Пресс-релизы
«Сарыарқа» газ құбырының 75%-ы тартылды
Построено уже 75% газопровода «Сарыарка»
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жауапкершілігі аясындағы «Сарыарқа» газ құбырының 796,6 шақырымы тартылды. Бұл айтулы жобаның желілік бөлігі құрылысының 75%-н құрайды.
«Сарыарқа» елдің энергетикалық қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, орталық және солтүстік аймақтарды көгілдір отынмен үздіксіз қамти отырып, экологиялық ахуалды жақсартуға тиіс. Болашақта жеке-меншік және шағын коммуналдық қазандықтарды, жер үйлер мен тұрғын үйлерді, жылу-электр орталықтарын біртіндеп газға ауыстыру жоспарлануда.
«ҚазМұнайГаз» жауапкершілігі шеңберіндегі құбырдың желілік бөлігін салу жұмыстарын үстіміздегі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін жергілікті әкімдіктер елді мекендерді, соның ішінде елорданы газбен қамтамасыз ету жұмыстарына кіріспек.
Бүгінде Қызылорда облысында дәнекерлеу-пісіру жұмыстары толықтай аяқталып, Қарағанды және Ақмола облыстарында қарқынды жүріп жатыр. Жобаны іске асыру барысында дәнекерлеу-пісірудің ең озық технологиялары қолданылуда. Озық технологиялар диаметрі 820 мм құбырды тәулігіне 6 шақырымнан аса жылдамдықпен тартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде дәнекерлеу-пісіру кешендері:
- Қарағанды облысында газ құбыры жолының 794-ші шақырымында («Қарағанды» автоматты газ тарату станциясына бұру жүйесін орнату жеріне дейін 14 шақырым) және 844 шақырымында («Қарағанды» бұру жүйесін орнату жерінен кейін 36 шақырым);
- Ақмола облысында газ құбыры жолының 970-ші шақырымында (Қарағанды және Ақмола облыстарының шекарасынан солтүстікке қарай 27 шақырым) және 1056-шы шақырымында («Астана-1» автоматты газ тарату станциясына бұру жүйесін орнату жеріне дейін 5 шақырым) жұмыс істеуде.
Магистральды газ құбырының құрылыс жұмыстарына 2 мыңнан астам адам және 800 бірлік техника жұмылдырылған. Жылжымалы вахталық кенттер жұмысты тәулік бойы жүргізу үшін қажетті жабдықтармен жабдықталды. Қызметкерлер тіршілігі үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Операциялық қызметті акционерлері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ болып табылатын«АстанаГаз ҚМГ» АҚ жүзеге асырады. Құрылыстың бас мердігері болып «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» АҚ айқындалған.
Строители газопровода «Сарыарка», находящегося в зоне ответственности Национальной компании «КазМунайГаз», доложили о прохождении 796,6 километров магистрали. Таким образом уже пройдено 75% от общей протяженности линейной части газопровода.
«Сарыарка» должна повысить уровень энергетической безопасности страны, обеспечить бесперебойное газоснабжние центральных и северных регионов, улучшить экологическую обстановку. В будущем планируется постепенно переводить на газ частные и малые коммунальные котельные, жилые дома и теплоэлектроцентрали.
Срок планируемого окончания работ по строительству линейной части, которая входит в зону ответственности Национальной компании «КазМунайГаз» – конец текущего года. Вслед за этим акиматы планируют приступить к работам по газификации населенных пунктов, в том числе столицы.
Сварочные работы полностью завершены в Кызылординской области и в настоящее время ведутся в Карагандинской и Акмолинской областях. На проекте применяются самые современные технологии сварки, позволяющие прокладывать трубу диаметром 820 мм со скоростью свыше 6 км в сутки.
На сегодня сварочные комплексы работают:
- в Карагандинской области на 794 километре (14 км. до точки врезки отвода на автоматическую газораспределительную станцию «Караганда»), и на 844 километре (36 км. после точки врезки отвода «Караганда») трассы газопровода;
- в Акмолинской области на 970 километре (27 км. севернее границы Карагандинской и Акмолинской областей) и на 1056 километре трассы газопровода (5 км. от точки врезки отвода на автоматическую газораспределительную станцию «Астана-1»).
В строительстве магистрального газопровода задействовано более 2 тысяч человек и 800 единиц техники. Передвижные вахтовые поселки оснащены всем необходимым для круглосуточного осуществления работ, в них созданы хорошие условия жизнеобеспечения персонала. Операционную деятельность осуществляет АО «АстанаГаз КМГ», акционерами которого является АО «ФНБ «Самрук-Казына» и АО «НУХ «Байтерек». Генеральным подрядчиком строительства определен АО «НГСК «КазСтройСервис».