Пресс-релизы
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылғы өндірістік және қаржылық нәтижелері
Производственные и финансовые результаты АО «Национальная компания «КазМунайГаз» за 2018 год
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы, 2018 жылғы қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялайды.
ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев: «2018 жылы Компания өзінің қаржылық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты, операциялық жоспарды асыра орындап, Акционер мен ҚР Үкіметі қойған бірқатар стратегиялық міндеттерді орындады. Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту сияқты күрделі әрі көп капитал қажетсінетін жобаны аяқтағанымызды атап өткім келеді, осының арқасында біз ішкі нарықты К4, К5 экологиялық кластағы (Еуро-4, Еуро-5 стандарттары) меншікті мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз еттік. Қазақстан газын Қытайға экспорттауды жылына 5 млрд-тан 10 млрд текше метрге дейін арттыру жөніндегі келісімшартқа қол қойылды, бұл газ сатудан түскен түсімді 2 еседен астам арттыруға мүмкіндік берді. Компания қаржылық тұрақтылықты нығайту бойынша да бірқатар шаралар қабылдады. 2018 жылы ҚМГ сыртқы қарызы төмендеді, оның ішінде 1,6 млрд АҚШ доллары сомасындағы еурооблигацияларды өтеу және Сбербанктен алынған 400 млн АҚШ доллары сомасындағы қарызды мерзімінен бұрын өтеу есебінен төмендеді. Бүгінде «ҚазМұнайГаздың» өткен жылғы нәтижелері негізгі акционердің үміттеріне толық сай екенін атап өтуге болады».
2018 жылғы өндірістік көрсеткіштер:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішімен салыстырғанда 1,0% өсіп, 23 606 мың тоннаға (тәулігіне 484,2 мың баррель) дейін жетті;
- Табиғи және ілеспе газды өндіру өткен жылдың есепті кезеңіне қарағанда 1,8% артып, 8 137 млн м³ құрады;
- 2017 жылмен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 0,3% шамалы ғана өсіп, 75 038 мың тоннаны құрады;
- Газ тасымалдау көлемі 2017 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, 10,6% өсіп, 111,6 млрд м³ құрады;
- Көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі, негізінен, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу көлемінің ұлғаюы нәтижесінде 8,3% ұлғайып, 19 715 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында 13 384 мың тонна мөлшеріндегі және Румыниядағы KMG International («KMG I») зауыттарында 6 331 мың тонна мөлшеріндегі өңдеу көлемін қамтиды. Мұнай өнімдерін өндірудің жалпы көлемі есепті кезеңде 6,7% өсіп, 18 337 мың тоннаны құрады;
- Өндірілген меншікті мұнай мен конденсатты өткізу көлемі өткен жылдың есепті кезеңіне қарағанда 1,3% өсіп, 23 735 тоннаны құрады.
2018 жылғы қаржылық көрсеткіштер:
- 2018 жылы сатудан түскен түсім 45,8% өсіп, 6 989 млрд теңгені (20 275 млн. АҚШ доллары) құрады;
- 2018 жылы таза пайда 694 млрд теңгеге (2 012 млн. АҚШ доллары) ұлғайып, 2017 жылмен салыстырғанда 32,0% өсті;
- Есепті кезеңдегі күрделі шығындар 628 млрд теңгені (1 822 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 6,1% төмен;
- EBITDA көрсеткіші 4 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 53,2% өсіп, 1 863 млрд. теңге (5 404 млн. АҚШ доллары) болды;
- Компанияның таза қарызы 2018 жылдың 31 желтоқсанында 2 167 млрд теңгені (5 639 млн. АҚШ доллары) құрады;
- Түзетілген еркін ақша ағыны 5 352 млрд теңгені (1 022 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 23,3% жоғары.
