Пресс-релизы
«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударуда
Проект «Экопатруль» обращает внимание на экологические проблемы г. Семей
Семей, 26 қараша - Балалар мен ересектерге экологиялық білім беру саласындағы «Экопатруль» жобасы экологиялық мәселелерді шешу үшін қоғамдық белсенділердің, волонтерлердің және қаланың білім беру мекемелерінің күштерін жұмылдыруда. Жоба Орталық Азияның Еуразия қорының «Шеврон» компаниясымен әріптестікте әзірлеген «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен жүзеге асырылып келеді.
Жоба аясында қаланың қоғамдық топтары ШҚО Жол картасы бойынша экологиялық мәселелерді талқылауға қатысты. Жол картасы жаңа қоқыс өңдеу зауытының қызметі, қоқыс полигонының жерлерін пайдалану, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, қайта пайдалану және кәдеге жарату, білім беру мекемелеріндегі тұрақты эко-білім беру алаңдары сияқты аспектілерді қамтиды.
Талқылау диалогтық алаңдар, қоғамдық пікір көшбасшыларының, ұйым кураторлары мен мектеп меңгерушілерінің қатысуымен онлайн және офлайн семинарлар сияқты түрлі форматтарда өтті. Іс-шараларға тікелей 500 адам қатысты, оған қоса 10 000 адам жанама қатысты.
«Экопатруль» жобасы бұрын жыл сайын әкімдіктің қолдауымен өткен «Гүлдердегі қала» қалалық акциясын өткізу дәстүрін жандандырды. ПИК және мекемелер қоқысты сыртқы дизайнда және аулаларды көгалдандыруда қайта пайдалану бойынша креативті идеяларды ұсынды.
«Инновациялық педагогикалық идеялардың әдістемелік жинағы» акциясының арқасында жоба командасы Семей қаласының балабақшаларын, мектептері мен колледждерін білім беру ұйымдарын экологияландыру және оқушылардың эко ойлауын қалыптастыру қозғалысына тартты. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату, балалар мен ұжымды экологиялық бастама төңірегінде біріктіру бойынша білім беру ұйымдарының жетістіктері Семей қаласы мектептерінің айрықша белгісіне айналды.
Жоба сонымен қатар оқушыларды ғылыми зерттемелерге шабыттандырды. «Менің көміртегі ізім» акциясы аясында Семей қаласының радиотехника және байланыс колледжінің студенттері жеке көміртегі ізін есептеуге арналған онлайн-калькуляторды таныстырды. Бұл – барлығына ресурстарды тұтынудың өзіндік мөлшерін есептеуге мүмкіндік беретін үлкен жұмыс нәтижесі.
Жобаның басты жетістігі Шығыс Қазақстан облысында Бородулиха әлеуметтік қызмет көрсету орталығында алғашқы экотерапия бөлмесінің ашылуы болды. 105 адамды сыйдыра алатын экобөлме мүгедектігі бар адамдар мен қарт адамдар үшін жаңа әрі сергітерлік тәжірибеге айналды.
«Экотерапия бөлмесінің ашылуы әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі микроклиматты және қамқорлықтағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді. Экобөлме білім беру мекемелерінің эковолонтерлері кездесе алатын аумақ болды», – деп атап өтті қор координаторы Николай Лылык.
Жоба жетекшісі Жанна Жибраева алдағы жоспарларымен бөліседі: «Қараша айының соңында біз психоневрологиялық аурулары бар 400-ден астам адам тұратын №1 Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тағы бір экобөлмені ашуды жоспарлап отырмыз. Бөлменің орналасуы одан әрі ауқымды және ойластырылған болады».
Желтоқсан айында жобаны қорытындылау ретінде «2021 эковолонтерлер форумын» өткізу жоспарлануда. Онда «Экопатруль» қозғалысының ең белсенді азаматтары мен мүшелерінің еңбегі атап өтіледі. Іс-шараны ұйымдастыруға қордың серіктестері ғана емес, қалалық және облыстық әкімдіктер де тартылған.
