эл. адрес: Elena.Sim@kz.britishcouncil.org
British Council (Британский Совет) – международная организация Соединенного Королевства по налаживанию культурных отношений и созданию образовательных возможностей. Мы работаем в более чем 100 странах в сфере искусства, культуры, английского языка, образования и гражданского общества. В прошлом году мы работали с 75 миллионами людей напрямую и достигли 758 миллионов людей посредством онлайн, ТВ, радио и публикаций. Мы способствуем позитивным изменениям в тех странах, с которыми мы сотрудничаем, и меняем жизни людей, создавая возможности, налаживая связи и укрепляя доверие. Основанные в 1934 году, мы являемся британской благотворительной организацией, регулируемой Королевским уставом, и британским органом публичной власти. Мы получаем 15 процентов основного финансирования в виде гранта от правительства Соединенного Королевства. www.britishcouncil.kz.