Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер. 2020 жылдың бірінші жартысы бойынша мәлімет
Тенгизшевройл цифры и факты. Итоги первой половины 2020 года
Тарих/Қатысушылар
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- Қазіргі таңда ТШО серіктестері мен олардың үлесі келесідей: «Шеврон» - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ" АҚ - 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» - 25% және «ЛукАрко» - 5%.
Өнім өндіру/Қорлар
- Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд баррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатыфн мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (7,1 – 10,9 млрд баррель) құрайды.
- Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті.
- 2020 жылдың бірінші жартысында мұнай өндіру көлемі 14,26 миллион тоннаны (112,51 млн баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- 2000 жылдан бері ТШО табиғат қорғау шараларын іске асыруға 3,2 миллиард АҚШ доллар қаржы салған.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 76%-ға азайды.
- 2020 жылдың бірінші жартысында ТШО өндірілген газдың 99,3%-ын кәдеге жаратты.
- 2020 жылдың бірінші жартысында ТШО-да суды қайта пайдалану көрсеткіші 47%-ды құрады. ТШО тұрмыстық ағын суларды кәдеге жарату, өндірістік мақсатта тазарту және қайта пайдалану арқылы суды үнемдеу бойынша іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.
- ТШО қалдықтардың 35-тен аса түрін қайта өңдеуге жібереді. 2020 жылдың бірінші жартысында ТШО-ның қалдықтарды қайта өңдеудің жалпы көрсеткіші 53%-ды құрады.
Өнімді сату
- 2020 жылдың бірінші жартысында ТШО сұйытылған газ сату көлемін шамамен 725 мың тоннадан асырып, құрғақ газ сату көлемін 3,9 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 1,3 миллион тоннадан асырды.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар
- 1993 жылдан бастап, 2020 жылдың бірінші жартысына дейінгі аралықта ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 150 миллиард АҚШ доллардан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2020 жылдың бірінші жартысында ТШО-ның Қазақстанға төлеген тікелей қаржы көлемі 3,9 миллиард АҚШ долларды құрады.
- 2020 жылдың бірінші жартысында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 2 миллиард АҚШ долларға жуық қаржы жұмсады, оның 1,4 миллиард АҚШ доллардан астамы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бері ТШО 34,9 миллиард АҚШ доллардан астам қаржыға қазақстандық компаниялардың тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 81%-ды құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмысшыларын есепке алмағанда, ТШО-да қызметкерлердің 90%-ын қазақстандықтар құрайды. 1993 жылы бұл көрсеткіш 50%-ды құраған.
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ қоса алғанда ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 73%-ын құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмысшыларын есепке алмағанда, ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі 83%-ды құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.
Әлеуметтік салаға үлес
- 1993 жылдан бері ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 2 миллиард АҚШ доллардан астам қаржы жұмсады.
- «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының 2020 жылғы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрайды. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады.
- 2020 жылы Атырау және Маңғыстау облыстарында денсаулық сақтау, білім беру сапасын көтеру және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында 2,2 миллион АҚШ доллардан астам қаржы бөлінеді.
Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
Жалпы мағлұмат
- 2016 жылы ТШО серіктестері Теңіз кен орнындағы өндірістік қуаттылықтарды кеңейтудің келесі бір кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын қаржыландыру туралы ақырғы шешімнің мақұлданғаны жөнінде жариялады.
- ТШО-ның ЕБЗ-ШГА жобасының сәтті жүзеге асырылуын негізге ала отырып, ККЖ мұнай өндіру көлемін шамамен жылына 12 миллион тоннаға немесе тәулігіне 260 000 баррельге арттырып, жалпы өндіріс қуаттылығы жылына шамамен 39 миллион тоннаны немесе тәулігіне 850 000 баррельді құрайтын болады.
- ҰЕҚБЖ жобасы ұңғы ернеуіндегі қысымды азайту және алты кешенді технологиялық желідегі қысымды жоғарылату арқылы Теңіз кен орнының қолданыстағы зауыттарын толық жүктеуді қамтамасыз етеді.
Қазақстандық қамту
- Ел аумағында ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы аясында 45 000-нан астам қазақстандық азамат еңбек етуде, бұл Қазақстандағы жоба қызметкерлері жалпы санының 91%-ын құрайды.
- ТШО компаниясы қазақстандық ұйымдарды ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасына қатыстырып, жобалау, сатып алулар және модульдер жасау жұмыстарын орындауға жұмылдырды. 2 330-дан астам қазақстандық компаниялар алдын ала іріктеуге қатысты, ал 1 260-тан астам компания алдын ала квалификациялық бағалаудан өтті. Жобаны жүзеге асыру басталғалы бері ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының ҚҚ бойынша шығындары 9,8 миллиард АҚШ долларына жуық соманы құрады.
Жоба жұмыстарының барысы
- Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі басқа компаниялар секілді «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) да күрделі жағдайда әрекет етуін және қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының шаруашылық қызметімізге әсерін мейлінше азайту үшін оңтайлы шараларды қабылдауды жалғастыруда.
- ККЖ-ҰЕБЖ жобасындағы атқарылған жұмыстар көрсеткіші 78%-ды құрайды, ТШО компаниясы негізгі жұмыстардың қауіпсіз орындалуына және жобаны әрі қарай жүзеге асыруға бағытталған іс- шараларды қолға алуда.
