Новости 2019
Апрель 2019Женис
Жеңіс учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша келісімшартқа қол қойылды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ), «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ (бұдан әрі – ЛУКОЙЛ) және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жеңіс теңіз учаскесін бірлесіп игеру шеңберінде көмірсутектерді барлау мен өндіру туралы келісімшартқа қол қойды. Жобаның операторы – «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС (ҚМГ (50%) мен ЛУКОЙЛ-дың (50%) бірлескен кәсіпорны).
Қол қойылған келісімшартқа сәйкес негізгі минималды міндеттемелер бір барлау ұңғымасын бұрғылау және 3D сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Каспийдегі жаңа жоба екі компания үшін де ресурстық қорын ұлғайтудағы маңызды қадам болып табылады.
Анықтамалық ақпарат:
Жеңіс учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторы акваториясының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Кемелер үшін ең жақын порт – Ақтау қаласы (180 км). Блоктың жалпы ауданы – 4 772,23 шаршы км. Судың тереңдігі - 75-100м.
2018 жылдың қараша айында ЛУКОЙЛ мен ҚазМұнайГаз бірлесіп жұмыс істеу және Жеңіс жобасын қаржыландыру бойынша Келісімге келді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі.
«ЛУКОЙЛ» ЖАҚ — дүниежүзі бойынша жетекші мұнай-газ компаниялардың бірі. Оның үлесіне әлемдік мұнай өндірудің 2%-нан астамы және дәлелденген көмірсутек қорының шамамен 1%-ы тиесілі.
Подписан контракт на разведку и разработку углеводородов на участке Женис
АО НК «КазМунайГаз» (далее - КМГ), ПАО «ЛУКОЙЛ» (далее – ЛУКОЙЛ) и Министерство энергетики Республики Казахстан заключили контракт на разведку и добычу углеводородов на участке Женис, расположенном в казахстанском секторе Каспийского моря. Оператором проекта является ТОО «Женис Оперейтинг» (совместное предприятие КМГ – 50% и ЛУКОЙЛа – 50%).
В соответствии с подписанным контрактом основными минимальными обязательствами является бурение одной разведочной скважины и проведение сейсморазведочных работ 3Д.
Новый проект на Каспии для обеих компаний является важным шагом в расширении ресурсной базы.
Для справки:
Участок «Женис» расположен в южной части акватории казахстанского сектора Каспийского моря. Расстояние до берега составляет 80 км, ближайшим портом для судов является г. Актау.
В ноябре 2018 года КМГ и ЛУКОЙЛ заключили Соглашение о совместной деятельности и Соглашение о финансировании по проекту Женис.
АО «Национальная компания «КазМунайГаз» − казахстанский национальный оператор по разведке, добыче, переработке и транспортировке углеводородов. 90,42% акций АО НК «КазМунайГаз» принадлежит АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», 9,58% − Национальному банку Республики Казахстан.
ЛУКОЙЛ успешно работает в Казахстане с 1995 года. Компания участвует в разработке месторождений Тенгиз, Карачаганак и Кумколь, в совместном предприятии по освоению Центрального месторождения на Каспии, а также в проекте Каспийского Трубопроводного Консорциума.