Пресс-релизы
«Теңізшевройл» ЖШС Маңғыстау облысындағы «Қызылсай» аймақтық табиғи саябағына құрал-жабдықтар сыйға тартты ТОО «Тенгизшевройл» передал в дар оборудование региональному природному парку «Кызылсай» в Мангистауской области
2019 жыл, 22 тамыз, Ақтау қ., Қазақстан – Ақтау қаласында «Қызылсай» аймақтық табиғи саябағына табиғат қорғау мақсаттарына арналған арнайы құрал-жабдықтарды сыйға тарту рәсімі өтті.
Осы мекеме иелігінде 1,047 млн. га аумақты алып жатқан 7 ерекше қорғалатын табиғи аймақ бар. Саябақ қызметкерлері орындайтын негізгі жұмыс жабайы жануарлар мен құстарды, ұсақ жәндіктерді қорғау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің популяциясын сақтау, сондай-ақ оларды үнемі бақылауда ұстау болып табылады.
«Қызылсай» табиғи саябағына қолдау көрсету мақсатында «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі – ТШО) басшылығы 45 миллион теңгеден астам қаржыға табиғат қорғау мақсаттары үшін арнайы құрал-жабдықтарды, атап айтқанда 4 дронды, 22 фототұзақты, 6 рацияны, 4 дүрбіні және саябақ қызметкерлері үшін 7 жылжымалы тұрғын вагонды сатып алуға демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қашақов Бақытжан Аманжолұлы, сондай-ақ табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің аймақтық инспекциясының және «Қызылсай» табиғи аймақтық саябағының өкілдері қатысты.
-«Теңізшевройл» кәсіпорнына осындай әлеуметтік жобаларға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз. ТШО -ның биотүрлілікті сақтауға және сирек кездесетін жануарларды зерттеуге ерекше көңіл бөлетіні бізді қуантады», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А.Қашақов.
ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев өз сөзінде: «2018 жылы ТШО облыста қысқа мерзімді Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын жүзеге асыра бастады. ТШО-ның Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы мақсаттарының бірі қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге оң үлесін қосу болып табылады. Осы міндетті орындау үшін біз Маңғыстау облысының әкімдігінен келіп түскен демеушілік көмек көрсету туралы өтінішті қолдадық және бүгін «Қызылсай» табиғи саябағына қажетті жабдықтарды сыйға тартудамыз. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында «Теңізшевройл» ЖШС-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде құны шамамен 2 млн АҚШ долларын құрайтын 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда», - деді.
«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.
22 августа 2019 г., Актау, Казахстан – В Актау состоялась церемония передачи в дар региональному природному парку «Кызылсай» специального оборудования, предназначенного для природоохранных целей.
Под охраной данного учреждения находится 7 особо охраняемых природных зон, занимающих площадь около 1,047 млн.га. Основная работа, выполняемая сотрудниками парка, заключается в охране диких животных и птиц, мелких насекомых и в сохранении популяции животного и растительного мира, а также постоянном наблюдении за ними.
В целях оказания поддержки природному парку «Кызылсай» в осуществлении своей работы руководство компании ТОО «Тенгизшевройл» (далее - ТШО) приняло решение оказать спонсорскую помощь в покупке специального оборудования на сумму свыше 45 миллионов тенге для природоохранных целей, а именно 4-х дронов, 22-х фотоловушек, 6 раций, 4-х биноклей и 7 передвижных жилых вагонов для сотрудников парка.
На церемонии присутствовали Качаков Бакытжан Аманжолович заместитель акима Мангистауской области, а также представители управления природных ресурсов и природопользования, территориальной инспекции лесного хозяйства и животного мира Мангистауской области и регионального природного парка «Кызылсай».
«Спасибо компании «Тенгизшевройл» за поддержку таких социальных проектов. Мы очень рады, что ТШО придаёт большое значение сохранению биоразнообразия и изучению редких животных», - сказал в своей речи заместитель акима Мангистауской области Качаков Б.А.
В своей речи генеральный менеджер отдела по связям с правительством и общественностью ТШО Рзабек Артыгалиев отметил: «В 2018 году ТШО начал реализацию краткосрочной Программы социальных инвестиций в области. Одной из задач Программы социальных инвестиций ТШО является положительный вклад в решение вопросов охраны окружающей среды. В рамках решения данной задачи мы поддержали запрос о спонсорстве, полученный от акимата Мангистауской области, и сегодня дарим природному парку «Кызылсай» необходимое оборудование. В настоящее время в Мангистауской области в рамках программы социальных инвестиций ТОО «Тенгизшевройл» реализуется 8 социальных проектов на общую сумму около 2 млн долларов США».
ТОО «Тенгизшевройл» осуществляет разработку, производство и сбыт сырой нефти, газа и серы. Все работы ведутся в соответствии с мировыми стандартами требований по технике безопасности и экологии. ТОО «Тенгизшевройл» было образовано в 1993 году Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон». Партнерами ТОО «Тенгизшевройл» на данный момент являются корпорация «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил 25% и «ЛукАрко» - 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТШО одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении примерно на 12 млн тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, и в результате составит около 39 млн тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.