Новости 2019
Апрель 2019КМГ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жанар-май құю стансаларының желісін сатты
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) жанармай-құю стансалар желісін иелік еткен «ҚМГ-Retail» ЖШС компаниясындағы 100 пайыздық үлесін 60,5 млрд. теңгеге сатқанын хабарлайды.
2018 жылғы 12 желтоқсанда мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының сайтында «ҚМГ-Retail» ЖШС-ін сату бойынша электрондық сауда-саттық болып өтті. Сауда-саттық, оған қатысқан компаниялар, оның жеңімпазы туралы ақпарат және т.б. www.gosreestr.kz сайтында орналасқан.
2019 жылдың 8-ші ақпанында конкурс жеңімпазы «Petro-Retail» ЖШС мен «ҚМГRetail» ЖШС-нің 100 пайыздық үлесін сатып алу-сату шарты жасалды. Осы жылдың 1 сәуірнен бастап, ҚМГ еншілес компаниясы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС мен «ҚМГ-Retail» ЖШС арасындағы жанармай құю стансаларын жалға алу және пайдалану туралы келісім шарт күшін жойды. Сәйкесінше, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап жанармай құю стансаларының жұмысын жүргізу «PetroRetail» ЖШС-не өтті . Активті сату кезінде жаңа иеленушіге қызметкерлердің жұмыс орнын сақтап қалу талабы қойылды. Оған сәйкес, жаңа меншік иесі ҚМГӨ және оның филиалдарының өндірістік персоналын түгелдей қазіргі шартпен кемінде алты айға жұмысқа қабылдауы керек.
Сондай-ақ байқаудың талабы мен сатып алу-сату шартында көрсетілгендей «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінің саудалық атауы 2019 жылдың соңына дейін қолданыста болады.
«ҚМГ-Retail» ЖШС-ін сату yellow pages қағидаттарына сай квазимемлекеттік сектор үлесін азайту жөніндегі ҚМГ жоспарларымен байланысты, сондай-ақ ҚМГ-ның даму стратегиясына сәйкес келеді.
АО НК «КазМунайГаз» продало сеть АЗС
АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ) сообщает о продаже своей 100% доли в компании ТОО «КМГ-Retail», которой принадлежит сеть автозаправочных станций под брендом «КазМунайГаз», за 60,5 млрд тенге.
12 декабря 2018 года на сайте веб-портала реестра государственного имущества состоялись электронные торги по продаже 100% доли в ТОО «КМГ– Retail». Информация о торгах, участвовавших в них компаниях, победителе и условиях размещена на сайте www.gosreestr.kz.
8 февраля 2019 года был заключен договор о купле-продаже 100% доли в ТОО «КМГ–Retail» с победителем конкурса компанией ТОО «Petro-retail». C 1 апреля 2019 года было прекращено действие договора аренды и эксплуатации сети АЗС между ТОО «КМГ–Retail» и ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері», дочерней компанией КМГ, которая осуществляла эксплуатацию сети АЗС и розничную реализацию нефтепродуктов. Соответственно, с 1 апреля 2019 года эксплуатация АЗС осуществляется новым собственником – ТОО «Petro-retail». Одним из условий является сохранение занятости персонала. Так, в течение двух месяцев новый собственник обязуется принять на работу весь производственный персонал ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері» и его филиалов сроком не менее шести месяцев на текущих условиях.
Согласно условиям конкурса и договора купли-продажи торговое название сети АЗС «КазМунайГаз» будет действовать до конца 2019 года.
Приватизация сети АЗС соответствует стратегии развития КМГ и осуществляется в рамках программы сокращения доли квази-государственного сектора в экономике в соответствии с принципами Yellow Pages.