Пресс-релизы
ҚазМұнайГаз ТШО мұнайына аванс төлеу жөніндегі мәміле аясындағы міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындады КазМунайГаз досрочно выполнил обязательства в рамках сделки по авансированию нефти ТШО
2019 жылғы 30 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Vitol халықаралық трейдинг компаниясы (бұдан әрі –Vitol) мен халықаралық банктер синдикатынан аванс алу есебінен «Теңізшевройл» ЖШС-нен (бұдан әрі – ТШО) мұнайды жеткізу жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеді.
Аталған міндеттемелерді мерзімнен бұрын өтеу ҚМГ компаниялар тобының қаржылық жағдайын жақсарту, қарыздарын басқару және ақша ағындарын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу нәтижесінде мүмкін болды.
Еске сала кетейік, ҚМГ 2016 жылы халықаралық мұнай трейдерлері арасында ТШО мұнайы көлемінің 20%-ын сату бойынша тендер өткізді. ТШО акционері ретінде оның мұнайын сатып алуға ҚМГ-ның басымдықты құқығы бар. Мұнайды сатып алу құны, жөнелтудің тұрақтылығын қамтамасыз ету және төменгі бағамен ұзақ мерзімді аванс беру тендердің негізгі шарттары болды. Тендердің қорытындысы бойынша ірі халықаралық трейдер болып табылатын Vitol компаниясымен 2020 жылдың сәуір айына дейін 3 млрд доллар аванс сомасына келісімшартқа қол қойылды.
ҚМГ ұзақ мерзімді аванс шеңберінде алынған қаражатты еншілес компанияларды қаржыландыру, Қашаған жобасына инвестиция салу, қарыздарға қызмет көрсету және тағы да басқа мақсаттарға жұмсады.
2017 жылы мұнайды жеткізу жөніндегі міндеттерді ішінара орындағаннан кейін және сәйкесінше аванс сомасы 2 млрд долларға дейін төмендеген соң, ҚМГ 2021 жылдың сәуір айына дейін тағы 1 млрд доллар көлемінде қосымша аванс алды.
Міндеттердің орындалуына қарай аванстың қалдығы бірте-бірте азая түсті. Айталық, 2016 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аванс қалдығы 3 млрд доллар, 2017 жылдың 31 желтоқсанында – 2,75 млрд доллар, 2018 жылдың 31 желтоқсанында – 2,25 млрд доллар, 2019 жылдың 31 наурызында – 1,84 млрд доллар, 2019 жылдың 30 маусымында – 1,05 млрд доллар, 2019 жылдың 30 қыркүйегінде – 404 млн долларды құрады. 2019 жылы аванс қалдығының жедел төмендеуі ҚМГ тарапынан міндеттерді асыра орындауына байланысты болды (асыра орындау көлемі 1,270 млрд долларды құрады).
Аванс толық өтелгеннен кейін мәміленің барлық тараптары арасындағы мұнайды жеткізу жөніндегі келісімшарттардың күші олардың әрекет ету мерзімдеріне дейін (2021 жылдың бірінші жартыжылдығы) сақталатын болады.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі.
30 ноября 2019 года АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ) досрочно выполнило свои контрактные обязательства по поставке нефти от ТОО «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) в счет полученного авансирования от международной трейдинговой компании Vitol (далее – Vitol) и синдиката международных банков.
Досрочное выполнение данных обязательств оказалось возможным благодаря проведению комплекса мероприятий по улучшению финансового состояния, управлению долгами и оптимизации денежных потоков группы компаний КМГ.
Напомним, в 2016 году КМГ провел тендер среди международных нефтяных трейдеров по продаже 20% объемов нефти ТШО, на которые КМГ имеет приоритетное право приобретения как акционер ТШО. Ключевыми условиями тендера были цена покупки нефти, обеспечение стабильности отгрузок и предоставление долгосрочного аванса по низкой стоимости. По результатам тендера контракт был заключен с крупнейшим международным трейдером - компанией Vitol с суммой аванса 3 млрд долларов до апреля 2020 года.
Средства, полученные в рамках долгосрочного авансирования, были использованы КазМунайГазом в том числе для финансирования дочерних компаний, инвестиций в проект Кашаган, обслуживание долгов и на другие цели.
В 2017 году после частичного выполнения обязательств по поставке нефти и, соответственно, снижения суммы аванса до 2 млрд долларов, КМГ получил дополнительный аванс на 1 млрд долларов сроком до апреля 2021 года.
По мере выполнения обязательств остаток аванса постепенно снижался. Так, по состоянию на 31 декабря 2016 года остаток аванса составлял 3 млрд долларов, 31 декабря 2017 года – 2,75 млрд долларов, 31 декабря 2018 года – 2,25 млрд долларов, 31 марта 2019 года – 1,84 млрд долларов, 30 июня 2019 года – 1,05 млрд долларов, 30 сентября 2019 года – 404 млн долларов. Ускоренное снижение остатка аванса в 2019 году обусловлено опережающим выполнением обязательств со стороны КМГ (досрочное выполнение составило 1,270 млрд долларов).
Отметим, что после погашения аванса контракты на поставку нефти между всеми сторонами сделки сохранятся до истечения их сроков действия (первое полугодие 2021 года).
АО «Национальная компания «КазМунайГаз» - казахстанский национальный оператор по разведке, добыче, переработке и транспортировке углеводородов. 90,42% акций АО НК «КазМунайГаз» принадлежит АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», 9,58% – Национальному банку Республики Казахстан.