Пресс-релизы
ҚазТрансОйл мен Транснефть РФ аумағындағы технологиялық мұнайды ҚР аумағына ығыстыруды аяқтады КазТрансОйл и Транснефть завершили вытеснение технологической нефти с территории РФ на территорию РК
2019 жылғы 21 шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ-қа тиесілі және Ресей Федерациясының аумағында «Омск-Павлодар» магистральдық мұнай құбырында болған 141 728 тонна технологиялық мұнайды қайтару жұмыстары аяқталды.
Бұл рәсімдер 2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новак қол қойған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Технологиялық мұнайдың статусын айқындау туралы келісімде тіркелді. Келісімді 2018 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы бекітті.
Келісімнің ережелері бойынша 62 048 тонна көлемдегі технологиялық мұнайды қайтару былай жүргізілді:
1) ТОН-2 мұнай құбырындағы 62 048 тонна мұнайға меншік құқығы «ҚазТрансОйл» АҚ-қа берілді;
2) оның орнына «Омск-Павлодар» магистральдық мұнай құбырындағы тап сондай 62 048 тонна көлемдегі мұнайға меншік құқығы «Транснефть» ЖАҚ-қа берілді.
Технологиялық мұнайдың қалған көлемін, 79 680 тонна, «ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ЖАҚ 2019 жылғы 10-21 шілде аралығындағы кезеңде топ-топпен РФ аумағынан ҚР аумағына ығыстырды. Нәтижесінде «Транснефть» ЖАҚ мұнай құбырлары жүйесінде қалып қойған «ҚазТрансОйл» АҚ технологиялық мұнайының бүкіл көлемі, 141 728 тонна, «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры жүйесіне қайтарылды.
- «ҚазТрансОйл» және «Транснефть» компаниялары он жылдан астам созылған жұмысты аяқтады, - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов. – Мұнайды ығыстыру жұмыстарының аяқталуы «ҚазТрансОйл» АҚ-қа заң жүзінде бұрын даулы болған 141 728 тонна мұнайдың меншікті иесі болуға мүмкіндік берді. Бұл мұнайды біздің компания мұнай тасымалының технологиялық барысында пайдалантын болады.
Анықтама
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ қоғаммен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
21 июля 2019 года завершены работы по возврату 141 728 тонн технологической нефти, принадлежавшей АО «КазТрансОйл» и находившейся на территории Российской Федерации в магистральном нефтепроводе «Омск-Павлодар».
Данные процедуры были закреплены 9 ноября 2017 года в Соглашении между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об определении статуса технологической нефти, подписанном Министром энергетики Республики Казахстан Канатом Бозумбаевым и Министром энергетики Российской Федерации Александром Новаком в Челябинске. Соглашение было ратифицировано Республикой Казахстан и Российской Федерацией в 2018 году.
По условиям Соглашения, процедура по возврату технологической нефти в объеме 62 048 тонн проведена следующим образом:
1) на нефть, находящуюся в магистральном нефтепроводе ТОН-2 в объеме 62 048 тонн, право собственности было признано за АО «КазТрансОйл»;
2) взамен право собственности на часть нефти, находящейся в магистральном нефтепроводе «Омск – Павлодар» в том же объеме 62 048 тонн, признано за ПАО «Транснефть».
Остальной объем технологической нефти, 79 680 тонн, был вытеснен АО «КазТрансОйл» и ПАО «Транснефть» с территории РФ на территорию РК партиями, в период с 10 по 21 июля 2019 года. В результате весь объем технологической нефти АО «КазТрансОйл», 141 728 тонн, находившийся в системе нефтепроводов ПАО «Транснефть», возвращен в систему нефтепроводов АО «КазТрансОйл».
- Компании «КазТрансОйл» и «Транснефть» завершили работу, которая длилась более 10 лет, - отмечает генеральный директор АО «КазТрансОйл» Димаш Досанов. – Завершение работ по вытеснению нефти позволило АО «КазТрансОйл» на законных основаниях стать собственником 141 728 тонн нефти, право на которую ранее было спорным. Данная нефть будет использоваться нашей компанией в технологическом процессе транспортировки нефти.
Справка
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана.
Департамент по связям с общественностью и
внутренним коммуникациям АО «КазТрансОйл»