Пресс-релизы
Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлердің жаңа буыны өз кәсібін бастауға екі күндік семинардан өтуге мүмкіндік алады
Новое поколение социальных предпринимателей Атырау получит возможность пройти семинар по созданию своего бизнеса
Қазақстан, АТЫРАУ, 2019 жылдың 15-16 ақпанында сағат 10:30-да «Шағала» қонақ үйінде болашақ әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған екі күндік семинар өтеді. Білім жобасы Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі (ӘКМ) мен "Шеврон" компаниясы, Британдық Кеңес (British Council) және Атырау қаласы әкімдігінің «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім» серіктестік жобасының қолдауымен ұйымдастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – болашақ кәсіпкерлерді әлеуметтік бизнес негіздеріне үйрету, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және инновациялық идеяларды қолдау арқылы қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелерін шешу.
Семинарға барлық әлеуметтік топтар мен әртүрлі жастағы азаматтар қатыса алады және жалпы 40 қатысушы іріктелінеді. Іріктеу негізіне үміткерлердің Атырау өңірінің өзекті мәселелерін шешу үшін әлеуметтік жоба құру мотивациясы алынады. Іріктеу онлайн-сауалнама арқылы жүргізіледі, оны қатысам дегендер 2019 жылдың 14 ақпанына дейін толтыруға тиісті. Осы жобада қатысушылардың қатарында ҮЕҰ өкілдері, Атырау қаласының азаматтық белсенділері мен кәсіпкерлері болады деп үміттенеміз.
Семинарда Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайтын тәжірибелі әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесумен қатар презентациялар, пікірталастар және нетворкингтер ұйымдастырылады.
Тренерлер:
- Эмин Аскеров - “Green TAL” әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы, "НИКА" Коммуникативтік Дамыту Орталығының лицензиясы бар тренері.
- Арман Ақбердиев - "Атамекен" ҰКП бизнес тренері, бизнестегі жаттықтырушылық пен консалтингтікте, FMCG (кең тұтынылатын тауарлар) сату мен маркетинг саласында және PR-да 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
Эмин Аскеров, “Green TAL” әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы және ӘКМ-нің тренері: «Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде қатысушылар өздерінің әлеуметтік жобаларын бастау үшін қажетті білім ала алады. Екі күндік семинарда олар кәсіпкерліктің теориялық және практикалық негіздерін үйренеді, бизнес-жоспарлау және өндірістік шеберханаларды ашу бойынша дайындықтан өтеді. Бұл жоба азаматтарға идеяларын біріктіруге және дамытуға мүмкіндік береді » - деді.
Семинарға қатысқаннан кейін жобаға қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы білімдерін тереңдетіп, жеке әлеуметтік кәсіпорындарын дамыта алады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі 2018 жылдың 2 ақпанында Астана қаласында ашылды. ӘКМ-нің қолдауымен 12 әлеуметтік кәсіпорын пайда болды. 2018 жылдың жазғы мауысымында ӘКМ аясында Қазақстанның 13 қалаларына сапар ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: әлеуметтік кәсіпкерлік идеясын тарату.
2019 жылдың 14 ақпанына дейін төмендегі сілтемедегі сауалнамадан өтулеріңізді сұраймыз. https://goo.gl/forms/daYUUDDjRE70fMZ63
Байланыс тұлғасы: Эмин Аскеров
Қазақстан, Астана қаласы +7 777 062 63 62
Email: emin.mir@gmail.com
https://web.facebook.com/eminaskerov.kz
АТЫРАУ, Казахстан, 15-16 февраля 2019 года в гостинице «Шагала» ул. Смагулова-1, в 10-30 пройдет двухдневный семинар для будущих социальных предпринимателей, организованный Школой Социального Предпринимательства (ШСП) совместно с партнерским проектом Британского Совета (British Council), компанией «Шеврон» и акиматом Атырауской области «I-SEED: Инновации – социальное предпринимательство и образование». Основная цель образовательного проекта - это обучение желающих создать свой социальный проект, развить предпринимательские навыки и поддержать инновационные идеи, направленные на решение актуальных социальных проблем в современном обществе.
Проект ориентирован на людей разных возрастов и социальных групп. Для участия в семинаре будет отобрано 40 человек, основным критерием отбора будет личный мотив претендента создать социально - ориентированный проект для решения актуальных проблем Атырауского региона. Отбор будет проводиться на основе онлайн-опроса, который необходимо пройти до 14 февраля 2019 г. Ожидается, что в числе участников Школы будут представители НПО, гражданские активисты и бизнесмены г. Атырау.
Программа семинара включает в себя пленарные презентации, дискуссии и нетворкинг с опытными социальными предпринимателями и организациями, поддерживающими социальное предпринимательство в Казахстане.
Тренера:
- Эмин Аскеров - основатель социальной мастерской “Green TAL”, лицензионный тренер Центра Коммуникативного Развития «НИКА».
- Арман Акбердиев - бизнес тренер НПП «Атамекен», более 10 лет опыта работы в FMCG (в области продаж и маркетинге товаров широкого потребления) и PR, а также тренерской и консалтиноговой работы в бизнесе.
Как отметил тренер ШСП и основатель социальной мастерской “Green TAL” Эмин Аскеров: «Школа Социального Предпринимательства дает возможность получить все необходимые знания для старта социально ориентированных проектов. В рамках двухдневного семинара участники получают теоретические и практические основы социального предпринимательства, обучатся бизнес-планированию и построению производственных мастерских. Кроме того, данный проект позволяет объединить людей и развить их идеи».
Ожидается, что после посещения семинара участники проекта углубят знания в области социального предпринимательства, смогут создавать и развивать собственные социальные предприятия.
Школа Социального Предпринимательства открылась в Астане 2 февраля 2018 года. За время существования ШСП появилось 12 социальных предприятий в Астане. Летом 2018 года в рамках ШСП была организована выездная поездка по 13 городам Казахстана. Основная цель: распространить идею социального предпринимательства.
Просьба, всем желающим пройти опросник по ссылке ниже до 10 февраля 2019 года. https://goo.gl/forms/daYUUDDjRE70fMZ63
Контактное лицо: Эмин Аскеров
Астана, Казахстан +7 777 062 63 62
Email: emin.mir@gmail.com
https://web.facebook.com/eminaskerov.kz