Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
«Теңізшевройл» ЖШС 25 жылдық мерейтойын атап өтуде
ТОО «Тенгизшевройл» отмечает свой 25-летний юбилей
АТЫРАУ, Қазақстан, 6 сәуір 2018 ж. – Компанияның 25 жылдық мерейтойын атап өту аясында бүгін «Теңізшевройл» (ТШО) ҚР Үкіметі өкілдері, серіктестер, ТШО қызметкерлері мен Атырау облысының жұртшылығы үшін ТШО бас кеңсесінде салтанатты жиналыс пен қабылдау шарасын өткізді. Шараға Атырау облысының әкімі Н. А. Ноғаев, ҚР Энергетика бірінші вице-министрі М. Ж. Досмұхамбетов және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
«Өткен 25 жылда Қазақстан Үкіметі мен серіктестеріміздің қолдауы, әрі ТШО-ның мыңдаған қызметкерлерінің қажырлы еңбегі арқасында компания өндірісті қауіпсіз әрі сенімді жүргізуде орасан зор жетістіктерге жетті. Компания Қазақстан экономикасы мен Атырау облысы жұртшылығының әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуда. ТШО келешекке сеніммен қараған Қазақстан Республикасы және халқымен бірге өсіп, дамып келе жатыр деп айта аламыз», - деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тед Этчисон.
Өзі құрылған уақыттан бастап ТШО бүгін өзі қол жеткізіп отырған халықаралық деңгейдегі кәсіпорын қалыптастыру үшін адам капиталы, қаржы және техникалық ресурстарға инвестиция салуды мақсат етіп қойған.
Атырау облысының әкімі Н. А. Ноғаев «Теңізшевройл» - еліміздегі өте сәтті әрі ұзақ мерзімді инвестициялық жоба. Осы жобада шоғырланатын шетелдік инвестициялар мультипликативтік әсер беріп, бизнестің дамуына, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсартуға ықпалын тигізуде», - деп атап өтті.
Өзінің ширек ғасырлық қызмет нәтижесінде ТШО өндіріс көлемін айтарлықтай ұлғайта отырып, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштерін де жақсартуды жалғастыруда. Құрылған уақыттан бері ТШО-ның жалпы мұнай өндірісі 392 млн. тоннаны, ал газ өндірісі 122 млрд. м3 құрады. Мұнай өндірісі 1993 жылғы жылына 1 млн. тоннадан 2017 жылы 28,7 млн. тоннаға жетті, бұл жалпы Қазақстанда өндірілетін мұнайдың үштен бір бөлігі. Өндірілетін мұнайдың тоннасына шаққандағы жалпы атмосфералық шығарындылардың көлемі 2000 жылдан бері 70 пайызға азайтылды.
Өткен 25 жыл ішінде ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржылай төлемдері 125 млрд АҚШ долларынан асты. Іс жүзінде, TШO бүгінгі таңда Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші болып отыр.
«1993 жылдан бастап ТШО-ның қазақстандық тауарлар мен қызметтерге 24 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі инвестициялары отандық жабдықтаушылардың тұрақты қорының дамуына айтарлықтай ықпал ете отырып, Атырау облысы мен жалпы Қазақстанның экономикалық ілгерілеуіне үлесін тигізді. Сондай-ақ, ТШО Атырау облысы халқы мен компания қызметкерлерінің игілігі үшін әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруға 1,4 млрд. АҚШ долларын жұмсады», - деді өз сөзінде ТШО бас директорының орынбасары Мұрат Мұқашев.
«Кәсіпорнымыздың 25 жылдығын атап өте отырып, біз Қазақстан жұртшылығының жарқын болашағына да үміт артамыз. Себебі ТШО ауқымды Келешек кеңею жобасын жүзеге асыру арқылы алдағы ондаған жылдарға айтарлықтай мұра қалдыратын болады», - деп түйіндеді өз сөзін Тед Этчисон.
ТШО Астана Атырау, Құлсары қалалары мен Теңіз кен орнында мерекелік шаралар өткізуде.