Басты корпоративтік оқиғалар:
- 2018 жылдың 10 мамырынан бастап ЖДҚ және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ») жай акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларының тізімінен шығарылды. Сатып алу нәтижесінде ҚМГ-ге ҚМГ БӨ жай акцияларының 99,6% тиесілі;
- 2019 жылдың 22 ақпанында ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларды кері сатып алу бағдарламасын аяқтады. Осылайша, ҚМГ жалпы сомасы 15,9 млрд теңгеге артықшылықты акцияларды сатып алды;
- 2018 жылдың қараша айында S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ рейтингін «ВВ-/kzA» деңгейінен «ВВ/kzA+» деңгейіне дейін көтерді, болжам «тұрақты». Осының салдарынан компанияның өз кредит қабілетінің рейтингі (stand-alone credit profile) «b» деңгейінен «b+» деңгейіне дейін көтерілді;
- 2019 жылғы наурызда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ рейтингін «ВВВ-/болжам тұрақты» деңгейінде растады, бұл ретте жеке рейтингі (stand-alone credit profile) «b» деңгейінен «bb-» деңгейіне дейін көтерілгенін атап өтті;
- 2018 жылдың қараша айында Алик Айдарбаев ҚМГ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Бұрын ол ҚМГ-мен тікелей байланысты лауазымдарды атқарған болатын: негізгі акционер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілі ретінде ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі болды, ҚМГ БӨ бас директоры болды, Маңғыстау облысының әкімі болды, онда ҚМГ-нің басты өндірістік активі «Өзенмұнайгаз» өңірдің дамуына маңызды рөл атқарады;
- 2019 жылғы 29 наурызда ҚМГ (1) 2018 жылғы Еурооблигацияларды шығару шарттарымен ковенант пакетін теңестіруге және (2) 2044 жылы өтелуі тиіс 30,1 млн. АҚШ доллары сомасындағы Еурооблигацияларды мерзіміне бұрын өтеуге 2022, 2023, 2022, 2047 жылдары өтелуі тиіс Еурооблигацияларды (2018 жылға дейін шығарылған Еурооблигациялар) ұстаушылардың келісімін алды.
- Активтер портфелін жекешелендіру және оңтайландыру бағдарламасы аясында бір жыл ішінде өткізілгені: «ҚТГ-Тбилиси» ЖШҚ – 40 млн. АҚШ доллары, «Қазақстан-Британ университеті» АҚ (ҚБТУ) – 11 370 млн теңге; «KMG Retail» ЖШС – 60 512 млн теңге; «ҚМГ-Сервис Грузия» ЖШҚ – 10,3 млн. АҚШ доллары.
АО «Национальная компания «КазМунайГаз» (далее – «КМГ», «Компания»), вертикально-интегрированная нефтегазовая компания Казахстана, объявила финансовые и операционные результаты за 2018 год.
Председатель Правления КМГ Алик Айдарбаев: «В 2018 году Компания значительно улучшила свои финансовые показатели, перевыполнила операционный план и исполнила ряд стратегических задач, поставленных Акционером и Правительством РК. Хочу отметить завершение сложного и капиталоемкого проекта – модернизация нефтеперерабатывающих заводов, благодаря которому мы полностью обеспечили внутренний рынок собственными нефтепродуктами экологического класса К4, К5 (стандарты Евро-4, Евро-5). Подписан контракт по увеличению экспорта казахстанского газа в Китай с 5 млрд до 10 млрд кубометров в год, что позволило увеличить выручку от реализации газа более чем в 2 раза. Компания приняла ряд мер и по укреплению финансовой устойчивости. В 2018 году снижен внешний долг КМГ, в том числе за счет погашения Еврооблигаций на сумму 1,6 млрд долл. США и досрочного погашения займа от Сбербанка на общую сумму 400 млн долл. Сегодня можно констатировать, что результаты «КазМунайГаза» за прошедший год в полной мере отвечают ожиданиям основного акционера».