- 2020 жылдың бірінші жартысында Оңтүстік Кореядағы модуль жасау жұмыстары аяқталды және барлық модульдер теңіз көлігімен Қазақстанға жөнелтілді. Олардың бір бөлігі Теңіз кен орнына жеткізілді, ал қалғаны тасымалдануда.
- Жоба аясында 2020 жылға жоспарланған теңіз тасымалдары бағдарламасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. 44 модуль Жүк тасымалдау бағдары (ЖТБ) нысанына жетті, ал 32 модуль Теңіз кен орнындағы нысандарға жеткізілді.
- Жобаның барлық құрылыс алаңдарында маңызды жұмыстар орындалуда. Өндірісті басқарудың біріккен орталығында алдын ала жөндеп, іске қосу жұмыстары басталды. Үшінші буын зауыты (ҮБЗ) және шикі газ айдау үшінші буыны (ШГАУБ) нысандары алаңдарында модульдерді құрастыру және орнату жұмыстары жүргізілуде
История/Участники
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 млрд баррелей).
- Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 млн кубических футов).
- В первой половине 2020 года объемы добычи сырой нефти составили 14,26 миллиона тонн (112,51 млн баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды
- С 2000 года ТШО инвестировал более 3,2 миллиарда долларов США на реализацию природоохранных мероприятий.
- С 2000 года общий объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 76%.
- Показатель утилизации газа ТШО в первой половине 2020 года составил 99,3%.
- Общий показатель повторного использования воды в ТШО в первой половине 2020 года составил 47%. ТШО продолжает осуществлять меры по экономии водных ресурсов путем утилизации бытовых сточных вод, а также переработки и повторного использования в промышленных целях.
- ТШО передает более 35 видов отходов на переработку. Общая доля переработанных отходов в первой половине 2020 года составила 53%.
Реализация продукции
- В первой половине 2020 года ТШО реализовал более 725 тысяч тонн сжиженного газа, 3,9 миллиарда кубических метров сухого газа, а также более 1,3 миллиона тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан
- С 1993 года по первую половину 2020 года прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 150 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- В первой половине 2020 года прямые выплаты Республике Казахстан составили 3,9 миллиарда долларов США.
- В первой половине 2020 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму в 2 миллиарда долларов США, включая 1,4 миллиарда долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 34,9 миллиарда долларов США.
Развитие кадров
- Совокупный штат основного производства и ПБР-ПУУД состоит на 81% из граждан Казахстана. Без учета персонала ПБР-ПУУД, в штате ТШО 90% работников – казахстанцы. В 1993 году этот показатель составлял 50%.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 73% от общего числа руководящего состава. Без учета ПБР-ПУУД доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 83%. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 2 миллиардов долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2020 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составит 25 миллионов долларов США, основная часть которого будет направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2020 году ТШО выделит более 2,2 миллиона долларов США на улучшение качества здравоохранения, образования, а также развитие социального предпринимательства в Атырауской и Мангистауской областях в рамках Программы социальных инвестиций.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
Общие сведения
- В 2016 году участники ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), следующего этапа масштабного расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- Исходя из опыта успешной реализации проекта ЗСГ-ЗВП ТШО, реализация ПБР увеличит объёмы производства примерно на 12 миллионов тонн в год или 260 000 баррелей в сутки. Общий объём производства составит порядка 39 миллионов тонн в год или 850 000 баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.
Казахстанское содержание
- Свыше 45 000 казахстанцев работают на ПБР-ПУУД внутри страны, что составляет 91% от общей численности персонала проекта в Казахстане.
- Компания ТШО привлекла казахстанские организации к участию в ПБР-ПУУД для выполнения работ по проектированию, закупкам и изготовлению модулей. Свыше 2 330 казахстанских компаний приняли участие в предварительном отборе, а более 1 260 компаний прошли предварительную квалификационную оценку. За период с начала реализации проекта расходы ПБР-ПУУД на КС составили почти 9,8 миллиарда долларов США.
Ход выполнения работ по проекту
- Как и многим другим компаниям в Республике Казахстан и по всему миру, ТОО «Тенгизшевройл» (ТШО) приходится действовать в сложной обстановке и принимать целесообразные меры для защиты здоровья и обеспечения безопасности персонала, а также для сведения к минимуму воздействия пандемии COVID-19 на нашу производственную деятельность.
- Показатель хода выполнения проекта ПБР-ПУУД составляет 78%, компания ТШО предпринимает действия, направленные на безопасное выполнение основных работ и дальнейшей реализации проекта.
- По состoянию на конец первого полугодия 2020 года работы по изготовлению модулей в Южной Корее завершены, а все модули отправлены в РК морским транспортом. Часть из них уже доставлена в Тенгиз, а другие находятся в пути.
- Продолжается выполнение запланированной на 2020 год программы морских перевозок проекта. 44 модуля доставлены на терминал Маршрута транспортировки грузов (МаТраГ), а 32 модуля уже прибыли на объекты, расположенные в Тенгизе.
- На всех строительных объектах проекта ведутся работы «критического пути». В объединенном центре управления производством начались предварительные пусконаладочные работы. На площадках завода третьего поколения (ЗТП) и закачки сырого газа третьего поколения (ЗСГТП) ведутся работы по сборке и установке модулей.