Пресс-релизы
Тенгизшевройл. Цифры и факты. Итоги 2016 года | Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер. 2016 жылдың қорытындылары
История/Участники:
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы:
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд. баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд. баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 800 миллионов до 1,3 миллиарда тонн (6,4 – 10,7 млрд. баррелей).
- Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 млн. кубических футов).
- В 2016 году объемы добычи сырой нефти составили 27,56 миллионов тонн (220 млн. баррелей). Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды:
- С 2000 года ТШО инвестировал 3 миллиарда долларов США на проекты по снижению воздействия на окружающую среду.
- В настоящее время ТШО утилизирует более 98% газа.
- С 2000 по 2016 года инвестиции в модернизацию системы обеспечения надежности завода позволили ТШО достичь снижения количества технических сбоев на заводах, а также объемов сжигания кислого и сырого газа при технических сбоях на 96%.
- С 2000 года общий удельный объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 71%, при этом ТШО увеличил годовой объем добычи нефти в 2,5 раза в результате реализации капитальных проектов и инвестиций в надежность оборудования.
Реализация продукции:
- В 2016 году ТШО реализовал 1,35 миллионов тонн сжиженного газа, 7,21 миллиард кубических метров природного газа, а также 2,33 миллиона тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан:
- С 1993 по 2016 годы прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили 116 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- В 2016 году прямые выплаты государству составили более 4,7 миллиардов долларов США.
- В 2016 году ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму более 1,9 миллиардов долларов США, включая 730 миллионов долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 22 миллиардов долларов США.
Развитие кадров:
- Доля штатных казахстанских сотрудников ТШО составляет 86% по сравнению с 50% в 1993 году.
- Доля казахстанских руководителей среднего звена составляет 74% от общего числа руководящего состава. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 1,3 миллиарда долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2016 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составил 25 миллионов долларов США, основная часть которого направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2016 году ТШО выделил на Программу социальных инвестиций около 1 миллиона долларов США, направленные на поддержку здравоохранения и образования в Атырауской области.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
- В 2016 году Партнеры ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), которые являются следующим этапом расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
-
В целях существенного повышения эффективности и экономии средств, строительство объектов ПБР-ПУУД выполняется одновременно.
- Ориентируясь на успешную реализацию предыдущего проекта ТШО по расширению производственных мощностей, заключавшегося в строительстве ЗСГ/ЗВП, ПБР ставит своей целью увеличение производства примерно на 12 миллионов тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, что составит около 39 млн. тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.
- Основной объём оборудования ПБР-ПУУД будет изготовлен в Казахстане, Южной Корее и Италии и после его предварительной сборки в модули будет отправлен на Тенгиз для окончательной сборки и монтажа.
- На ПБР-ПУУД выполнено 56% общего проектирования.
- Группа проекта завершила 90% работ по 346 контрактам на закупку, присужденных на сегодняшний день, обеспечив больше возможностей в сфере закупок для казахстанских компаний.
- На пике строительства и производственных работ ПБР-ПУУД ожидается создание порядка 20 тысяч рабочих мест.
- ТШО активно вовлекает казахстанских поставщиков в оказание услуг по проектированию, закупкам и изготовлению модулей для ПБР-ПУУД. На сегодняшний день свыше 1730 казахстанских компаний прошли предварительный отбор.
Тарих/Қатысушылар:
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- ТШО-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко Б.К. » – 5%.
Өнім өндіру/Қорлар:
- Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд. баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд. баррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 800 миллионнан 1,3 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (6,4 - 10,7 млрд. баррель) құрайды.
- Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал, табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті.
- 2016 жылы мұнай өндіру көлемі 27,56 миллион тоннаны (220 млн. баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- 2000 жылдан бері ТШО қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 3 миллиард АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлді.
- Қазіргі таңда ТШО өндірілген газдың 98%-дан астамын кәдеге жаратуда.
- Зауыт сенімділігін арттыру шараларына жұмсалған инвестициялар зауыттардағы техникалық ақаулар санын және олар орын алған кезде шикі және қышқыл газды алауларда жағу мөлшерін 2000 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта 96%-ға азайтуға ықпалын тигізді.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 71%-ға азайды. ТШО күрделі жобаларды жүзеге асыру және жабдықтардың сенімділігіне жасалған инвестициялар нәтижесінде аталған мерзім ішінде жылдық мұнай өндіру көлемін 2,5 есе арттырды.
ТШО өнімінің өзге түрлері:
- 2016 жылы ТШО сұйытылған газ сату көлемін 1,35 миллион тонна, табиғи газ сату көлемін 7,21 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 2,33 миллион тоннаға жеткізді.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар:
- 1993 - 2016 жылдар аралығындағы ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 116 миллиард АҚШ долларынан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2016 жылы Қазақстан Республикасына төленген тікелей төлемдердің көлемі 4,7 миллиард АҚШ долларынан асты.
- 2016 жылы ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 1,9 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады, оның 730 миллион АҚШ доллары ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бастап ТШО қазақстандық жеткізушілердің 22 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау:
- Қазіргі таңда ТШО-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жылғы 50% көрсеткішпен салыстырғанда 86% құрайды.
- ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 74% құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.
Әлеуметтік салаға үлес:
- 1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,3 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады.
- 2016 жылдың «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрады. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады.
- 2016 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау және білім беру салаларына қолдау көрсету мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 миллион АҚШ доллары шамасында қаржы бөлінді.
Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
- 2016 жылда ТШО серіктестері Теңіз мұнай кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыру жөніндегі ақырғы шешімнің қабылданғаны туралы жариялады.
-
Тиімділігін барынша арттырып, қаражатты үнемдеу мақсатында ККЖ-ҰЕҚБЖ нысандарының құрылысы бір уақытта орындалып жатыр.
- Өндірістік қуатты арттыру мақсатында табысты түрде жүзеге асырылған ТШО-ның алдыңғы ЕБЗ/ШГА жобасы тәжірибесін негізге ала отырып, ККЖ өндіріс қуатын жылына шамамен 12 млн тонна немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырып, осылайша, мұнай өндірісінің жылдық көлемін шамамен 39 млн тоннаға немесе тәулігіне 850 мың баррельге жеткізуде мақсат етеді.
- ҰЕҚБЖ атқылайтын ұңғылардың ернеулік қысымын төмендетіп, қолданыстағы алты кешенді технологиялық желінің кіре берісіндегі қысымды арттыру арқылы Теңіз кен орнында жұмыс жасайтын зауыттардың толық қуатпен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ жабдықтарының негізгі бөлігі Қазақстан, Оңтүстік Корея және Италияда өндіріледі және алдын ала модульдер құрастырылған соң соңғы құрастыру үшін Теңізге жеткізіледі.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ жалпы инженерлік жобалау жұмыстарының 56%-н аяқтады.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ тобы бүгінгі күнге дейін мердігерлермен жасалған 346 сатып алуға арналған келісімшарттың 90%-ы бойынша жұмыстарды аяқтап, осылайша, қазақстандық кәсіпорындар үшін өз тауарлары мен қызметтерін өткізуге қосымша мүмкіндіктер туғызды.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ-да құрылыс және өндіріс жұмыстарының қызған шағында шамамен 20 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
- ТШО қазақстандық жабдықтаушыларды ККЖ-ҰЕҚБЖ үшін жобалау, сатып алу және модульдерді дайындау қызметтеріне белсенді түрде жұмылдыруда. Қазіргі таңда 1730-дан астам қазақстандық компания алдын-ала іріктеуден өтті.