Пресс-релизы
ҚазТрансОйл 22 жыл ішінде 2100 км магистральдық мұнай құбырын алмастырдыЗа 22 года КазТрансОйл заменило 2100 км магистрального нефтепровода
«ҚазТрансОйл» АҚ 2015-2019 жылдарға өндірістік бағдарламаны орындауды аяқтады. Өткен кезеңде Компания мұнай құбырларының тұтастығы мен қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге байланысты үлкен жұмыс атқарды.
«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының орынбасары Сәбит Арыновтың ақпараты бойынша қазіргі уақытта магистральдық мұнай құбырларының жалпы ұзындығының 47% - нің пайдалану мерзімі 30 жылдан асады. Компания мұнайды авариясыз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін негізгі шаралар кешенін жүргізеді. Уақытылы құбырішілік диагностиканың және жүргізіліп жатқан жөндеулердің арқасында соңғы 11 жылда «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және авариялық жағдайларды төмендету бойынша ахуал айтарлықтай жақсарды. Сенімділікті арттырумен бірге компания 2009 жылдан бастап 2019 жылға дейін электр энергиясын тұтынуды 35 млн кВт/сағатқа немесе 11% - ке төмендетті, газ шығыны 63 млн текше метрге немесе 40% - ке азайды. Бұл ретте магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнайдың жүк айналымы 11 жыл ішінде 4 млрд тонна-километрге немесе 12% - ке ұлғайды.
«1997 жылдан бастап мұнай құбырларының барлық жүйесі бойынша жалпы ұзындығы 2100 км-ден астам құбыр жолдары ауыстырылды. Тек соңғы бес жылда ұзындығы 412 км учаскелерді ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізді. 2020-2024 жылдары 396 км трассаны ауыстыру жоспарланған, бұл компанияның мұнай құбырларының жалпы ұзындығының 7%-ін құрайды», - деп хабарлайды Сәбит Арынов.
2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде Н. Шманов атындағы, «Барсенгір», «Қаражанбас», «Жұмағалиев» атындағы, «Атасу» және т.б мұнай айдау станцияларындағы өз мерзімін өтеген 40 сорғы агрегаттарын қазіргі заманғы аналогтарға ауыстыруды іске асырды. Технологиялық процестерді автоматтандыру бағыты бойынша «Өзен-Атырау – Самара» ММҚ 1235 км - де ҚТП (қабылдау-тапсыру пункті) пайдалануға берілді, Павлодар БМАС, Шымкент ҚТП-та мұнай сапасының көрсеткіштері мен мөлшерін өлшеу жүйесі жаңғыртылды, 6 объектіде периметралды бейнебақылау жүйесі енгізілді, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласындағы бірыңғай орталықтан диспетчерлік басқаруды орталықтандыру бойынша айтулы жоба аяқталды.
Компания объектілерін өндірістік-технологиялық байланыспен қамтамасыз ету үшін шығыс өңірінің талшықты-оптикалық байланыс желісі, магистральдық мұнай құбырларының бойындағы транкингтік радиобайланысы жаңғыртылды, өзіндік қызмет көрсетілмейтін байланыс тораптары салынды.
2019 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ күрделі салымдар бойынша жоспарды 95%-ке орындады, бұл ақшалай мәнде 41,1 млрд теңгені құрайды. Қаражат өндірістік активтерді сенімді және қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мәселен, өткен жылы жоспардағы 1577 ақаудың орнына 1644 аса қауіпті ақау жойылды.
Жалпы ұзындығы 1044 км магистральдық мұнай құбырларының құбырішілік диагностикасы орындалды.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан. 5 бағыт бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу.
Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау 36 мұнай айдау станцияларымен, 218 сорғы агрегаттарымен, 7 мұнай жылыту станцияларымен, 67 мұнай жылыту пештерімен, жалпы көлемі 1 386,0 мың текше метр мұнайды сақтауға арналған резервуарлық парктермен қамтамасыз етіледі. Мұнайды ауыстырып құю 4 ағызу-құю теміржол эстакадаларымен, Ақтау портының теңіз мұнай құю терминалының 3 айлағында орнатылған танкерлерге мұнайды құю жөніндегі тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
АО «КазТрансОйл» завершило выполнение производственной программы на 2015-2019 годы. За прошедший период компания проделала огромную работу, связанную с обеспечением целостности и безопасной эксплуатации нефтепроводов.
По информации заместителя генерального директора АО «КазТрансОйл» Сабита Арынова, в настоящее время срок эксплуатации 47% от общей протяженности магистральных нефтепроводов превышает 30 лет. Для поддержания безаварийной транспортировки нефти компания проводит комплекс мер. Благодаря своевременной внутритрубной диагностике и проводимым ремонтам за последние 11 лет значительно улучшилась ситуация по обеспечению бесперебойной работы магистральных нефтепроводов АО «КазТрансОйл» и снижению аварийных ситуаций. Вместе с повышением надежности компания с 2009 по 2019 годы снизила потребление электроэнергии на 35 млн кВт/час, или на 11%, расход газа уменьшился на 63 млн кубометров, или на 40%. При этом грузооборот нефти по магистральным нефтепроводам за 11 лет увеличился на 4 млрд тонно-километров, или на 12%.
«Начиная с 1997 года по всей системе нефтепроводов были заменены участки трубопроводов общей протяженностью более 2100 км. Только за последние пять лет проведены работы по замене участков протяженностью 412 км. На 2020-2024 годы запланирована замена еще 396 км трассы, что составляет 7% от общей протяженности нефтепроводов компании», - сообщил Сабит Арынов.
В период с 2015 по 2019 годы произведена замена 40 отработавших свой срок насосных агрегатов на более современные аналоги на нефтеперекачивающих станциях им. Н.Шманова, «Барсенгир», «Каражанбас», им. Джумагалиева, «Атасу» и других.
По направлению автоматизации технологических процессов, введены в эксплуатацию ПСП (приемо-сдаточный пункт) на 1235 км МН «Узень - Атырау - Самара», модернизированы системы измерения количества и показателей качества нефти ГНПС Павлодар, ПСП Шымкент, внедрены системы периметрального видеонаблюдения на 6 объектах, а также завершен знаковый проект по централизации диспетчерского управления из единого центра в г. Нур-Султан.
Для обеспечения объектов компании производственно-технологической связью была проведена модернизация волоконно-оптической линии связи восточного региона, транкинговой радиосвязи вдоль магистральных нефтепроводов, построены собственные необслуживаемые узлы связи.
За 2019 год план по капитальным вложениям АО «КазТрансОйл» исполнен на 95%, что в денежном выражении составляет 41,1 млрд тенге. Средства направлены на обеспечение надежной и безопасной эксплуатации производственных активов, а также бесперебойной транспортировки нефти по системе магистральных нефтепроводов. Так, в прошлом году при плане 1577 дефектов устранено 1644 наиболее опасных дефектов. Выполнена внутритрубная диагностика магистральных нефтепроводов общей протяженностью 1044 км.
Справка:
АО «КазТрансОйл» – национальный оператор АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты
АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской и Актюбинской областях Казахстана. Транспортирует нефть на казахстанские нефтеперерабатывающие заводы и на экспорт по 5 направлениям: нефтепроводы «Атырау – Самара» и «Казахстан-Китай», порт Актау (налив нефти в танкеры), железная дорога (налив в цистерны), перевалка в систему КТК.
Транспортировка нефти по магистральным нефтепроводам обеспечивается 36 нефтеперекачивающими станциями, 218 насосными агрегатами, 7 станциями подогрева нефти, 67 печами подогрева нефти, резервуарным парком для хранения нефти общим объемом 1 386,0 тыс. кубометров. Перевалка нефти обеспечивается 4 сливо-наливными железнодорожными эстакадами, соответствующим оборудованием по наливу нефти в танкеры, установленным на 3 причалах морского нефтеналивного терминала порта Актау.
Департамент по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»