Пресс-релизы
Нұр-Сұлтан қаласында ерекше мұқтаждықтары бар жастардың IT-жобаларына грант беріледі Предоставление грантов на IT-проекты для молодежи с особыми потребностями в г. Нур-Султан
28 тамыз 2019 ж. сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қ. «Астана Хаб» IT-стартаптар халықаралық технологиялық паркінде көптен күткен IteachMe жобасының финалы өтеді. Жастар мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған, жарты жыл бойы жұмыс жасаған жобаларын қазылар алқасына таныстырады. ITeachMe инклюзивті білім жобасының басты міндеті мүмкіндіктері шектеулі жастарды бағдарламалау, кодтау, жобаны басқару, дизайн, маркетингтің негіздері, робот жасау техникасын меңгеру және т.б. бағыттарда оқыту. ITeachMe түрлі IT саласындағы сарапшылары оқытушы болған төрт күндік лагерьден бастап онлайн білім беру және менторлық көмек көрсетуге дейін кешенді білім бағдарламасынан тұрады.
Қатысушылардың менторлармен тығыз байланыста болуы идеяларды жақсарту, ақшаға айналдыру жолдарын ойластыру, аудиторияны тарту мен дамытуға септігін тигізді.
Ақтық сынға жеті жоба қатысады:
- CUP (Classmates Up the Progress) - жоба онлайн түрде жүзеге асырылады. Мамандығын ауыстырғысы келетін студент виртуальды платформаға кіріп, бір күн бағдарламалаушының, маркетологтың және дизайнердің өмірін «сүруге» мүмкіндік алады.
- Rapport қосымшасы – бір уақытта ыммен сөйлесу және қазақ тілін үйрену.
- ASAR қосымшасы – өздеріне жақын орналасқан адамдардан белгі алып, еріктілермен байланыс орнату арқылы барлық мұқтаж адамдарға көмек көрсету (мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге, балаларға және т.б.).
- Ерекше мұқтаждықтары бар адамдарға арналған инклюзивті ортада жұмыс істеу ерекшелігін есепке ала отырып жасалған робот жасау және бағдарламалау бойынша курс.
- «Dariger» медициналық платформа - әлеуметтік-осал топтарға белгілі бір дәрігерлерге онлайн жазылатын чат-бот.
- «103» қосымшасы – адамның тұрған мекенін нақты анықтай алуға көмектесетін жедел-жәрдем картасы.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды заманауи жаттығу құрылғылары арқылы сауықтыру.
Финалдың ашылу рәсіміне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-Министрі Нариман Мукушев, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ, Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының корпоративтік байланыс департаментінің директоры Мирас Іргебаев, Білім және ғылым министрлігінің, «Шеврон» компаниясы, «Ерекше Таңдау-Шелек» қоры және «Орталық Азияның Евразия Қоры» өкілдері қатысады.
Іс-шара «Ерекше Таңдау-Шелек» Корпоративтік қоры, «Мойымайтын Мүгедектер Қоғамы» Қоғамдық бірлестігі, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бірлестігі мен «Шеврон» компаниясы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Орталық Азияның Евразия Қоры» Корпоративтік қорының қолдауымен ұйымдастырылады.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша
Захира Бегалиеваға +7 701 346 0009, zahira71@inbox.ru хабарласуыңызды сұраймыз
28 августа 2019 года в 11:00 часов в г. Нур-Султан Международный технопарк IT-стартапов «Astana Hub» снова откроет двери для проведения долгожданного финала проекта ITeachMe. Участники с инвалидностью и без в течение полугода работали над тем, чтобы представить жюри проекты, направленные на улучшение жизни людей с ограниченными возможностями.. ITeachMe представляет собой комплексную образовательную программу от полноценного четырехдневного лагеря, где преподавателями выступали эксперты из разных областей IT, до онлайн обучения и менторства. Напомним, что главной задачей инклюзивного образовательного проекта ITeachMe является обучение молодых людей с инвалидностью, таким навыкам, как программирование, кодинг, проектный менеджмент, дизайн, основы маркетинга, робототехника и т д.
Тесная работа с менторами помогла улучшить идеи, продумать пути монетизации, продвижения и вовлечения целевой аудитории.
В финале участники представят семь проектов:
- CUP (Classmates Up the Progress) Проект реализуется в онлайн-режиме. Cтудент, который думает о смене профессии с помощью платформы может погрузиться виртуально и «проживает» один день из жизни программиста, маркетолога, дизайнера.
- Приложение Rapport – по обучению одновременно и казахскому и жестовым языкам
- Мобильное приложение ASAR для помощи всем нуждающимся (лицам с инвалидностью, пенсионерам, детям и т. д.) через связь с волонтерами, которые могут принять сигнал помощи от людей, которые находятся недалеко от них.
- Курсы по робототехнике и программированию для людей с особыми потребностями, разработанные с учетом специфики работы в инклюзивной среде.
- Мобильное приложение «Dariger» - чат-бот, который помогает записаться онлайн к узким специалистам социально- уязвимым группам.
- Мобильное приложение «103» - карта для скорой помощи, которая помогает в кратчайшие сроки определить точную локацию человека.
- Реабилитация детей с инвалидностью с помощью тренажеров нового поколения.
В открытии финала примут участие вице-министр труда и социальной защиты РК – Нариман Мукушев, директор Департамента корпоративных коммуникаций Фонда развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust» Мирас Иргебаев, представители Министерства образования и науки РК, Фонда «Ерекше Тандау-Шелек», Фонда Евразия Центральная Азия, компании “Шеврон”.
Организаторами мероприятия выступают Корпоративный фонд «Ерекше Тандау-Шелек» совместно с Фондом развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust». Эту инициативу также поддержали компания «Шеврон», Фонд Евразия Центральная Азия и Министерство труда и социальной защиты Республики Казахстан.
По всем дополнительным вопросам, пожалуйста, обращайтесь к Захире Бегалиевой
+7 701 346 0009, zahira71@inbox.ru