Пресс-релизы
Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер. 2019 жылдың бірінші тоқсаны бойынша мәлімет
Тенгизшевройл цифры и факты. Итоги первого квартала 2019 года
Тарих/Қатысушылар:
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- ТШО-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко Б.К. » – 5%.
Өнім өндіру/Қорлар:
- Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд. баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд. баррель) шамасында мұнай бар деп есептеледі. • Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (7,1 - 10,9 миллиард баррель) құрайды. • Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал, табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті.
- 2019 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндіру көлемі 7,6 миллион тоннаны (60,7 миллион баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- 2000 жылдан бері ТШО қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 3,1 миллиард АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлді.
- Қазіргі таңда ТШО өндірілген газдың 98%-дан астамын кәдеге жаратуда.
- Жабдықтың сенімділігін арттыру шараларына жұмсалған инвестициялар 2000 жылдан 2019 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі аралықта зауыттардағы техникалық ақаулар санын және алауда жоспардан тыс және технология бойынша шарасыз жағылатын шикі және қышқыл газ көлемін 98%-ға азайтуға мүмкіндік берді.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 71%-ға азайды. ТШО күрделі жобаларды жүзеге асыру және жабдықтардың сенімділігіне жасалған инвестициялар нәтижесінде аталған мерзім ішінде жылдық мұнай өндіру көлемін 2,7 есе арттырды.
ТШО өнімінің өзге түрлері:
- 2019 жылдың бірінші тоқсанында ТШО сұйытылған газ сату көлемін шамамен 330 мың тоннадан асырып, құрғақ газ сату көлемін 2,4 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 660 мың тоннаға жеткізді.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар:
- 1993 жылдан 2019 жылдың бірінші тоқсанына дейін ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 137 миллиард АҚШ долларынан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасына төленген тікелей төлемдердің көлемі 2,5 миллиард АҚШ доллардан асты.
- 2019 жылдың бірінші тоқсанында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 1 миллиард АҚШ доллардан астам қаржы жұмсады, оның 785 миллион АҚШ доллардан астамы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бастап ТШО қазақстандық компаниялардың 29 миллиард АҚШ доллардан астам қаражатын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау:
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 80,9% құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмысшыларын есепке алмағанда, ТШО-да қызметкерлердің 88,4% қазақстандықтар құрайды. 1993 жылы бұл көрсеткіш 50% құраған.
- ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 61,5% құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.
Әлеуметтік салаға үлес:
- 1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,7 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады.
- «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының 2019 жылғы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрайды. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады.
- 2019 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау және білім беру салаларына қолдау көрсету мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінеді.
Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
Жалпы мағлұмат
- 2016 жылы ТШО Серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты қорытынды шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- Тиімділікке қол жеткізу және шығындарды азайту үшін ККЖ мен ҰЕҚБЖ жобаларының құрылысы қатар жүзеге асырылады.
- ТШО-ның сәтті жүзеге асқан ШГА/ЕБЗ жобасының негізінде, ККЖ мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 миллион тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырмақ. Мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 39 миллион тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды.
- ҰЕҚБЖ кеніштегі ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіреберісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.
Қазақстандық қамту
- Ел аумағында ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде 45 000-нан астам қазақстандық азамат еңбек етеді, бұл Қазақстандағы жалпы жоба қызметкерлері санының 91%-ын құрайды.
- ТШО қазақстандық компанияларды ККЖ-ҰЕҚБЖ аясындағы жобалау, сатып алу, құрастыру жұмыстарына жұмылдырып, осы күнге дейін 2 100-ден астам қазақстандық компанияны алдын ала іріктеуден өткізді. Соның ішінде 500-ден астам Қазақстан Республикасында тіркелген компания ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмыстарына тартылған. Техникалық мүкіндіктерді бағалау мақсатында 160-тан аса қазақстандық компания араланды. 2019 жылдың 1-тоқсанында қазақстандық қамтуға жұмсалған қаражат көлемі 785 миллион АҚШ долларынан асып түсті. ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жобаның басынан бастап ҚҚ-ға жұмсалған жалпы қаражат көлемі 6,2 миллиард АҚШ долларын құрады.
