Пресс-релизы
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтың өндірістік және қаржылық нәтижелері Производственные и финансовые результаты АО «Национальная компания «КазМунайГаз» за первое полугодие 2019 года
Нұр-Сұлтан қ., 2019 жылғы 22 тамыз – Қазақстанның тікелей-интеграцияланған мұнай-газ компаниясы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания») халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) бойынша 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтың қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялады.
2019 жылғы бірінші жартыжылдықтың өндірістік нәтижелері:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылдың осындай кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,5%-ға немесе 11 704 мың тоннаға (тәулігіне 484 мың баррель) төмендеді;
- Табиғи және ілеспе газды өндіру өткен жылдың есептік кезеңіне қарағанда 2,5%-ға ұлғайып, 4 225 млн м³-ді құрады;
- Мұнай тасымалдау көлемі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 5,0%-ға артып, 38 949 мың тоннаны құрады;
- Газ тасымалдау көлемі 2018 жылдың есептік кезеңіне қарағанда 8,7%-ға төмендеп, 50,1 млрд м³-ді құрады.
- Көмірсутегі шикізатын өңдеу көлемі 1,7%-ға артып, 9 998 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңделген 6 670 мың тонна және Румыниядағы KMG International («KMG I») зауыттарында өңделген 3 328 мың тоннаны қамтиды. Есептік кезеңде мұнай өнімдері өндірісінің жалпы көлемі 1,6%-ға өсіп, 9 360 мың тоннаны құрады.
- Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда өзіміз өндірген мұнай мен конденсат сату көлемі 0,5%-ға өсіп, 11 641 мың тоннаны құрады.
2019 жылғы бірінші жартыжылдыктың қаржылық көрсеткіштері:
- 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта сатудан ақшалай түсім 1,4%-ға өсті және 3 403 млрд. теңгені (8 971 млн АҚШ долларын) құрады;
- 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы таза пайда 622 млрд. теңгеге (1 641 млн АҚШ доллары) дейін өсіп, 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 73,0%-ға ұлғайды;
- Есептік кезеңдегі күрделі шығындар 167 млрд теңгені (440 млн АҚШ долларын) құрап, 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштен 5,8%-ға төмендеді;
- EBITDA4 көрсеткіші 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткішпен салыстырғанда 20,5%-ға өсті және 1 095 млрд теңгені (2 888 млн АҚШ долларын) құрады;
- Компанияның таза қарызы 2 491 млрд теңгені (6 547 млн АҚШ долларын) құрап, 2018 жылдың соңындағы көрсеткіштен 15,0%-ға жоғары болды;
- Түзету енгізілген бос ақша ағыны5 93,8%-ға ұлғайып, 140 млрд теңгені (369 млн АҚШ долларын) құрады.
Басты корпоративтік оқиғалар:
- 2019 жылғы 22 ақпанда «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) артықшылықты акцияларды қайта сатып алу бағдарламасын аяқтады. Осылайша, ҚМГ БӨ артықшылықты акциялардың 65%-ын жалпы сомасы 15,9 млрд теңгеге сатып алды. 2019 жылғы 14 мамырдан бастап ҚМГ БӨ-нің артықшылықты акциялары KASE-ден шығарылды;
- 2019 жылғы ақпанда Компанияның стратегиясына және Үкімет жоспарына сәйкес, ҚазМұнайГаз брендімен жұмыс істейтін ЖМҚС желісін 60 512 млн теңгеге сату жөніндегі мәміле аяқталды;
- 2019 жылғы наурыз айында Fitch халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ рейтингін «ВВВ-/Болжам тұрақты» деңгейінде растап, жеке рейтингтің (stand-alone credit profile) «b-дан» «bb-»-ға дейін көтерілгенін атап өтті;
- 2019 жылғы 29 наурызда ҚМГ 2022, 2023, 2027 және 2044 жылдары өтелуі тиіс Еурооблигация ұстаушыларынан (2018 жылға дейін шығарылған Еврооблигациялар) (1) ковенанттық пакетті 2018 жылы шыққан Еурооблигациялардың шарттарымен теңестіруге және (2) 2044 жылы өтелуі тиіс Еурооблигациялардың 30,1 млн АҚШ доллары сомасын мерзімінен бұрын өтеуге келісім алды;
- 2019 жылғы 29 сәуірде Луис Мария Виана Палья Да Сильва ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып сайланды;
- 2019 жылғы 20 мамырда Энтони Эспина ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесінің өкілі болып сайланды;
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында жалпы құны шамамен 21 млрд теңге әлеуметтік нысандардың (7000 орындық стадион және конгресс холл) құрылысын қаржыландыру мақұлданды. Сонымен бірге, 2019 жылғы тамызда ҚМГ Түркістан қаласында 1,8 млрд теңге сомасына 1000 орындық амфитеатр құрылысын қаржыландырды.
