Пресс-релизы
TechGeneration техникалық шығармашылық фестивалі «Шеврон» компаниясының демеушілігімен өтеді
TechGeneration фестиваль технического творчества пройдет при содействии компании «Шеврон»
Астана, Қазақстан, 17 маусым 2017 ж. (М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы, 9.00 – 18.00) «ҚазРоботикс» қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, сондай-ақ «Шеврон» компаниясы, Америкалық бұрыш және Мейкер Спейс Астана, М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайының қолдауымен TechGeneration техникалық шығармашылық фестивалі аясында Астана қаласының робот техникасы бойынша іріктеу чемпионаты өтеді. Фестиваль барысында қызықты роботтар “жекпе-жегі”, минидрондар жарысы, робот сумо күресшілерінің айқасы; LittleBits, 3D басып шығару, жел диірмендерін, күн батареяларын және физикалық тізбектер макеттерін жинау бойынша шеберлік сыныптары өтеді.
Бұл шара әлдеқашан жұмысын бастап, қазақстандықтарға жоғары технологиялар саласындағы қазіргі заманғы ғылымның жетістіктерін көруге айрықша мүмкіндік берген «Астана ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесіне орай ұйымдастырылып отыр. Қазақстандық оқушылар да отандық технологиялардың дамуына өз үлесін қосуда, олар көптеген биіктерді бағындырып үлгерді және робот техникасы саласында жұмыстарын лайықты деңгейде ұсына алады.
«Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестиция бағдарламалары жөніндегі супервайзері Лейла Айтмуханова: «Шеврон» компаниясы Қазақстанға келген алғашқы күнінен бастап жергілікті халықтың шығармашылық және техникалық дамуына үлкен мән беруде. Әлеуметтік инвестициялар аясында біз жастарға арналған көптеген техникалық білім бағдарламаларын қолдаймыз, соның ішінде, интерактивті жоба жасауға бағдарланған нақты ғылымдарының мүмкіндіктерін көрсету арқылы Қазақстан жастарына кәсіп анықтауға көмек болатын осы жобаны қаржыландырып отырмыз», - деп атап өтті.
Чемпионаттың бастамашысы әрі ұйымдастырушысы «ҚазРоботикс» қоғамдық бірлестігі 2015 жылдың маусымынан бері қызмет етіп келеді және Қазақстанның жас робот техниктерін біріктіретін коммерциялық емес ұйым. Федерация мүшелері қоғамдық жұмыспен айналысуда, олар – өз еліне инженерлік-техникалық кадрлардың жаңа буынын әзірлеуге көмектескісі келетін белсенді азаматтар мен энтузиастар.
«ЭКСПО-2017 көрмесінде АҚШ павильоны ұсынған «Таусылмас қуат қайнар көзі» тақырыбын осы робот техникасы чемпионаты да жақсы бейнелейді. Біздің ойымызша таусылмайтын қуат көзі – адамдар, біз және балаларымыз. Дарынды қазақстандық және америкалық жастар өз күштерін жұмылдырғанда, олар ғасырдың ең қиын мәселелерін шешіп, соның ішінде болашақтың энергиясымен қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыра алатынына кәміл сенеміз», — деді ҚР-ғы АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысы Рэн Эльхай. «Біз жарыстың спорттық рухы жастарды әлемді өзгертетін идеялар туралы ойлануға ынталандырады деп үміттенеміз».
Федерация президенті Айжан Жекееваның айтуынша, «KazRoboSport-2017» чемпионаты үш жас тобы арасында келесі санаттар бойынша өтеді:
-
Кедергілі жолмен жарыс – кіші және үлкен жастағы топтар.
-
Кегельринг квадро – кіші және үлкен жастағы топтар.
-
Робосумо: мини– кіші жастағы топ, адымдаушылар – үлкен жас тобы.
-
Робофутбол – жалпы жас тобы.
-
Биатлон – кіші және үлкен жастағы топтар.
Федерацияның Астанадағы филиалының директоры Михаил Малородтың айтуынша іріктеу жарыстарына 100-ден астам бала (соның ішінде Ақмола облысынан) қатысады деп күтілуде. «Федерация спорттық жарыстарды қоспағанда, робот техникасы бойынша шығармашылық жобалардың «KazRoboProject-2017» конкурсын өткізеді. Балалар түрлі роботтарды ұсынуда, олардың арасында «Экологиялық робот», «Күн панельдерін автоматты реттеу жүйесі», «Қоқыс ыдыстарының толғанын автоматты хабарлау», «Үй роботтары» және басқалар бар»,- дейді ол.
