Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«ҚазТрансОйл» АҚ жергілікті өнімді сатып алу үлесі 124 млрд. теңгеден асты
Доля местного содержания в закупках АО «КазТрансОйл» превысила 124 млрд тенге
2018 жылы компанияда сатып алу үлесінде жергілікті мазмұн еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдарды қоса есептегенде 73 пайызға дейін өсіп, барлығы 124 млрд. теңгеден асты.
- «ҚазТрансОйл» АҚ отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетуші компанияларды жан-жақты қолдайды. 2018 жылы біз 17 отандық тауар өндіруші компаниямен 37 ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойдық. Алдағы уақытта келісімге келген компаниялармен 5 жыл бойы жұмыс істейтін боламыз. Бұл әрине өндірістік, кадрлық ресурстары бар, өнімінің сапасы жақсы, көрсетілетін қызметі жоғары, әрі біздің компанияның талабына сәйкес келетін отандық компаниялар− деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Шыңыс Сейсекенов.
Компанияда соңғы жылдары отандық тауар өндіруші кәсіпорындарды қолдау бойынша оңтайлы динамика байқалады. Егер 2016-2017 жылдары компанияда сатып алу үлесінде жергілікті мазмұн еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдарды қоса алғанда 70% құраса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 73% артты. 2018 жылдың қортындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ отандық компаниялар өндіретін өнімді жеткізуге 29 млрд теңгеге келісім шарт жасаса, жергілікті компаниялардың қызмет көрсетуіне 94 млрд. теңгеден астам қаржыға келісім жасаған. Жалпы алғанда өткен жылы компанияда қазақстандық компаниялардан сатып алу құны 124 млрд. теңгеден асты.
«ҚазТрансОйл» АҚ соңғы 5 жылда арнайы техникалар мен отандық өнімді жеткізу бойынша «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «Рауан-налко» ЖШС, «Досмұнайхим» ЖШС, «HILL Corporation» ЖШС, «Семипалатинский завод масел» ЖШС, «Павлодарский завод «Темірмаш» ЖШС, «KZ Machinery» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, ұзақ мерзімді келісіммен «Швейная фабрика «ШЕБЕР» ЖШС, «КазСПО-N» ЖШС, «САҒАН CОLOUR» ЖШС және тағы басқаларымен жұмыс істейді.
Берік Биятов «Павлодарский завод «Темірмаш» ЖШС директоры «Біздің зауыт 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Аз уақытта еліміз ішінде арнайы техника шығаратын жетекші компанияның біріне айналып үлгерді. Бізге көлемді тапсырыс беруші компаниялардың бірі «ҚазТрансОйл» АҚ болып есептеледі. Бұл компаниямен біз жақында 2 млрд теңгеден астам тауарды жеткізуге келісім шартқа қол қойдық, тоғыз жыл бұрын бұл сома 100 млн теңге көлемінде ғана болатын. Бірлесіп жұмыс істеген уақыттан бері біз ҚазТрансОйлға 70 тен астам арнайы техниканы жеткіздік. Ұзақ мерзімді шарттардың арқасында кәсіпорнымыз дамып келеді. Қазір өндіріс орнында 75 адам жұмыс істейді, басында 20 маман ғана бастаған болатынбыз.
«Швейная фабрика «Шебер» ЖШС директоры Ақтеме Қасекешева «ҚазТрансОйл» АҚ бірлесіп жұмыс істеу павлодарлық 60 тұрғынның тұрақты жұмыс табуына септескенін айтады. «2009 жылдан бері, біз «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыс істей бастап, құны 100 млн теңге болатын арнайы киімді тігіп беруге тапсырыс алдық. 10 жыл ішінде бұл қаржы 500 млн теңге дейін жетті», - дейді Ақтеме Қасекешева.
Анықтама
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК топтар компаниясына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Шымкент қаласында, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
За 2018 год доля местного содержания в закупках АО «КазТрансОйл» выросла до 73% с учетом дочерних и совместно контролируемых предприятий и в совокупности превысила 124 млрд тенге.
- АО «КазТрансОйл» поддерживает отечественных товаропроизводителей, поставщиков услуг, − отмечает заместитель генерального директора АО «КазТрансОйл» Чингиз Сейсекенов. - В 2018 году мы заключили 37 долгосрочных договоров с 17 отечественными товаропроизводителями, с которыми будем работать на протяжении 5 лет. Это те компании, которые имеют производственные и кадровые ресурсы, качество их товаров и услуг соответствует требованиям нашего производства.
Также в компании отмечается динамика по поддержке отечественных товаропроизводителей. Если в 2016-2017 годах доля местного содержания в закупках товаров, работ и услуг с учетом дочерних и совместно контролируемых предприятий составляла 70%, то в 2018 году увеличилась до 73%. По итогам 2018 года АО «КазТрансОйл» заключило договоры на поставку товаров отечественного производства на общую сумму более 29 млрд тенге, на оказание услуг и выполнение работ с казахстанскими компаниями − свыше 94 млрд тенге. В общей сложности в прошлом году сумма закупок с казахстанскими компаниями превысила 124 млрд тенге.
АО «КазТрансОйл» на протяжении последних пяти лет в части поставок спецтехники работает с АО «КАМАЗ-Инжиниринг», ТОО «Рауан-налко», ТОО «Досмұнайхим», ТОО «HILL Corporation», ТОО «Семипалатинский завод масел», ТОО «Павлодарский завод «Темірмаш», ТОО «KZ Machinery», ТОО «СемАЗ». Имеет долгосрочные договоры с такими отечественными товаропроизводителями, как ТОО «Швейная фабрика «ШЕБЕР», ТОО «КазСПО-N», ТОО «САҒАН CОLOUR» и другими. - Наш завод начал работать в 2010 году. За короткое время предприятие стало ведущим заводом по производству спецтехники в Казахстане, - рассказывает директор ТОО «Павлодарский завод «Темірмаш» Берик Биятов. - Одним из крупных наших заказчиков является компания «КазТрансОйл». Мы заключили договор на поставку товаров спецтехники на сумму более 2 млрд тенге. А начиналось все со 100 млн тенге. На протяжении 8 лет мы предоставили компании более 70 единиц спецтехники. Благодаря долгосрочным договорам наше предприятие развивается. Сейчас на нашем заводе трудятся 75 человек, а начинали с 20 специалистов.
Директор ТОО «Швейная фабрика «Шебер» Актеме Касекешева говорит, что партнерство с АО «КазТрансОйл» помогло найти постоянную работу более 60 жителям Павлодара. «С компанией «КазТрансОйл» мы начали работать в 2009 году, тогда заказ на спецодежду был на сумму около 100 млн тенге. За 10 лет совместной работы заказ компании увеличился до 500 млн тенге», - заключила она.
Справка
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана.
Департамент по связям с общественностью и внутренним коммуникациям АО «КазТрансОйл»