Пресс-релизы
Таразда газ тарату желілерін жаңарту аяқталып келеді В Таразе завершается модернизация газораспределительной сети
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ, Тараз қаласының газ тарату желілерінің 2019 жылға белгіленген ауқымды жаңғырту жұмыстарын толығымен аяқтады.
Жобаның негізгі мақсаты – тұтынушыларға газ жеткізудің сенімділігін арттыру үшін газ желілері мен жабдықтарын толық жаңарту. Облыс орталығы жарты ғасырдан астам уақыт бұрын газдандырылған болатын және жаңғырту жұмыстары басталған кезде таратушы газ құбырлары мен жабдықтардың 66%-ның тозығы жеткен еді. Шұғыл шараларды қолға алмаса, апаттар мен газ берудегі үзілістердің болуы анық еді.
Тараз қаласының газ тарату жүйесін жаңғырту жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мақұлдаған инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Жобаға сай, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы жұмыстарды екі кезеңге бөліп атқаруда. Жобаның бірінші кезеңінде 712 шақырым газ құбыры тартылды, 14 660 жеке шкаф орнатылды, 23 233 абонент газға қайта қосылды.
2017 жылы басталған жобаның 2-кезеңінде газ тарату кешенінің барлық нысандары іске қосылды, 82 шақырым газ құбыры тартылды, 2532 жеке шкаф орнатылды, соның арқасында 3518 абонент жаңа жүйеден газ ала бастады.
Жобаны жүзеге асыру барысында қаланың жеке секторында 899 км ескірген газ құбыры ауыстырылды. Бұл тұтынушылар арасындағы газдың жеткіліксіз қысымы мәселесін шешуге, газбен жабдықтау жүйесінің өткізу қабілеттілігін бір жарым есе арттыруға мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетейік, Тараз – Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ инвестициялық жобалары аясында ескірген газ тарату желілері толықтай жаңартылып жатқан Шымкенттен кейінгі екінші ірі қала. Жүргізілген жұмыстар газ құбырларының өткізу қабілеттілігін ұлғайтып қана қоймай, оңтүстік аймақтағы екі ірі қаланың бүкіл газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Жаңартылған жүйе барлық тұтынушыларға газды үздіксіз жеткізіп отырады, шағын және орта кәсіпорындардың, коммуналдық мекемелердің жұмысын тұрақты қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы газ құбырларының жалпы ұзындығы шамамен 5 мың шақырым, оның ішінде Тараз қаласында 1510 шақырым. Сонымен қатар, облыстың Талас, Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Қордай аудандары газдандырылған.
«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі
Тел: +7 (7172) 55 23 16
Национальный оператор АО «КазТрансГаз», согласно графику, завершил работы по модернизацию газораспределительных сетей (ГРС) в г. Тараз, запланированные на 2019 год.
Основная цель проекта - полное обновление газовых сетей и оборудования для повышения надежности снабжения потребителей газом. Областной центр был газифицирован более полувека назад и, к началу реконструкции, уровень износа распределительных газопроводов и оборудования достиг критических значений - 66% от всей протяженности газопроводов. Без принятия срочных мер аварийных ситуаций и перебоев с подачей газа невозможно было избежать.
Модернизация ГРС Тараза реализуется в рамках выполнения инвестиционных программ, одобренных АО НК «КазМунайГаз». В рамках проекта Жамбылским производственным филиалом АО «КазТрансГаз Аймак» работа была разделена на два этапа. При реализации 1-й очереди проекта было проложено 712 километров газопроводов, установлено 14 660 индивидуальных шкафных пункта, переподключено 23 233 абонента.
В 2017 году началась реализация 2-й очереди проекта, во время которой были завершены все объекты пускового комплекса, проложено 82 километра газопроводов, установлено 2 532 индивидуальных шкафных пункта, благодаря чему 3 518 абонентов начали получать газ из новой системы.
В общей сложности, за время реализации проекта, в частном секторе города было заменено 899 километров устаревших газопроводов. Это позволило решить проблему недостаточного давления газа у потребителей, в полтора раза повысив пропускную способность системы газоснабжения.
Напомним, что Тараз стал вторым после Шымкента крупным городом, где в рамках реализации инвестиционных проектов Национального оператора АО «КазТрансГаз» модернизируются устаревшие газораспределительные сети. Проведенные работы позволили не только увеличить пропускную способность газопроводов, но и многократно повысить надежность всей системы газоснабжения двух крупнейших городов южного региона. Обновленная система бесперебойно снабжает газом всех потребителей, обеспечивает стабильную работу предприятий малого и среднего бизнеса, коммунально-бытовых объектов.
На данный момент общая протяженность газопроводов по Жамбылской области составляет около 5 тыс. километров, в том числе — 1 510 км в г. Тараз. Кроме этого, газифицировано восемь районов области: Таласский, Жамбылский, Байзакский, Жуалинский, Т. Рыскулова, Меркенский, Шуский, Кордайский.
Пресс-служба АО «КазТрансГаз»
Тел: +7 (7172) 55 23 16