Байланыстар:
Николай Лылык, жоба жетекшісі
Тел.+7 (777)9779629, ofcentrsemi@mail.ru
Жәния Хаирова, ОАЕҚ коммуникациялар жөніндегі менеджері,
«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және "Шеврон" компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» - дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
Семей, 26 ноября - Проект по экологическому просвещению детей и взрослых «Экопатруль» в г. Семей мобилизует силы общественников, волонтеров и образовательных учреждений города для решения экологических проблем. Проект реализуется ОФ «Центр семьи» в рамках программы экстренной помощи «Qolda 3.0», разработанной Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией «Шеврон».
В рамках проекта общественные группы города приняли участие в обсуждении экологических вопросов по Дорожной карте ВКО. Дорожная карта включает такие аспекты, как деятельность нового мусороперерабатывающего завода, использование земель мусорного полигона, раздельный сбор, вторичное использование и утилизация твердых бытовых отходов, регулярные эко-образовательные площадки в учреждениях образования.
Обсуждения проходили в разных форматах, как диалоговые площадки, онлайн и офлайн семинары с участием лидеров общественных мнений, кураторов организаций и завучей школ. Прямой охват участников мероприятий составил 500 человек, косвенный – 10 000 человек.
Проект «Экопатруль» возродил традицию проведения городской акции «Город в цветах», которая ранее ежегодно проходила под эгидой акимата. КСК и учреждения презентовали креативные идеи по вторичному использованию мусора во внешнем дизайне и озеленению дворов.
Благодаря акции «Методическая копилка инновационных педагогических идей» команда проекта привлекла детские сады, школы и колледжи г. Семей к экологизации организаций образования и формированию экомышления у школьников. Успехи организаций образования по сбору и утилизации твердых бытовых отходов, сплочения детей и коллектива вокруг экологической инициативы стало отличительной чертой школ г. Семей.
Проект также вдохновил учащихся на научные разработки. В рамках акции «Мой углеродный след» студенты колледжа радиотехники и связи г. Семей презентовали онлайн-калькулятор для расчёта индивидуального углеродного следа. Это огромная работа, которая позволит каждому рассчитать свою норму потребления ресурсов.
Главным достижением проекта стало открытие первой в Восточно-Казахстанской области комнаты экотерапии в Бородулихинском центре оказания социальных услуг. Экокомната вместимостью 105 человек стала глотком воздуха для пожилых и людей с инвалидностью.
Координатор фонда Николай Лылык отмечает: «Открытие комнаты экотерапии позволит улучшить микроклимат в учреждениях социальной защиты и взаимоотношение между подопечными. Экокомната стала территорией встреч для эковолонтёров образовательных учреждений».
Руководитель проекта Жанна Жибраева делится дальнейшими планами: «В конце ноября мы планируем открытие еще одной экокомнаты в «Семейском центре оказания специальных социальных услуг №1, где проживает более 400 людей с психоневрологическими заболеваниями. Нас ждёт более масштабное и продуманное обустройство самой комнаты».
В декабре в качестве подведения итогов проекта планируется проведение «Форума Эковолонтёров 2021», где будут отмечены заслуги самых активных граждан и членов движения «Экопатруля». В организации мероприятия вовлечены не только партнеры фонда, но и городской, областной акиматы.
Контакты:
Николай Лылык, координатор проекта
тел.+7 (777)9779629, ofcentrsemi@mail.ru
Жания Хаирова, менеджер по коммуникациям ФЕЦА,
Программа экстренной помощи «Qolda» разработана Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией “Шеврон”.
ФЕЦА - общественная организация, основанная в регионе в 2005 году, мобилизует общественные и частные ресурсы, помогая гражданам принимать активное участие в построении собственного будущего посредством укрепления местных сообществ и повышения гражданского и экономического благосостояния.
«Шеврон» - одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы считаем, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. «Шеврон» добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимические продукты, а также разрабатывает технологии, которые улучшают наш бизнес и отрасль. Мы сосредоточены на снижении углеродоемкости нашей деятельности и стремимся развивать бизнес с низким уровнем выбросов углерода наряду с нашими традиционными направлениями бизнеса. Больше информации о «Шеврон» вы найдете на www.chevron.com.