Пресс-релизы
10 жылдың ішінде «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры бойынша 52 млн тонна мұнай тасымалданды За 10 лет по нефтепроводу «Кенкияк-Кумколь» транспортировано 52 млн тонн нефти
Биыл «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырының пайдалана басталғанына он жыл толады. Ұзындығы 794,2 км мұнай тасымалдау бағыты Қазақстан-Қытай стратегиялық құбыр жобасын іске асыру шеңберінде салынды. Ол отандық мұнайды тасымалдау бағыттарын әртараптандыруды көздеді.
Қазақстан-Қытай жобасының бірінші кезеңінде 2006 жылы «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры салынып, пайдалануға берілді. 2009 жылы «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры іске қосылды. Оның салынуы батыс және шығыс Қазақстандағы жекеленген құбыр жүйелерін біріктіруге мүмкіндік берді. Мұнай құбырының трассасы Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағы бойынша өтеді. Нәтижесінде батыс Қазақстан мұнайына Шымкент пен Павлодардағы отандық мұнай өңдеу зауыттарына жол ашылды. Алайда, ең бастысы – Қазақстанда Қытайға бағытталған жаңа мұнай тасымалдау коридоры пайда болды, ол отандық мұнайды экспорттау және ресейлік шикізатты транзиттеу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.
Қазақстан-Қытай бағыты бойынша мұнай тасымалдау жүйесін әрі қарай дамыту үшін 2010 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау үшін заманауи микропроцессорлық жабдықпен жарақталған жаңа «Құмкөл» БМАС салды. Бүгінде «Құмкөл» БМАС «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры бойынша Құмкөл кен орындары тобының және батыс өңірінің мұнайын қабылдайды. 2018 жылы тап осындай жаңғыртылған «Кеңқияқ» БМАС іске қосылды.
Отандық МӨЗ-дерге мұнай тасымалдау көлемдері жыл сайын өсіп келеді. Он жылдың ішінде «Кеңқияқ-Құмкөл» арқылы 52 млн тонна мұнай айдалды. Оның ішінде 24 млн тонна – экспортқа, 28 млн тонна – ішкі нарыққа тасымалданды. Баста «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырының өткізу қабілеті жылына 10 млн тонна мұнай құраған. Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екінші кезегі іске қосылып, «Кеңқияқ-Атырау» учаскесінің реверсі жобасы іске асырылғаннан кейін құбырдың өнімділігі жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғаяды.
Анықтама
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ қоғаммен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
В этом году исполняется десять лет со дня начала эксплуатации нефтепровода «Кенкияк-Кумколь». Нефтетранспортный маршрут протяженностью 794,2 км был построен в рамках реализации стратегического трубопроводного проекта Казахстан-Китай. Он предусматривает диверсификацию направлений транспортировки отечественной нефти.
На первом этапе проекта Казахстан – Китай был построен и введен в эксплуатацию в 2006 году нефтепровод «Атасу – Алашанькоу». В 2009 году запущен нефтепровод «Кенкияк-Кумколь». Его строительство позволило соединить обособленные системы трубопроводов западного и восточного Казахстана. Трасса нефтепровода проходит по территории Актюбинской, Кызылординской, Карагандинской, Восточно-Казахстанской и Алматинской областей. В результате западно-казахстанская нефть получила выход на отечественные нефтеперерабатывающие заводы Шымкента и Павлодара. Но самое главное – у Казахстана появился новый нефтетранспортный коридор на Китай, который существенно расширяет возможности экспорта отечественной нефти и транзита российского сырья.
Для дальнейшего развития системы нефтепроводов по маршруту Казахстан – Китай в 2010 году АО «КазТрансОйл» построило новую ГНПС «Кумколь», оснащенную современным микропроцессорным оборудованием для перекачки нефти. Сегодня ГНПС «Кумколь» принимает нефть Кумкольской группы месторождений и нефти западного региона по нефтепроводу «Кенкияк – Кумколь». Аналогично в 2018 году запущена модернизированная ГНПС «Кенкияк».
Объем транспортировки нефти на отечественные НПЗ ежегодно возрастает. За десять лет через «Кенкияк-Кумколь» перекачано 52 млн тонн нефти. Из них на экспорт – 24 млн тонн, на внутренний рынок - 28 млн тонн. Изначально пропускная способность нефтепровода «Кенкияк-Кумколь» составляла 10 млн тонн нефти в год. После запуска второй очереди нефтепровода Казахстан-Китай и реализации проекта реверса участка «Кенкияк – Атырау» производительность трубопровода увеличится до 20 млн тонн нефти в год.
Справка
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана.
Департамент по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»