Пресс-релизы
«Теңізшевройл» ЖШС Атырау қаласына 10 Камаз өрт-сорғы станциясын сыйға тартты
ТОО «Тенгизшевройл» передал в дар 10 пожарно-насосных станций Камаз городу Атырау
Атырау, 27 сәуір 2017 ж. – Бүгін «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Атырау қаласына сыйға тартқан 10 Камаз өрт-сорғы станциясын ТШО бас директоры Тед Этчисон қала әкімі Серік Шапкеновке салтанатты түрде тапсырды.
Соңғы жылдары Атырау қаласында су басу жағдайлары бірнеше рет орын алды, оның салдарынан болған артық суды тазарту үшін арнайы техника қажет болатын. ТШО-ның бұл сыйы қала әкімшілігіне аталған мәселені шешуге көрсеткен қолдауы болып табылады.
«Қала басшылығы және тұрғындары атынан «Теңізшевройл» ЖШС-ға Атырау қаласындағы төтенше жағдайларды алдын алуда көрсетіп отырған ұдайы қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл техника су тасқыны, өзен тасуы және басқа да табиғи және техногенді жағдайлардың салдарымен анағұрлым тиімді түрде күресуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті өз сөзінде Серік Шапкенов.
Қалаға тапсырылған арнайы көлікті ТШО қазақстандық қамтуға қолдау көрсету мақсатында жергілікті өндірушіден сатып алды.
«Бүгін біз қалаға қажетті техниканы сыйға тартып отырмыз, бұл біздің стратегиялық мақсатымыз – жергілікті жұртшылыққа қолдау көрсетумен толықтай үйлеседі. Енді біздің қаламыздың алдағы су тасқындарымен және басқа да төтенше жағдайлармен өз күшімен күресуге мүмкіндігі бар», – деді Тед Этчисон.
Жаңа арнайы көліктердің кілттері салтанатты түрде қала әкімі Серік Шапкенов мырзаға тапсырылды.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкіртті барлау, игеру, өндіру және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. ТШО өз жұмысын қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша әлемдік деңгейдегі стандарттарға сай жүргізеді. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы арасында құрылды. ТШО-ның қазіргі серіктестері: «Шеврон Оверсиз Компани» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛУКАРКО Б.В.» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) және Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) -- «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын екі біріктірілген жоба. ККЖ Теңіз кенішіндегі мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн. тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырады, нәтижесінде кеніштің жалпы өндірістік қуаты жылына шамамен 39 млн. тонна немесе 850 мың баррель шикі мұнай көлемін құрайтын болады. ККЖ өндіріс қуатын арттыратын болса, ҰЕҚБЖ ұңғылардың ернеулік қысымын төмендетіп, қолданыстағы алты технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттардың толық қуатта жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімі
«Теңізшевройл» ЖШС
Атырау, 27 апреля 2017 г. – Сегодня генеральный директор ТОО «Тенгизшевройл» (ТШО) Тед Этчисон вручил акиму города Атырау Серику Шапкенову ключи от 10 пожарно-насосных станций Камаз, переданных в дар городу.
В последние годы в городе Атырау неоднократно имели место критические ситуации, связанные с затоплением, что требовало специального оборудования для откачивания избыточной воды. Сегодняшний вклад ТШО направлен на оказание содействия акимату города в решении данного вопроса.
«От имени руководства города и населения выражаем искреннюю признательность ТОО «Тенгизшевройл» за постоянную поддержку по вопросам предупреждения чрезвычайных ситуаций в городе Атырау. Данная техника позволит более эффективно бороться с результатами паводков, разливов рек и других природных и техногенных происшествий», - подчеркнул в своем выступлении Серик Шапкенов.
Переданное в дар оборудование ТШО закупил у казахстанского производителя в целях поддержки и развития казахстанского содержания.
«Сегодня мы передаем в дар необходимую для города технику, что полностью соответствует нашей стратегической цели – оказанию поддержки местному населению. Теперь у города есть возможность своими силами справляться с наводнениями и другими нештатными ситуациями в будущем», – сказал Тед Этчисон.
В торжественной обстановке ключи от новых автомобилей были переданы акиму города Серику Шапкенову.
ТОО «Тенгизшевройл» (ТШО) – это казахстанская компания, осуществляющая разведку, разработку, добычу и сбыт сырой нефти, СУГ, сухого газа и серы. Все работы по технике безопасности и охране окружающей среды проводятся на мировом уровне. ТШО был образован в апреле 1993 г. между правительством Республики Казахстан и корпорацией «Шеврон». В настоящее время партнерами являются: «Шеврон Оверсиз Компани» – 50%, АО НК «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурз Инк.» – 25% и «ЛУКАРКО Б.В.» – 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТОО «Тенгизшевройл» одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении примерно на 12 млн. тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, и в результате составит около 39 млн. тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.
Отдел по связям с правительством и общественностью
ТОО «Тенгизшевройл»