Пресс-релизы
Теңізде мұнайшылар Теңізшевройлмен (ТШО) өзара байланыстың мәселелік сұрақтарын ортаға салды және қазақстандық қамтуды ұлғайту бойынша шаралар ұсынды Нефтяники на Тенгизе озвучили проблемные вопросы взаимодействия с Тенгизшевройл (ТШО) и предлагали меры по увеличению казахстанского содержания
Казэнерджи қауымдастығы мен “Атамекен” ҰКП құрған Стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес (Petrocouncil) Теңіз кен орнында “ТШО мердігерлерінің және қосалқы мердігерлерінің өзара байланысы: өндірістегі синергия” кеңейтілген дөңгелек үстелін өткізді. ТШО менеджерлері, бас мердігерлері және олардың қосалқы мердігерлері – 100-ден аса адам мерзімі жеткен мәселелерді ортаға салу үшін вахталық кенттің Ватернас залында жиналды.
Іс-шараны ҚР “Атамекен” ҰКП мұнай-газ операторларымен (ТШО, НКОК, ҚПО) өзара байланыс жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жакиев ашты. Ортаға салынған көкейкесті мәселелер - өнеркәсіптік қарым-қатынастар, кадрларды дамыту және көрсетілген жұмыстар мен қызметтер үшін ақының уақтылы төленуі сұрақтары болды. Кездесудің объективтілігіне ықпал ету тәуекелін төмендету үшін Petrocouncil қызметкерлері компаниялардың сұрақтарды аты-жөнін көрсетпей берулерін ұсынды. Осылай, компаниялар келіссөздер жүргізу және мерзімі жеткен мәселелерді шешу үшін конструктивті және қауіпсіз алаңға ие болды.
Мысалға, компаниялардың бірі жаңа жобалардың барлығында жабдықтар мен материалдарды жеткізу бойынша ТШО жинақтаған тәжірибесін барынша пайдаланумен және жергілікті персоналды қатыстырумен ТШО компаниясының жобалық дизайн-кеңселерін Қазақстан Республикасына орын ауыстыруды ұсынды. Бүгінгі таңда ККЖ бойынша негізгі жобалық жұмыстар Қазақстан Республикасынан тысқары, Еуропа мен Солтүстік Америка аумақтарында ғана шығарылатын материалдар мен жабдықтар пайдаланылып орындалатындықтан, отандық компаниялардың жағдайы басынан-ақ тиімсіз.
Кездесу барысында айтылған тағы бір мәселе - ол жобалау кезінде пайдаланылатын ТШО спецификациялары. Олар америкалық, еуропалық және қазақстандық стандарттарға негізделген және осының салдарынан спецификациялардың мәтіндері кей тұстарында бір-біріне қайшы келеді, орындалуға келмейтін талаптар бар, қосымша нақтылауды және келісуді (әрбір келісімшарт бойынша жеке-жеке), персоналдың біліктілігін халықаралық растауды қажет етеді, бұл да жұмыстардың ұзақтығы мен құнына әсер етеді.
ТШО мердігерлері және қосалқы мердігерлері жобалау спецификацияларындағы сәйкессіздіктерді жою үшін бір тараптан ТШО және екінші тараптан “Атамекен” ҰКП мен Казэнерджи қауымдастығының, сонымен қатар Қазақстан машинажасаушылар одағының өкілетті инженерлері мен мамандары қатысатын жұмыс тобын құруды ұсынды.
Сұхбат шеңберінде, сонымен қатар, ТШО қосалқы мердігелерінің бір бөлігі Еуропа қайта құру және даму банкінің ШОБ қолдау бағдарламалары туралы білмейтіндіктері айқындалды. Бұл бағдарламалар консультанттар тартуға және компанялардың менеджерлерін оқытуға жұмсалатын шығыстардың 85%-ын жабуды қарастырады.
Өткізілген кездесудің арқасында ТШО мердігерлері және қосалқы мердігерлері болып табылатын компаниялар жобаның дамуына қатысты барлық қажетті ақпаратты алды. Өз кезегінде, ТШО менеджерлері жобаны жүзеге асырып жатқан қосалқы мердігерлердің ой-пікірлерін естіп білді. Келесі осындай кездесу бірнеше айдан соң Атырауда өтеді.