Әлем бойынша жобаның жұмыс барысы
- Негізгі өндірістік нысандар жобаланып жатыр.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ жабдықтарының негізгі бөлігі Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Италияда жасалуда. Жабдықтар модульдерге орнатылғаннан кейін, олар Теңіз кен орнына түпкілікті жиналып, монтаждалуы үшін тасымалданады.
- Құрастырмалы модульдік эстакадалар Қазақстандағы «ЕРСАЙ» өндірістік алаңында монтаждалуда. 2018 жылы Теңіз кен орнына 28 құрастырмалы модуль эстакадалары жеткізілген. 2019 жылы жөнелтілетін құрастырмалы модуль эстакадасының алғашқысы наурыз айында жүктелді.
- Италияның Авенца қаласындағы алаңда «Фрейм 9» газ турбиналы генераторлардың (ГТГ) модульдерін жасау және жабдықтау бойынша жұмыстар жалғасуда.
- Оңтүстік Кореяда модульдерді жасау жұмыстары жалғасын табуда.
Теңіз кен орнындағы жоба бойынша жұмыс барысы
- Теңіз кен орнында жалпы мақсаттағы қызметтер тобы барлық негізгі қызметтерді ұсыну үстінде. Қалған уақытша қосымша және тұрақты инфрақұрылым нысандары бойынша жұмыстарды аяқтауға басты назар аударылуда.
- Басқару және электрмен қамтамасыз ету жүйелері: “Базалық” кіші станцияда құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Әуемен электр тасымалдау желісін, оптикалық талшықты байланыс желісін және түрлі кіші электр станцияларын салу жұмыстары жүріп жатыр.
- Мұнай жинау жүйесі: Бірінші басымдылықтағы жоғары қысымды мұнай жинау жүйесінің бірінші кезектегі нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалып жатыр. Бірінші басымдылықтағы жоғары қысымды мұнай жинау жүйесінің нысандарында негізгі құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
- ҮБЗ нысанында жалпы құрылыс және жер асты коммуникацияларын төсеу жұмыстары жалғасуда. Сұйыққоймалардың монтажы да жақсы қарқынмен орындалуда. 20 құрастырмалы модуль эстакадасы іргетасына қондырылып, дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық үш жиынтықты қазандықтар және Оңтүстік Кореядан жеткізілген алғашқы екі модуль іргетасына орнатылды. ҮБЗ-да 2 ГТГ мен бір технологиялық модуль сәтті түрде қайта жиналды. МЭжБӨА мердігері “дәстүрлі” құрылыс әдісімен салынатын нысандардағы жұмысына кірісті.
- ШГАҮБ нысанында жалпы құрылыс және жер асты коммуникацияларын төсеу жұмыстары жалғасуда. 2 құрастырмалы модуль эстакадасы іргетасына қондырылып, дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Тағы 6 ҚМЭ қоймалау алаңында. МЭжБӨА мердігері “дәстүрлі” құрылыс әдісімен салынатын нысандардағы жұмысына кірісті.
История/Участники:
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы:
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд. баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд. баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 млрд. баррелей). • Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 млн. кубических футов).
- В первом квартале 2019 года объемы добычи сырой нефти составили 7,6 миллионов тонн (60,7 миллионов баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды:
- С 2000 года ТШО инвестировал 3,1 миллиарда долларов США на проекты по снижению воздействия на окружающую среду.
- В настоящее время ТШО утилизирует более 98% газа.
- Инвестиции в повышение надёжности оборудования позволили снизить количество технических сбоев на заводах. За период с 2000 года по первый квартал 2019 года объёмы сырого и кислого газа, внепланово и технологически неизбежно сжигаемого на факелах, уменьшились на 98%.
- С 2000 года общий удельный объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 71%, при этом ТШО увеличил годовой объем добычи нефти в 2,7 раза в результате реализации капитальных проектов и инвестиций в надежность оборудования.
Реализация продукции:
- В первом квартале 2019 года ТШО реализовал порядка 330 тысяч тонн сжиженного газа, 2,4 миллиарда кубических метров сухого газа, а также 660 тысяч тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан:
- С 1993 года по первый квартал 2019 года прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 137 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- В первом квартале 2019 года прямые выплаты Республике Казахстан составили более 2,5 миллиардов долларов США.