2019 жылғы бірінші жартыжылдықтың өндірістік нәтижелері
Көмірсутегі шикізатын өндіру
2019 жылғы бірінші жартыжылдықта ҚМГ-ның өндірілген мұнай мен газ конденсатының көлемі 11 704 мың тонна мұнайды құрады, бұл 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштен 0,5%-ға төмен және Компанияның өндірістік жоспарына сәйкес келеді. Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 2,5%-ға өсіп, 4 225 млн м³-ге жетті.
2019 жылғы бірінші жартыжылдықта Қашаған кен орнында мұнай өндіру 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткішпен салыстырғанда 7,6%-ға төмендеп, 5 705 мың тонна мұнайды немесе тәулігіне 250 мың тонна баррельді құрады. Мұнай өндірудегі ҚМГ үлесі 472 мың тонна мұнай мен 278 млн м³ газды құрады, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштен, сәйкесінше, 7,6%-ға және 6,3%-ға төмендеді. Мұнай өндіру көлемінің азаюы жер бетіндегі және теңіздегі кешендерде 2019 жылғы 14 сәуір мен 19 мамыр аралығында өндірісті толық тоқтата отырып, жүргізілген жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарымен байланысты болды.
Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру 5,4%-ға түсіп, ҚМГ үлесі үшін 535 мың тоннаны құрады. Газ өндірісі 982 млн м³-ді құрап, 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштен 0,5%-ға төмендеді. Мұнай мен газ және конденсат өндіру көлемінің азаюы газ факторының ұлғаюына және ұңғымалардың сулануына байланысты.
Теңіз мұнай өндірудегі ҚМГ үлесі 2 992 мың тоннаны құрап, 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштен 1,5%-ға жоғарылады. Газ өндіру 1,2%-ға артып, 1 634 млн м³-ді құрады. Бұл ұлғаюға КТЖ/ШМА/ЕБЗ (Кешенді-технологиялық желі/Шикі мұнайды айдау/Екінші буын зауыты) зауыттарының сенімді жұмысы септігін тигізді. 2019 жылғы 1 тамыздан бастап КТЖ зауытында ұзақтығы 42 күнді құрайтын күрделі жөндеу басталды.
Операциялық активтердің өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 0,5%-ға азайып, 7 707 мың тоннаны құрады. Операциялық активтерде өндіру көлемінің азаюына негізінен өндірудің табиғи құлдырауы деңгейінің артуы септігін тигізді.
2019 жылғы 16 ақпанда Каспий теңізінің Әзербайжан секторындағы бұрғылау жобаларына қатысу үшін жалпы құны 21,6 млрд теңге немесе 57 млн АҚШ долларына бағаланған өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын модернизациялау жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақұлданды. ҚМГ мен SOCAR өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын сенімгерлік басқару туралы келісімге қол қойды.
2019 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, ҚМГ және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ (ЛУКОЙЛ) Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Жеңіс учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіру туралы келісімшартқа қол қойды. ҚМГ мен ЛУКОЙЛдың бірлесіп жасаған бағалауына сәйкес болжамды шығарылатын ресурстар (С3) 65,1 млн тоннаны құрайды. Жоба операторы «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС (бірлескен кәсіпорын: ҚМГ 50% және ЛУКОЙЛ – 50%) болып табылады.
2019 жылғы 7 маусымда ҚМГ мен ЛУКОЙЛ аттас учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «I-P-2» жобасы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойды. ЛУКОЙЛдың алдын ала бағалауы бойынша, болжамды шығарылатын ресурстар 15,1 млн тоннаны құрайды.