Мұнай-газ саласындағы Стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесі (Petrocouncil) «Атамекен» ҰКП мен «KAZENERGY» қауымдастығының аясында құрылған, «Атамекен» ҰКП мен «KAZENERGY» Энергетика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, PSA және басқа мүдделі құрылымдардың қатысуымен жұмыс атқаратын одақтардың, кеңестердің және басқа альянстардың іс-әрекеттерін үйлестіретін заңды тұлғалардың консультациялық-кеңестік бірлестігі болып табылады. Кеңес шоғырландырылған жұмыстың тиімділігін арттыруды және іс-әрекеттердің қосарлануын болдырмауды көздейді. Бұдан басқа, бірлестік мұнай сервисі компанияларының және мұнай-газ нарығы операторларының мүдделерін білдіреді және ілгерілетеді.
Совет по развитию стратегических партнерств (Petrocouncil), созданный Ассоциацией Казэнерджи и НПП Атамекен, провел расширенный круглый стол “Взаимодействие подрядчиков и субподрядчиков ТШО: синергия в производстве” на Тенгизском месторождении. Менеджеры ТШО, генеральные подрядчики, и их субподрядчики – всего более 100 человек собрались в зале вахтового поселка Ватернас, чтобы обсудить наболевшие вопросы.
Открыл мероприятие Официальный представитель НПП РК “Атамекен” по взаимодействию с нефтегазовыми операторами (ТШО, НКОК, КПО) и развитию нефтесервиса, Асылбек Джакиев. Наиболее актуальными вопросами были: промышленные взаимоотношения, развитие кадров и своевременность выплат за оказанные работы или услуги. Для того, чтобы снизить риск влияния на объективность встречи, сотрудники Petrocouncil предложили компаниям озвучить вопросы анонимно. Таким образом, компании получили конструктивную и безопасную площадку для переговоров и решения наболевших вопросов.
Заместитель директора проекта ПБР – ПУУД Айдар Досбаев выслушал подрядные и субподрядные организации и пообещал ответить на все вопросы и предложения, через площадку Petrocouncil. К примеру, одна из компаний предложила переместить проектные дизайн-офисы ТШО в Республику Казахстан, с максимальным использованием во всех новых проектах накопленного опыта ТШО в части поставок оборудования и материалов, и задействованием местного персонала. Так как сегодня основные проектные работы по ПБР выполняются за пределами Республики Казахстан, с использованием материалов и оборудования выпускаемых только на территории Европы и Северной Америки, отечественные компании уже изначально оказываются в невыгодном положении.
Еще одна проблема, озвученная в ходе встречи – это спецификации ТШО, используемые при проектировании. Они основаны на американских, европейских и казахстанских стандартах и как следствие, местами тексты спецификаций противоречат друг-другу, содержат невыполнимые требования, требуют дополнительных уточнений и согласований (по каждому контракту отдельно), международного подтверждения квалификации персонала, что также влияет на продолжительность и стоимость работ.
Подрядчики и субподрядчики ТШО предлагают организовать рабочую группу, с участием уполномоченных инженеров и специалистов ТШО с одной стороны, и представителей НПП Атамекен и Ассоциаций «Казэнерджи» и «Казсервис», а также Союза машиностроителей Казахстана, с целью устранения несоответствий в проектных спецификациях.
В рамках диалога также выяснилось, что часть субподрядчиков ТШО не знают о программах поддержки МСБ Европейского банка реконструкции и развития. Данные программы предусматривают покрытие до 85% расходов на привлечение консультантов и обучение менеджеров компаний.
Благодаря проведенной встрече, компании подрядчики и субподрядчики ТШО получили всю необходимую информацию, касающуюся развития проекта. В свою очередь, менеджеры ТШО услышали настрой субподрядчиков, осуществляющих проект. Следующая подобная встреча состоится через несколько месяцев в Атырау.
Совет по Развитию Стратегических Партнерств в Нефтегазовой Отрасли (Petrocouncil) это консультационно-совещательное объединение юридических лиц созданное под эгидой НПП РК «Атамекен» и Ассоциации «KAZENERGY», координирующее действия всех союзов, советов и других альянсов, действующих при участии НПП Атамекен, KazEnergy, Министерства Энергетики, Министерства по инвестициям и развитию, PSA и других заинтересованных структур. Совет призван повысить эффективность консолидированной работы и исключить дублирующие действия. Кроме того, объединение представляет и продвигает интересы нефтесервисных компаний и операторов нефтегазового рынка для справедливого и эффективного развития нефтегазового рынка.