Пресс-релизы
Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер 2019 жылдың үшінші тоқсаны бойынша мәлімет Тенгизшевройл цифры и факты. Итоги третьего квартала 2019 года
Тарих/Қатысушылар:
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- Қазіргі таңда ТШО серіктестері мен олардың үлесі келесідей: «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» ҰҚ" АҚ - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% және «ЛукАрко» - 5%.
Өнім өндіру/Қорлар:
- Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд баррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (7,1 – 10,9 млрд баррель) құрайды. • Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал, табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті.
- 2019 жылдың алғашқы үш тоқсанында мұнай өндіру көлемі 21,97 миллион тоннаны (175,3 млн баррель) құрады
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау:
- 2000 жылдан бері ТШО табиғат қорғау шараларын іске асыруға 3,1 миллиард АҚШ доллар қаржы салған.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 74%-ға азайды.
- 2019 жылдың үшінші жартысы бойынша ТШО өндірілген газдың 98%-ын кәдеге жаратты.
- 2019 жылдың алғашқы үш тоқсанында ТШО-да суды қайта пайдалану көрсеткіші 30%-ды құрады. ТШО тұрмыстық ағын суларды кәдеге жарату, өндірістік мақсатта тазарту және қайта пайдалану арқылы суды үнемдеу бойынша іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.
- ТШО қалдықтардың 25-тен аса түрін қайта өңдеуге жібереді. 2019 жылдың үшінші тоқсаны бойынша ТШО-ның қалдықтарды қайта өңдеудің жалпы көрсеткіші 68,42%-ды құрады.
Өнімді сату:
- 2019 жылдың алғашқы үш тоқсанында ТШО сұйытылған газ сату көлемін шамамен 984 мың тоннадан асырып, құрғақ газ сату көлемін 5,8 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 1,92 миллион тоннадан асырды.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар:
- 1993 жылдан бастап, 2019 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 143 миллиард АҚШ долларынан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2019 жылдың үшінші тоқсаны бойынша ТШО-ның Қазақстанға төлеген тікелей қаржы көлемі 7,7 млрд АҚШ долларынан асты.
- 2019 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 3,4 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады, оның 2,4 миллиард АҚШ долларынан астамы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық компаниялардың 31,7 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау:
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 81% құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмысшыларын есепке алмағанда, ТШО-да қызметкерлердің 88,8% қазақстандықтар құрайды. 1993 жылы бұл көрсеткіш 50% құраған.
- ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 73,1% құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.
Әлеуметтік салаға үлес:
- 1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,8 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады.
- 2019 жылдың «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрады. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады.
- 2019 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау, білім беру салаларына қолдау көрсету және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді.
Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
Жалпы мағлұмат
- 2016 жылы ТШО Серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты қорытында шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- ТШО-ның сәтті жүзеге асқан ШГА/ЕБЗ жобасына негізделген ККЖ мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 миллион тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырмақ. Мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 39 миллион тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды.
- ҰЕҚБЖ кеніштегі ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіреберісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.
Қазақстандық қамту
- Ел аумағында ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында 48 000-нан астам қазақстандық азамат еңбек етеді, бұл Қазақстандағы жоба қызметкерлері жалпы санының 91 пайызын құрайды.
- ТШО қазақстандық компанияларды ККЖ-ҰЕҚБЖ аясындағы жобалау, сатып алу, модуль жасау жұмыстарына жұмылдырды және 2 200-ден астам қазақстандық компанияны алдын ала іріктеуден және 1 200-ден астам компанияны алдын ала квалификациялық бағалаудан өткізді. Жоба басынан бері ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында ҚҚ-ға жұмсалған қаржының жалпы көлемі 7,7 миллиард АҚШ долларын құрады.
Әлем бойынша жоба жұмыстарының барысы
- Жобаның жалпы кестесінің орындалысы 70%-дан асты.
- Жобалау жұмыстарының ілгерілеу көрсеткіші 93%-дан асты.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ жабдықтарының негізгі бөлігі Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Италияда жасалуда. Жабдықтар модульдерге алдын ала орнатылғаннан кейін, олар Теңіз кен орнына түпкілікті жиналып, монтаждалуы үшін тасымалданады.
- Қыркүйек айының соңында ЕРСАЙ-дағы өндірістік алаңынан барлығы 74 құрастырмалы модульдік эстакадасы (ҚМЭ) жөнелтілді.
- 5 газ турбиналы генератордың барлығы Италияның Авенца қаласындағы өндірістік алаңынан сәтті жөнелтілді. Бөлек тасымалданатын жабдықтар мен бөлшектердің Авенцадан жөнелтілуі әлі де жалғасуда.
- Оңтүстік Кореяда құрастырмалы модульдік блоктардың жасалуы жалғасуда. 2019 жылдың қыркүйегінің соңына дейін Оңтүстік Кореядан барлығы 48 модуль жөнелтілді.
Теңіз кен орнындағы жоба жұмыстарының барысы
- Теңіздегі жалпы мақсаттағы қызметтер тобы барлық аса маңызды қызметтерді көрсетуді жалғастыруда. ҮБЗ мен ШГАҮБ-нің 25 кВ қосалқы станциялары іргетас тіректеріне орнатылды.
- Біріктірілген өндірісті басқару орталығының (БӨБО) құрылысы жалғасуда.
- Басқару және электрмен қамту жүйелері: Базалық қосалқы станциясына 110 кВ кернеуі берілді, 30 қыркүйек күні іске қосу-реттеу және жабдықтарға кернеуді беру жұмыстары жалғасты. Қыркүйектің екінші жартысында ККОИ-ның Маңғыстау облысындағы өндірістік алаңынан алғашқы екі бақылау-өлшеу аспаптарын қашықтан басқару блогы жөнелтілді.