2019 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, ҚМГ және «Эни С.п.А.» (Eni) Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Абай» учаскесінде көмірсутек шикізатын барлау туралы келісімшарт жасасты. 2013 жылғы іздестіру жұмыстарының жобасына сәйкес болжамды шығарылатын ресурстар (С3) 180,3 млн тоннаны құрайды. Жоба операторы «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС (ҚМГ 50% және ЛУКОЙЛ – 50%) болып табылады.
Нур-Султан, 22 августа 2019 года - АО «Национальная компания «КазМунайГаз» (далее – «КМГ», «Компания»), национальная вертикально-интегрированная нефтегазовая компания Казахстана, объявила операционные и финансовые результаты по международным стандартам финансовой отчетности (МСФО) за первое полугодие 2019 года.
Производственные показатели за первое полугодие 2019 года:
- Объем добычи нефти и газового конденсата снизился на 0,5% в сравнении споказателем аналогичного периода прошлого года до 11 704 тыс. тонн (484 тыс. барр. в сутки);
- Добыча природного и попутного газа увеличилась на 0,9% к отчетному периоду прошлого года, составив 4 160 млн м³;
- Объем транспортировки нефти составил 38 949 тыс. тонн, увеличившись на 5,0% по сравнению с первым полугодием 2018 года;
- Объем транспортировки газа снизился на 8,7% к отчетному периоду 2018 года, составив 50,1 млрд м³;
- Объем переработки углеводородного сырья увеличился на 1,7% и составил 9 998 тыс. тонн. Данный показатель включает объем переработки на казахстанских нефтеперерабатывающих заводах в размере 6 670 тыс. тонн и на заводах KMG International («KMG I») в Румынии в размере 3 328 тыс. тонн. Общий объем производства нефтепродуктов вырос на 1,6% и составил 9 360 тыс. тонн, в отчетном периоде;
- Объем реализации собственной произведенной нефти и конденсата вырос на 0,5% к отчетному периоду прошлого года, составив 11 641 тыс. тонн.
Финансовые показатели за первое полугодие 2019 года:
- Выручка от реализации за первое полугодие 2019 года выросла на 1,4% и составила 3 403 млрд тенге (8 971 млн долл. США);
- Чистая прибыль за первое полугодие 2019 года выросла до 622 млрд тенге (1 641 млн долл. США), увеличившись на 73,0% по сравнению с аналогичным периодом 2018 года;
- Капитальные затраты за отчетный период составили 167 млрд тенге (440 млн долл. США), что на 5,8% ниже показателя за первое полугодие 2018 года;
- Показатель EBITDA4 вырос на 20,5% по сравнению с показателем за первое полугодие 2018 года и составил 1 095 млрд тенге (2 888 млн долл. США);
- Чистый долг компании составил 2 491 млрд тенге (6 547 млн долл. США), что на 15,0% выше показателя на конец 2018 года;
- Скорректированный свободный денежный поток5 увеличился на 77,7% и составил 128 млрд тенге (339 млн долл. США).
Корпоративные ключевые события:
- 22 февраля 2019 года АО «Разведка Добыча «КазМунайГаз» (РД КМГ) завершил программу обратного выкупа привилегированных акций. Таким образом, РД КМГ выкупила 65,0% привилегированных акций на общую сумму 15,9 млрд тенге. С 14 мая 2019 года привилегированные акции РД КМГ исключены из KASE;
- В феврале 2019 года завершилась сделка по продаже сети АЗС под брендом КазМунайГаз за 60 512 млн тенге, согласно стратегии Компании и Правительственного плана;
- В марте 2019 года международное рейтинговое агентство Fitch подтвердило рейтинг КМГ на уровне «ВВВ-/Прогноз стабильный», отметив при этом повышение отдельного рейтинга (stand-alone credit profile) с «b» до «bb-»;
- 29 марта 2019 года КМГ получил согласие держателей Еврооблигаций, подлежащих к погашению в 2022, 2023, 2027 и 2044 гг. (Еврооблигации, выпущенные до 2018 года) на (1) выравнивание ковенантного пакета с условиями выпуска Еврооблигаций 2018 года и (2) досрочное погашение Еврооблигаций на сумму 30,1 млн долл. США, подлежавших к погашению в 2044 году;
- 29 апреля 2019 года Луис Мария Виана Палья Да Сильва был избран членом Совета директоров – независимым директором КМГ;
- 20 мая 2019 года Энтони Эспина был избран членом Совета директоров КМГ – представителем интересов АО «Самрук-Казына»;
- В соответствии с поручением Главы государства, было одобрено финансирование строительства социальных объектов (стадион на 7 000 мест и конгресс холл) в г. Туркестан на общую сумму около 21 млрд тенге. Наряду с этим, в августе 2019 года КМГ профинансировал строительство амфитеатра на 1000 мест в сумме 1,8 млрд тенге в г. Туркестан.
