Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Теңізшевройл Деректер мен дәйектер. 2018 жылдың бірінші тоқсаны бойынша мәлімет.
Тенгизшевройл цифры и факты. Итоги первого квартала 2018 года
Тарих/Қатысушылар:
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- ТШО-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил
- Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко Б.К. » – 5%.
Өнім өндіру/Қорлар:
- Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд. баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд. баррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (7,1 - 10,9 млрд. баррель) құрайды.
- Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал, табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті.
- 2018 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндіру көлемі 7,4 миллион тоннаны (59,3 миллион баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- 2000 жылдан бері ТШО қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 3 миллиард АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлді.
- Қазіргі таңда ТШО өндірілген газдың 98%-дан астамын кәдеге жаратуда.
- Жабдықтың сенімділігін арттыру шараларына жұмсалған инвестициялар 2000 жылдан 2018 жылдың бірінші тоқсаны дейінгі аралықта зауыттардағы техникалық ақаулар санын және алауда жоспардан тыс және технология бойынша шарасыз жағылатын шикі және қышқыл газ көлемін 99%-ға азайтуға мүмкіндік берді.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 73%-ға азайды. ТШО күрделі жобаларды жүзеге асыру және жабдықтардың сенімділігіне жасалған инвестициялар нәтижесінде аталған мерзім ішінде жылдық мұнай өндіру көлемін 2,7 есе арттырды.
ТШО өнімінің өзге түрлері:
- 2018 жылдың бірінші тоқсанында ТШО сұйытылған газ сату көлемін шамамен 340 мың тоннадан асырып, құрғақ газ сату көлемін 2,34 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 630 мың тоннаға жеткізді.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар:
- 1993 жылдан 2018 жылдың бірінші тоқсанына дейін ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 126 миллиард АҚШ долларынан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2018 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасына төленген тікелей төлемдердің көлемі 1,5 миллиард АҚШ долларына жетті.
- 2018 жылдың бірінші тоқсанында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 689 миллион АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады, оның 401 миллион АҚШ долларынан астамы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бастап ТШО қазақстандық компаниялардың 25 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау:
- Қазіргі таңда ТШО-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жылғы 50% көрсеткішпен салыстырғанда 82,5% құрайды.
- ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 65% құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.
Әлеуметтік салаға үлес:
- 1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,5 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады.
- 2018 жылдың «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрады. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады.
- 2018 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау және білім беру салаларына қолдау көрсету мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді.
Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
- 2016 жылы ТШО серіктестері Теңіз мұнай кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыру жөніндегі ақырғы шешімнің қабылданғаны туралы жариялады.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ нысандарының құрылысы барынша тиімділікті арттырып, қаражатты үнемдеу мақсатында бір уақытта орындалып жатыр.
- Өндірістік қуатты арттыру мақсатында табысты түрде жүзеге асырылған ТШО-ның алдыңғы ЕБЗ/ШГАжобасы тәжірибесін негізге ала отырып, ККЖ өндіріс қуатын жылына шамамен 12 миллион тонна немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырып, осылайша мұнай өндірісінің жылдық көлемін шамамен 39 миллион тоннаға немесе тәулігіне 850 мың баррельге жеткізуді көздейді.
- ҰЕҚБЖ атқылайтын ұңғылардың ернеулік қысымын төмендетіп, қолданыстағы алты кешенді технологиялық желінің кіре берісіндегі қысымды арттыру арқылы Теңіз кен орнында жұмыс жасайтын зауыттардың толық қуатпен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында 33 мыңнан астам қазақстандықтар ел ішінде жұмысқа тартылды, бұл жобада жалпы қызмет етіп жатқандар санының 91%-н құрап тұр.
- ТШО қазақстандық жабдықтаушыларды ККЖ-ҰЕҚБЖ үшін жобалау, сатып алу және модульдерді дайындау қызметтеріне белсенді түрде жұмылдыруда. Қазіргі таңда 2000-нан астам қазақстандық компания алдын-ала іріктеуден өтті.
- Негізгі нысандар бойынша жобалау жұмыстары жалғасуда
- ККЖ-ҰЕҚБЖ жабдықтарының негізгі бөлігі Қазақстан, Оңтүстік Корея және Италияда жасалады. Біртұтас модульдерге алдын ала құрастырылғаннан кейін олар соңғы құрастырылуы үшін Теңіз кен орнына жеткізіледі.
- Маңғыстау облысында орналасқан ЕРСАЙ өндірістік алаңында құбыр эстакадаларын жасау жұмыстары орындалуда. Сонымен бірге Италияда газ турбиндік генераторларды жасау және Оңтүстік Кореяда модуль жасау жұмыстары жалғасуда. Жүк тасымалдау бағдары (ЖТБ) және логистика топтары ЖТБ нысандарын пайдалануға дайындалуда.Іске қосу нысандары мен жүк түсіру терминалының құрылысы аяқталды.