- Мұнай жинау жүйесі тобы жоғары қысымды мұнай жинау жүйесінің бірінші кезегін іске қосуға дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
- ҮБЗ-де механикалық/электр жабдықтарын және БӨАжА монтаждау жұмыстары және ҚМЭ мен ҚМБ-лардың орнатылуы жалғасуда.
- 45-аймақта қосалқы станцияны орнату және 1-желі алауотын тұрғызу аяқталды. ҚМЭ-ларды орнату бойынша жұмыс жалғасуда.
История/Участники:
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы:
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 млрд баррелей). • Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 млн кубических футов).
- По состоянию на третий квартал 2019 года объемы добычи сырой нефти составили 21,97 миллиона тонн (175,3 млн баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды:
- С 2000 года ТШО инвестировал 3,1 миллиарда долларов США на реализацию природоохранных мероприятий.
- С 2000 года общий объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 74%.
- Показатель утилизации газа ТШО по состоянию на третий квартал 2019 года составил 98%.
- Общий показатель повторного использования воды в ТШО в первые три квартала 2019 года составил 30%. ТШО продолжает осуществлять меры по экономии водных ресурсов путем утилизации бытовых сточных вод, а также переработки и повторного использования в промышленных целях.
- ТШО передает более 25 видов отходов на переработку. Общая доля переработаных отходов по состоянию на третий квартал 2019 года составила 68,42%.
Реализация продукции:
- В январе – сентябре 2019 года ТШО реализовал более 984 тысяч тонн сжиженного газа, 5,8 миллиарда кубических метров сухого газа, а также более 1,92 миллиона тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан:
- С 1993 года по третий квартал 2019 года прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 143 миллиарда долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- В первые три квартала 2019 года прямые выплаты Республике Казахстан превысили 7,7 миллиарда долларов США.
- По состоянию на третий квартал 2019 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму более 3,4 миллиарда долларов США, включая более 2,4 миллиарда долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 31,7 миллиарда долларов США.
Развитие кадров:
- Совокупный штат основного производства и ПБР-ПУУД состоит на 81% из граждан Казахстана. Без учета персонала ПБР-ПУУД, в штате ТШО 88,8% работников – казахстанцы. В 1993 году этот показатель составлял 50%.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 73,1% от общего числа руководящего состава. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 1,8 миллиарда долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2019 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составил 25 миллионов долларов США, основная часть которого направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2019 году ТШО выделил более 1 миллиона долларов США на поддержку сфер здравоохранения, образования, а также развитие социального предпринимательства в Атырауской области в рамках Программы социальных инвестиций.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
Общие сведения
- В 2016 году партнёры ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), следующего этапа масштабного расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- Исходя из опыта успешной реализации проекта ЗСГ/ ЗВП ТШО, ПБР увеличит объёмы производства примерно на 12 миллионов тонн в год или 260 000 баррелей в сутки. Общий объём производства составит порядка 39 миллионов тонн в год или 850 000 баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.
Казахстанское содержание
- Свыше 48 000 казахстанцев работают на ПБР-ПУУД внутри страны, что составляет 91% от общей численности персонала проекта в Казахстане.
- Компания ТШО привлекла казахстанские организации к участию в ПБР-ПУУД для выполнения работ по проектированию, закупкам и изготовлению модулей. Свыше 2 200 казахстанских компаний приняли участие в предварительном отборе, а более 1 200 компаний прошли предварительную квалификационную оценку. За период с начала реализации проекта расходы ПБР-ПУУД на КС составили 7,7 миллиарда долларов США.
Ход выполнения работ по проекту по всему миру
- Выполнение общего графика проекта составляет более 70%
- Показатель хода выполнения работ по проектированию превысил 93%.
- Основное оборудование для ПБР-ПУУД производится в Республике Казахстан, Южной Корее и Италии. После установки оборудования в модули, последние перевозятся на Тенгизское месторождение для окончательной сборки и монтажа.
- На конец сентября с производственной площадки «Ерсай» будут отгружены в общей сложности 74 сборных модульных эстакад (СМЭ).
- С производственной площадки в г. Авенца (Италия) благополучно отгружены все 5 газотурбинных генераторов (ГТГ). Также в г. Авенца продолжается отгрузка оборудования, поставляемого отдельными местами.
- В Южной Корее продолжаются работы по изготовлению сборных модульных блоков. К концу сентября 2019 г. из Кореи будут отгружены в общей сложности 48 модулей.
Ход работ по проекту в Тенгизе
- В Тенгизе группа общих услуг продолжает обеспечивать все критически необходимые услуги. На фундаментные опоры установлены подстанции 25 кВ ЗТП и ЗСГП.
- Ведутся работы по строительству объединённого центра управления производством (ОЦУП).
- Системы управления и электроснабжения: на РУ 110 кВ подстанции «Базовая» подано напряжение. 30 сентября продолжались пусконаладочные испытания и подача напряжения на оборудование. Во второй половине сентября с производственной площадки ККОИ в Мангистауской области отгружены первые два удаленных блока контроля.
- Группа системы сбора продолжает работы в рамках подготовки к запуску 1-й очереди системы сбора высокого давления.
- На ЗТП продолжаются работы по монтажу механического/ электрического оборудования и контрольно-измерительных приборов. Также ведутся работы по установке СМЭ и СМБ.
- На участке 45 выполнена установка подстанции и факела нитки 1. Продолжается работа по установке СМЭ.