Пресс-релизы
ҚазМұнайГаз, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Тоталь ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды КазМунайГаз, Министерство энергетики и Тоталь подписали меморандум о сотрудничестве
2019 жылғы 30 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ), Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және «Тоталь Э энд П Қазақстан» компаниясы мұнай-газ кешенінде цифрландыру саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Лё Мэрдің Қазақстан Республикасына сапары аясында қол қойылды.
Құжатқа сәйкес тараптар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және мұнай-газ индустриясында цифрландыруды дамытудың бұдан кейінгі барысын іске асыруда мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға жәрдемдесуге ниеттенді.
Ынтымақтастық шеңберінде цифрландыру мәселелері бойынша кеңес беру, «Тоталь» компаниясының тәжірибесін негізге ала отырып, цифрландыру жобаларын іске асыру, деректерді басқару ісін жақсарту, кадр дайындау мен олардың біліктілігін арттыруда қолдау көрсету, білім беру бастамаларын ілгерілету және т.б. іс-шаралар жоспарлануда.
«Тоталь әлемдегі ең ірі мұнай-газ компанияларының алғашқы ондығына кіреді. Сондықтан оның мұнай-газ саласын цифрландыру және озық технологияларды қолдау мәселелеріндегі тәжірибесі Қазақстанға операциялық қызметтің тиімділігін арттыру және мұнай-газ активтерінің көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында жұмысты жүргізудің үздік үлгілерін үйренуге мүмкіндік береді. Меморандум екі компанияның арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, оның ауқымын едәуір кеңейте түседі», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев.
Анықтамалық ақпарат:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі.
«Тоталь» Қазақстандағы қызметін 1993 жылдан бері жүзеге асырып келеді. «Тоталь Э энд П Қазақстан» компаниясының әлемдегі ең ірі көмірсутек кен орындарының бірі – Қашағанда 16,81% үлесі бар. 2005-2018 жылдар аралығында Францияның Қазақстан экономикасына күрделі салымдарының көлемі 15 млрд. АҚШ долларын құрады.
30 июля 2019 года АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ), Министерство энергетики Республики Казахстан и компания «Тоталь Э энд П Казахстан» подписали Меморандум о взаимопонимании в сфере цифровизации в нефтегазовой отрасли. Меморандум подписан в рамках визита министра экономики и финансов Франции Брюно Лё Мэра в Республику Казахстан.
В соответствии с подписанным документом стороны намерены оказывать содействие государственным органам и другим организациям в реализации государственной программы «Цифровой Казахстан» и дальнейшем процессе развития цифровизации нефтегазовой индустрии.
В рамках сотрудничества планируются консультации по вопросам цифровизации, реализация инициатив цифровизации на примере компании «Тоталь», улучшение управления данными, оказание поддержки в подготовке и повышении квалификации кадров, продвижение образовательных инициатив и т.д.
«Тоталь входит в топ-10 крупнейших нефтегазовых компаний мира. Поэтому их опыт в вопросах цифровизации нефтегазовой отрасли и применении современных технологий позволит Казахстану перенять лучшие практики с целью повышения эффективности операционной деятельности и увеличения показателей нефтегазовых активов. Подписанный меморандум позволит не только укрепить сотрудничество между двумя компаниями, но и значительно расширит его границы», – отметил заместитель председателя Правления КМГ по производству Жакып Марабаев.
Справочная информация:
АО «Национальная компания «КазМунайГаз» − казахстанский национальный оператор по разведке, добыче, переработке и транспортировке углеводородов. 90,42% акций АО НК «КазМунайГаз» принадлежит АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», 9,58% − Национальному банку Республики Казахстан.
«Тоталь» осуществляет свою деятельность в Казахстане с 1993 года. Компания «Тоталь Э энд П Казахстан» владеет 16,81% доли в одном из крупнейших углеводородных месторождений в мире - Кашаган. Объем капиталовложений Франции в экономику Казахстана за период с 2005 по 2018 годы составил 15 млрд долларов США.