Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ЖАҚ жарамсыз мұнай үшін өтемақы төлеу туралы 18 келісімге қол қойды АО «КазТрансОйл» и ПАО «Транснефть» подписали еще 18 соглашений о выплате компенсации за некондиционную нефть
2019 жылғы сәуір-мамыр айларында «Дружба» магистральдық мұнай құбырлары жүйесіндегі 38 қазақстандық мұнай компаниясының шамамен 699 мың тонна мұнайының ластануымен байланысты орын алған оқиғаны реттеу аясында, «ҚазТрансОйл» АҚ, осы компаниялардың атынан әрекет ететін, «Транснефть» ЖАҚ-пен тағы 18 қазақстандық мұнай компаниясына жарамсыз мұнай үшін өтемақы төлеу туралы келісімге қол қойды.
«Қазақстандық мұнай компанияларына өтемақы төлеу туралы келісімдерге қол қою жұмыстары жалғасуда. Осы жылдың 7 қарашасында біз 14 қазақстандық мұнай компаниясының пайдасына келісім жасадық. Бүгін 18 компанияның мүдделері үшін ұқсас құжаттарға қол қойдық. Қалған 6 компанияның пайдасына келісімдер олар дайын болған кезде жасалады», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы сәуір-мамыр айларында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары шоғырлануына байланысты төтенше жағдай орын алды, ол өз кезегінде жарамсыз мұнайды қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін Усть-Луга портындағы танкерлерге тиеуге әкелді. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы ретінде «Дружба» магистральдық мұнай құбыры жүйесінде мұнайы ластанған 38 қазақстандық мұнай компаниясының атынан әрекет етеді және «Транснефть» ЖАҚ-пен өтемақы төлеу туралы келісімдерге қол қою жұмыстарын жүргізуде.
Анықтама үшін:
«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша жеткізеді: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю) және КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
В рамках урегулирования инцидента, связанного с загрязнением в апреле-мае 2019 года около 699 тыс. тонн нефти 38 казахстанских нефтяных компаний в системе магистрального нефтепровода «Дружба», АО «КазТрансОйл», выступающее от имени указанных компаний, подписало с ПАО «Транснефть» соглашения о выплате компенсации за некондиционную нефть еще 18 казахстанским нефтяным компаниям.
«Работа по подписанию соглашений о выплате компенсации казахстанским нефтяным компаниям продолжается. 7 ноября этого года мы заключили соглашения в пользу 14 казахстанских нефтяных компаний. Сегодня подписали аналогичные документы в интересах 18 компаний. Соглашения в пользу оставшихся 6 компаний будут оформлены по мере их готовности», - сообщил генеральный директор АО «КазТрансОйл» Димаш Досанов.
Напомним, в апреле-мае 2019 года в системе магистральных нефтепроводов ПАО «Транснефть» сложилась чрезвычайная ситуация, связанная с наличием в транспортируемой нефти высоких концентраций хлорорганических соединений, что привело к отгрузке некондиционной нефти для казахстанских грузоотправителей на танкеры в порту Усть-Луга. АО «КазТрансОйл» как национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу выступает от имени 38 казахстанских нефтяных компаний, нефть которых была загрязнена в системе магистрального нефтепровода «Дружба», и проводит работу по подписанию соглашений о выплате компенсации с ПАО «Транснефть».
Для справки:
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты
АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана. Транспортирует нефть на казахстанские нефтеперерабатывающие заводы и на экспорт по 5 направлениям: нефтепроводы «Атырау – Самара» и «Казахстан-Китай», порт Актау (налив нефти в танкеры), железная дорога (налив в цистерны), перевалка в систему КТК.
Департамент по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»