Производственные показатели за 2018 год :
- Объем добычи нефти и газового конденсата вырос на 1,0% в сравнении с показателем аналогичного периода прошлого года до 23 606 тыс. тонн (484,2 тыс. барр. в сутки);
- Добыча природного и попутного газа увеличилась на 1,8% к отчетному периоду прошлого года, составив 8 137 млн м³;
- Объем транспортировки нефти составил 75 038 тыс. тонн, незначительно увеличившись на 0,3% по сравнению с 2017 годом;
- Объем транспортировки газа вырос на 10,6% к отчетному периоду 2017 года, составив 111,6 млрд м³;
- Объем переработки углеводородного сырья увеличился на 8,3% и составил 19 715 тыс. тонн, в основном, в результате увеличения объема переработки на казахстанских нефтеперерабатывающих заводах. Данный показатель включает объем переработки на казахстанских нефтеперерабатывающих заводах в размере 13 384 тыс. тонн и на заводах KMG International («KMG I») в Румынии в размере 6 331 тыс. тонн. Общий объем производства нефтепродуктов вырос на 6,7% и составил 18 337 тыс. тонн в отчетном периоде;
- Объем реализации собственной произведенной нефти и конденсата вырос на 1,3% к отчетному периоду прошлого года, составив 23 735. тонн.
Финансовые показатели за 2018 год :
- Выручка от реализации за 2018 год выросла на 45,8% и составила 6 989 млрд тенге (20 275 млн долл. США);
- Чистая прибыль за 2018 год выросла до 694 млрд тенге (2 012 млн долл. США), увеличившись на 32,0% по сравнению с 2017 годом;
- Капитальные затраты за отчетный период составили 628 млрд тенге (1 822 млн долл. США), что на 6,1% ниже показателя 2017 года;
- Показатель EBITDA 4 вырос на 53,2% по сравнению с показателем за 2017 год и составил 1 863 млрд тенге (5 404 млн долл. США);
- Чистый долг компании на 31 декабря 2018 года составил 2 167 млрд тенге (5 639 млн долл. США);
- Скорректированный свободный денежный поток 5 составил 352 млрд тенге (1 022 млн долл. США), что на 23,3% выше показателя 2017 года.
Корпоративные ключевые события:
- С 10 мая 2018 года ГДР и простые акции АО «Разведка Добыча «КазМунайГаз» (далее – «РД КМГ») исключены из списков Лондонской и Казахстанской фондовых бирж. В результате выкупа КМГ принадлежит 99,6% простых акций РД КМГ;
- 22 февраля 2019 года РД КМГ завершил программу обратного выкупа привилегированных акций. Таким образом, КМГ выкупила привилегированные акции на общую сумму 15,9 млрд тенге;
- В ноябре 2018 года международное рейтинговое агентство S&P Global Ratings повысило рейтинг КМГ с «ВВ-/kzA» до «ВВ/kzA+», прогноз «стабильный». Как следствие повышен рейтинг собственной кредитоспособности компании (stand-alone credit profile) c «b» до «b+»;
- В марте 2019 года международное рейтинговое агентство Fitch подтвердило рейтинг КМГ на уровне «ВВВ-/Прогноз стабильный», отметив при этом повышение отдельного рейтинга (stand-alone credit profile) с «b» до «bb-»;
- В ноябре 2018 года Алик Айдарбаев был назначен председателем Правления КМГ. Ранее он занимал должности, непосредственно связанные с КМГ: был членом Совета директоров КМГ как представитель основного акционера – ФНБ «Самрук-Казына», был генеральным директором РД КМГ, был акимом Мангистауской области, где важную роль в развитии региона играет ключевой производственный актив КМГ – «Озенмунайгаз»;
- 29 марта 2019 года КМГ получил согласие держателей Еврооблигаций, подлежащих к погашению в 2022, 2023, 2027, 2047гг. (Еврооблигации, выпущенные до 2018 года) на (1) выравнивание ковенантного пакета с условиями выпуска Еврооблигаций 2018 года и (2) досрочное погашение Еврооблигаций на сумму 30,1 млн. долл. США, подлежавших к погашению в 2044 году;
- В рамках Программы приватизации и оптимизации портфеля активов, в течение года реализованы: ООО «КТГ-Тбилиси» за 40 млн долл. США, АО «Казахстанско-Британский Университет» (КБТУ) за 11 370 млн тенге; ТОО «KMG Retail» за 60 512 млн тенге; ОсОО «КМГ-Сервис Грузия» за 10,3 млн. долл. США.