Іріктеу Қазақстан Республикасының әкімшілік аймақтық орталықтарында өтеді. Іріктеу чемпионатына қатысу тегін. Жеңімпаздар Федерацияның дипломдарын алады және 2017 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе қаласында өтеді деп жоспарланып отырған республикалық «KazRobotics-2017» конкурсында аймақтың намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.
Астана, Казахстан, 17 июня 2017 г. (Дворец школьников им. М.Утемисова, 9.00 – 18.00) региональный отборочный чемпионат по робототехнике пройдет в г. Астана в рамках TechGeneration фестиваля технического творчества, организованного Республиканским общественным объединением «Казахстанская Федерация спортивной и образовательной робототехники «КазРоботикс» при содействии компании Шеврон, Американского уголка и Мейкер Спейс Астана, а так же дворца школьников им.М.Утемисова. В рамках фестиваля пройдут зрелищные "бои" роботов, гонки минидронов, сражения роботов-борцов сумо, бесплатные мастер-классы по LittleBits, 3D печати, сборке ветряных мельниц, солнечных батарей и макетов физических цепей.
Мероприятие приурочено к всемирной выставке «Астана ЭКСПО-2017», которая уже начала работу и предоставила казахстанцам уникальную возможность увидеть достижения современной науки в области высоких технологий. Казахстанские школьники так же вносят свой вклад в развитие отечественных технологий, где они достигли немалых высот и могут достойно представлять свои работы в сфере роботехники.
Руководитель программ социальных инвестиций компании «Шеврон» Лейла Айтмуханова подчеркнула, что: «С первого дня своего присутствия в Казахстане «Шеврон» уделяет большое внимание развитию творческого и технического потенциала местного населения. В рамках социальных инвестиций мы финансируем многочисленные программы технического образования для молодежи, включая данный проект, в котором в интерактивной проектно-ориентированной форме показываем возможности точных наук для профессионального самоопределения молодежи Казахстана».
Инициатором и организатором чемпионата является общественное объединение «КазРоботикс», которое ведет свою деятельность с июня 2015 года и является некоммерческой организацией, объединяющей молодых робототехников Казахстана. Члены Федерации занимаются работой на общественных началах, являясь активными гражданами и энтузиастами, желающими помочь своей стране вырастить новое поколение инженерно-технических кадров.
«Тему «Источник бесконечной энергии», представленную павильоном США на ЭКСПО-2017, хорошо раскрывает и данный чемпионат по робототехнике. Мы считаем, что бесконечный источник энергии – это люди, это мы с вами и наши дети. Когда талантливые казахстанские и американские молодые ребята объединяют свои усилия, мы верим, что они смогут решить самые сложные проблемы нашего века, в том числе задачу обеспечения энергией будущего», — прокомментировал пресс-секретарь посольства США в РК Рэн Эльхай. «Мы надеемся, что спортивный дух соревнования вдохновит молодежь задуматься об идеях, которые могут изменить мир».
Айжан Жекеева, президент федерации отметила, что: «Чемпионат «KazRoboSport-2017» будет проводится в трех возрастных группах в следующих категориях:
-
Гонки по линии с препятствиями – младшая и старшая возрастные группы.
-
Кегельринг квадро – младшая и старшая возрастные группы.
-
Робосумо: мини– младшая возрастная группа, шагающие – старшая возрастная группа.
-
Робофутбол – общая возрастная группа.
-
Биатлон – младшая и старшая возрастные группы.
Михаил Малород, директор Астанинского филиала федерации прокоментировал, что на отборочных соревнованиях ожидается участие более 100 детей, в том числе районов Акмолинской области. «Кроме спортивных состязаний Федерация проводит конкурс творческих проектов по робототехнике «KazRoboProject-2017». Дети представят различные работы, среди которых заявлены - «Экологический робот», «Системы автонастройки солнечный панелей», «Автоматизация оповещения наполнения мусорных баков», «Домашние роботы» и другие»,- отметил он.
Отбор проводится в административных региональных центрах Республики Казахстан. Участие в отборочном чемпионате бесплатное. Победители получат дипломы Федерации и возможность защищать честь региона на республиканском Фестивале «KazRobotics-2017», проведение которого запланировано в городе Актобе в сентябре 2017 года.