«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнайды, сұйық және құрғақ газды, сонымен бірге күкіртті өндіру және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық жұмыстар халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС-ы 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын екі кіріктірілген жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны жүзеге асыру Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тонна немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тонна немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ-ны жүзеге асыру өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталған, ал ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды жоғарылату арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың өңдеу қуаттылығын толық жүктеуді қамтамасыз етеді.
АТЫРАУ, Казахстан, 6 апреля 2018 г. – В рамках празднования 25-летнего юбилея компании, сегодня ТОО «Тенгизшевройл» (ТШО) провело торжественное собрание и прием для представителей Правительства РК, акционеров, сотрудников ТШО и общественности в г. Атырау в головном офисе. На мероприятии приняли участие аким Атырауской области Н. А. Ногаев, первый вице-министр энергетики М. Д. Досмухамбетов и другие официальные лица.
«На протяжении последних 25 лет благодаря поддержке Правительства Казахстана и наших Партнеров, а также усилию многих тысяч наших сотрудников компания достигла больших успехов по безопасному и надежному ведению производства, инвестируя в экономику Казахстана и улучшая социальное благополучие жителей Атырауской области. Можно с уверенностью сказать, что ТШО растет и развивается вместе с Республикой Казахстан и ее народом», - сказал Тед Этчисон, генеральный директор ТШО во время выступления.
С момента образования ТШО ставит своей целью инвестировать в человеческий капитал, финансовые и технические ресурсы для создания предприятия международного класса, каким ТШО является на сегодняшний день.
«Тенгизшевройл» - самый успешный и долгосрочный инвестиционный проект в стране. Иностранные инвестиции, привлеченные в этот проект, дают свой мультипликативный эффект и имеют влияние на развитие бизнеса, а также, на улучшение социального благосостояния общественности», - отметил аким Атырауской области Н. А. Ногаев.
За 25 лет своей деятельности ТШО значительно увеличил объемы производства, при этом продолжая улучшать показатели по технике безопасности и охране окружающей среды. С момента основания объем добычи ТШО составил 392 млн. тонн нефти и 122 млрд. м3 газа, а объемы добычи возросли с 1 млн. тонн в 1993 году до 28,7 млн. тонн в 2017, что является одной третью всего объема добытой нефти в Казахстане. Общие объемы выбросов в атмосферу за тонну добытой нефти сократились на 70 процентов с 2000 года.
За прошедшие 25 лет прямые финансовые выплаты ТШО Республике превысили 125 млрд долларов США. Фактически, TШO является самым крупным налогоплательщиком в Казахстане на сегодняшний день.
«С 1993 года ТШО затратил более 24 млрд. долларов США на казахстанские товары и услуги, что значительно повлияло на развитие устойчивой базы поставщиков, внося вклад в экономический рост Атырауской области и Казахстана в целом. Наряду с этим, TШO направил более 1,4 млрд. долларов США на финансирование социальных проектов и программ для жителей Атырауской области и сотрудников компании», - сказал Мурат Мукашев, заместитель генерального директора ТШО.
«Отмечая юбилей, мы также с уверенностью смотрим в будущее для казахстанцев, реализовывая крупномасштабный Проект будущего расширения, который создаст наследие на десятки лет вперед», – отметил в заключении своей речи Тед Этчисон.
ТШО проводит праздничные мероприятия в городах Астана, Атырау, Кульсары и на месторождении Тенгиз.
ТОО «Тенгизшевройл» – казахстанская компания, осуществляющая разведку, разработку, добычу и сбыт сырой нефти, СУГ, сухого газа и серы. Все работы по технике безопасности и охране окружающей среды проводятся на мировом уровне. ТШО был образован в апреле 1993 г. между правительством Республики Казахстан и корпорацией «Шеврон». В настоящее время партнерами являются: «Шеврон Оверсиз Компани» – 50%, АО «НК «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурз Инк.» – 25% и «ЛУКАРКО Б.В.» – 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТОО «Тенгизшевройл» одновременно. Реализация ПБР-ПУУД позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении примерно на 12 млн. тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, и в результате составит около 39 млн. тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.