Производственные результаты за первое полугодие 2019 года
Добыча углеводородного сырья
Объем добычи нефти и газового конденсата КМГ за первое полугодие 2019 года составил 11 704 тыс. тонн нефти, что на 0,5% ниже показателя за первое полугодие 2018 года и соответствует производственному плану Компании. Объем добычи попутного и природного газа вырос на 0,9% до 4 160 млн м³.
За первое полугодие 2019 года добыча нефти на месторождении Кашаган снизилась на 7,6% в сравнении с показателем за первое полугодие 2018 года и составила 5 705 тыс. тонн нефти или 250 тыс. баррелей в сутки. Доля КМГ в объеме добычи составила 472 тыс. тонн нефти и 278 млн м³ газа, что на 7,6% и 6,3% ниже показателей первого полугодия прошлого года, соответственно. Уменьшение добычи нефти связано с плановым капитальным ремонтом на наземном и морском комплексах, с полной остановкой производства в период с 14 апреля по 19 мая 2019 г.
Объем добычи нефти на месторождении Карачаганак уменьшился на 5,4% и составил 535 тыс. тонн на долю КМГ. Добыча газа составила 982 млн м³, что ниже показателя за первое полугодие 2018 года на 0,5%. Снижение добычи нефти и конденсата и газа связано с увеличением газового фактора и обводненности скважин.
Доля КМГ в объеме добычи нефти Тенгиз составила 2 992 тыс. тонн, что на 1,5% выше показателя первого полугодия 2018 года. Добыча газа увеличилась на 1,3% и составила 1 636 млн м³. Увеличение обусловлено надежной работой заводов КТЛ/ЗСГ/ЗВП (Комплексно-технологическая линия / Закачка сырого газа / Завод второго поколения). С 1 августа 2019 г. также начался капитальный ремонт на заводе КТЛ длительностью в 42 дня.
Доля КМГ в объеме добычи операционных активов незначительно уменьшилась на 0,5% и составила 7 707 тыс. тонн. Снижение объемов добычи на операционных активах в основном обусловлено ростом естественного падения уровня добычи.
16 февраля 2019 года для участия в проектах бурения в Азербайджанском секторе Каспийского моря одобрена реализация инвестиционного проекта по модернизации самоподъемной плавучей буровой установки (СПБУ) на общую сумму 21,6 млрд тенге или 57 млн долл. США. КМГ и SOCAR подписали договор доверительного управления СПБУ.
1 апреля 2019 года между Министерством энергетики Республики Казахстан, КМГ и ПАО «ЛУКОЙЛ» (ЛУКОЙЛ) заключен контракт на разведку и добычу углеводородов на участке Женис, расположенном в казахстанском секторе Каспийского моря. Согласно совместной оценке КМГ и ЛУКОЙЛ, прогнозные извлекаемые ресурсы (С3) составляют 65,1 млн тонн. Оператором проекта является ТОО «Женис Оперейтинг» (совместное предприятие КМГ- 50% и ЛУКОЙЛа – 50%).
7 июня 2019 года КМГ и ЛУКОЙЛ подписали Соглашение о принципах по проекту «I-P-2», одноименный участок которого расположен в казахстанском секторе Каспийского моря. Согласно предварительной оценке ЛУКОЙЛа, прогнозные извлекаемые ресурсы (C1) составляют 15,1 млн тонн.
26 июля 2019 года между Министерством энергетики Республики Казахстан, КМГ и «Эни С.п.А.» (Eni) заключен контракт на разведку и углеводородного сырья на участке «Абай», расположенном в казахстанском секторе Каспийского моря. Согласно проекту поисковых работ 2013 года, прогнозные извлекаемые ресурсы (С3) составляют 180,3 млн тонн. Оператором проекта является ТОО «Исатай Оперейтинг Компани» (КМГ- 50% и Eni – 50%).