Пресс-релизы
«Өзен-Атырау-Самара» ММҚ құрылысы кезінде ҚазТрансОйл цифрлық рентгенді қолданадыКазТрансОйл при строительстве МН «Узень-Атырау-Самара» применяет цифровой рентген
«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының құрылысы кезінде цифрлық рентгенді қолданады. Жаңа технологияны қолдану нәтижесінде құбырдағы дәнекерленген жіктің сапасы туралы сараптамалық қорытынды алу уақыты 36 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқартылды.
Мұнай құбырларындағы дәнекерленген қосылыстарды радиографиялық бақылау әдісі құбырдың учаскесіне медициналық аналогия бойынша рентген сәулесін түсіру қағидатына негізделген. Дәнекерленген түйіспеде сәуле түсетін қабық болады. Кейін қабықты шығарады, кептіреді, дефектоскоп арқылы өткізеді де дәнекерленген жікте ақаулардың болуы немесе болмауы туралы қорытынды береді.
«Дәнекерлеу кезінен бастап қорытынды шығарғанға дейін бірнеше тәулік өтуі мүмкін. Осы уақыт ішінде дәнекерлеу бригадасы шамамен 40 түйіспе жасай алады. Салыстыру үшін 80 түйіспе – құбырдың бір шақырымын құрайды. Аналогты рентген сәулелерінен айырмашылығы, цифрлық әдіс кескіндерді шығаруды және кептіруді қажет етпейді. Барлық ақпарат компьютердің мониторында көрсетіледі. Бұл процесті едәуір жылдамдатады. Екі сағат ішінде бригада қандай дәнекерлеуші және қай жерде қате жібергенін толық біледі», - деп түсіндірді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арынов.
Мамандардың пікірінше, мұнай құбырларындағы дәнекерленген қосылыстарды радиографиялық бақылау әдісі ең дәл болып табылады. Бұл дәнекерленген қосылыстардың сапасын тексеру және мұнай және газ құбырларын, өнеркәсіптік құбырларды салу және орнату кезінде ақауларды анықтау үшін қолданылады.
Қазіргі кезде цифрлық рентген Ресейде, Қазақстанда және АҚШ-та қолданылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
АО «КазТрансОйл» при строительстве магистрального нефтепровода «Узень-Атырау-Самара» использует цифровой рентген. В результате применения новой технологии сроки получения экспертного заключения по качеству сварных швов на трубе сократились с 36 до 2 часов.
Метод радиографического контроля сварных соединений на нефтепроводах базируется на принципе просвечивания участка трубы рентгеновскими лучами, по аналогии с медицинским. На сварном стыке лежит пленка, на которую попадает излучение. Впоследствии пленку проявляют, сушат, прогоняют через дефектоскоп и дают заключение о наличии либо отсутствии дефектов на сварном шве.
«С момента сварки до момента выдачи заключения могут пройти не одни сутки. За это время сварочная бригада может совершить порядка 40 стыков. Для сравнения 80 стыков – это один километр трубопровода. В отличие от аналогового рентгена цифровой метод не требует проявки и сушки снимков. Вся информация выводится на монитор компьютера. Это значительно ускоряет процесс. В течение двух часов бригада имеет полное понимание, какой сварщик и где ошибается», - пояснил заместитель генерального директора АО «КазТрансОйл» Сабит Арынов.
По мнению специалистов, метод радиографического контроля сварных соединений на нефтепроводах является одним из самых точных. Он применяется для проверки качества сварных соединений и обнаружения дефектов при строительстве и монтаже магистральных нефте- и газопроводов, промышленных трубопроводов.
В настоящее время цифровой рентген используется в России, Казахстане и США.
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана.
Департамент по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»