- В первом квартале 2019 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму более 1 миллиарда долларов США, включая более 785 миллионов долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 29 миллиардов долларов США.
Развитие кадров:
- Совокупный штат основного производства и ПБР-ПУУД состоит на 80,9% из граждан Казахстана. Без учета персонала ПБР-ПУУД, в штате ТШО 88,4% работников – казахстанцы. В 1993 году этот показатель составлял 50%.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 61,5% от общего числа руководящего состава. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 1,7 миллиарда долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2019 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составит 25 миллионов долларов США, основная часть которого будет направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2019 году ТШО выделит более 1 миллиона долларов США на поддержку здравоохранения и образования в Атырауской области в рамках Программы социальных инвестиций.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
Общие сведения
- В 2016 году партнёры ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), следующего этапа масштабного расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- В целях повышения эффективности и экономии средств строительство объектов ПБР-ПУУД выполняется одновременно.
- Исходя из опыта успешной реализации проекта ЗСГ/ЗВП ТШО, ПБР увеличит объёмы производства примерно на 12 миллионов тонн в год или 260 000 баррелей в сутки. Общий объём производства составит порядка 39 миллионов тонн в год или 850 000 баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.
Казахстанское содержание
- Более 45 000 казахстанцев работают на ПБР-ПУУД внутри страны, что составляет 91% от общей численности персонала проекта в Казахстане.
- Компания ТШО привлекает казахстанские предприятия к участию в реализации ПБР-ПУУД в части проектирования, закупок и производственно-сборочных работ. К настоящему времени более 2 100 казахстанских компаний прошли предварительный отбор, а более 500 зарегистрированных в РК компаний уже работают на ПБР-ПУУД. Представители ПБР-ПУУД посетили более 160 казахстанских компаний в целях проверки их технических и кадровых возможностей. Затраты на казахстанское содержание в 1 квартале 2019 года составили более 785 миллионов долларов США. Общая сумма затрат на КС в рамках ПБР-ПУУД с начала проекта составляет 6,2 миллиардов долларов США.
Ход выполнения работ по проекту по всему миру
- Выполняется проектирование основных производственных объектов.
- Основное оборудование для ПБР-ПУУД производится в Республике Казахстан, Южной Корее и Италии. После установки оборудования в модули, последние перевозятся на Тенгизское месторождение для окончательной сборки и монтажа.
- На производственной площадке «Ерсай» в Казахстане выполняется монтаж сборных модульных эстакад (СМЭ). В 2018 году на Тенгизское месторождение доставлены 28 СМЭ. Первая из СМЭ, которые подлежат доставке в 2019 году, отгружена в марте.
- В г. Авенца (Италия) продолжаются работы по изготовлению и поставке модулей газотурбинных генераторов (ГТГ) «Фрейм 9».
- В Южной Корее продолжаются работы по изготовлению модулей.
Ход работ по проекту в Тенгизе
- В Тенгизе группа общих услуг продолжает предоставлять все основные услуги. Основное внимание уделяется завершению работ по оставшимся объектам временной вспомогательной и постоянной инфраструктуры.
- Системы управления и электроснабжения: ведутся строительно-монтажные работы на подстанции «Базовая». Ведутся работы по строительству воздушных линий электропередачи, линий оптоволоконной связи и различных электрических подстанций.
- Система сбора: ведутся строительно-монтажные работы на объектах 1-й очереди системы сбора высокого давления приоритета №1. Ведутся основные строительные работы на объектах системы сбора высокого давления.
- На ЗТП продолжаются общестроительные работы и прокладка подземных коммуникаций. Хорошими темпами ведутся работы по монтажу резервуаров. 20 СМЭ установлены на фундаменты. Ведутся сварочные работы. Все три комплектные котельные и первые два модуля, прибывшие из Южной Кореи, установлены на фундаменты. На ЗТП успешно завершена повторная сборка двух ГТГ и одного технологического модуля. Подрядчики по монтажу МЭиКИП приступили к работам на объектах «традиционного» строительства.
- На ЗСГТП продолжаются общестроительные работы и прокладка подземных коммуникаций. 2 СМЭ установлены на фундаменты. Ведутся сварочные работы. Ещё 6 СМЭ находятся на площадке хранения. Подрядчик по монтажу МЭиКИП приступил к работам на объектах «традиционного» строительства.