- Теңіз кен орнындағы инфрақұрылымды салу тобы 2018 жылғы теңіз тасымалдарына дайын. Жинау жүйесін салу бойынша жұмыстардың қарқыны артуда. Олардың нысандары ККЖ-ҰЕҚБЖ бұрғылау бағдарламасын орындауға қажет. Басқару және электрмен қамту жүйесін, Үшінші буын зауыты және Үшінші буын шикі газ айдау нысандарын салу жөніндегі топтар механикалық, электр жабдықтары мен бақылау және өлшеу аспаптары жұмыстарының қарқынын арттырумен бірге жалпы құрылыс пен жерасты коммуникацияларын төсеу жұмыстарына назар аударуда.
История/Участники:
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самыхглубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы:
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд. баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд. баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 млрд. баррелей).
- Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 млн. кубических футов).
- В первом квартале 2018 года объемы добычи сырой нефти составили 7,4 миллионов тонн (59,3миллионов баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды:
- С 2000 года ТШО инвестировал 3 миллиарда долларов США на проекты по снижению воздействия на окружающую среду.
- В настоящее время ТШО утилизирует более 98% газа.
- Инвестиции в повышение надёжности оборудования позволили снизить количество технических сбоев на заводах. За период с 2000 г. по первый квартал 2018 г. объёмы сырого и кислого газа, внепланово и технологически неизбежно сжигаемого на факелах, уменьшились на 99%.
- С 2000 года общий удельный объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 73%, при этом ТШО увеличил годовой объем добычи нефти в 2,7 раза в результате реализации капитальных проектов и инвестиций в надежность оборудования.
Реализация продукции:
- В первом квартале 2018 года ТШО реализовал порядка 340 тысяч тонн сжиженного газа, 2,34 миллиарда кубических метров сухого газа, а также 630 тысяч тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан:
- С 1993 года по первый квартал 2018 года прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 126 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- В первом квартале 2018 года прямые выплаты Республике Казахстан составили 1,5 миллиарда долларов США.
- В первом квартале 2018 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму более 689 миллионов долларов США, включая более 401 миллиона долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 25 миллиарда долларов США.
Развитие кадров:
- Доля штатных казахстанских сотрудников ТШО составляет 82,5% по сравнению с 50% в 1993 году.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 65% от общего числа руководящего состава. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 1,5 миллиарда долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2018 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составил 25 миллионов долларов США, основная часть которого направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2018 году ТШО выделил более 1 миллиона долларов США на поддержку здравоохранения и образования в Атырауской области в рамках Программы социальных инвестиций.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
- В 2016 году Партнеры ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), который является следующим этапом расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- В целях существенного повышения эффективности и экономии средств, строительство объектов ПБРПУУД выполняется одновременно.
- Ориентируясь на успешную реализацию предыдущего проекта ТШО по расширению производственных мощностей, заключавшегося в строительстве ЗСГ/ЗВП, ПБР ставит своей целью увеличение производства примерно на 12 миллионов тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, что составит около 39 миллионов тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения динамического давления на устьях скважин и повышения давления в соответствии с требованиями на входе шести действующих технологических линий.
- Более чем 33 тысячи казахстанцев трудоустроено на ПБР-ПУУД на территории страны, что составляет 91% всего персонала проекта в Казахстане.
- ТШО привлек к участию в проекте ПБП-ПУУД казахстанские компании, оказывающие услуги в области проектирования, закупок и изготовления модулей. На сегодняшний день предварительный отбор прошли более 2000 казахстанских компаний.
- Продолжаются работы по проектированию основных объектов.
- Основной объём оборудования ПБР-ПУУД будет изготовлен в Казахстане, Южной Корее и Италии и, после его предварительной сборки в модули, будет отправлен на Тенгиз для окончательной сборки и монтажа.
- Продолжаются работы по изготовлению трубных эстакад на производственной площадке «ЕРСАЙ», расположенной в Мангистауской области. Также продолжаются работы по изготовлению газотурбинных генераторов в Италии, равно как и изготовление модулей в Южной Корее.
- Группы Маршрута транспортировки грузов (МаТраГ) и логистики ведут подготовку к эксплуатации МаТраГ. Завершено строительство пусковых объектов и терминала разгрузки грузов.
- Группа строительства инфраструктуры на Тенгизском месторождении готова к морским перевозкам модулей в 2018 г. Растут темпы работ по строительству системы сбора, объекты которой необходимы для выполнения программы бурения ПБР-ПУУД. Основные усилия групп строительства систем управления и электроснабжения, Завода третьего поколения и Объектов закачки сырого газа третьего поколения сосредоточены на общестроительных работах и прокладке подземных коммуникаций в то время, как наращиваются темпы работ по монтажу механического, электрического оборудования и КИП.