Пресс-релизы
«ҚазМұнайГаз» және «Татнефть» бутадиен каучуктерін өндіретін бірлескен кәсіпорын құрды
«КазМунайГаз» и «Татнефть» создали совместное предприятие по производству бутадиеновых каучуков
2021 жылғы 30 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «Татнефть» ЖАҚ Бас директоры Наиль Маганов «Бутадиен» ЖШС бірлескен кәсіпорны бойынша келісімге қол қойды. Осы құжат негізінде каучук өндіру жөніндегі жоба жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның жоспарлы қуаты – жылына 180 мың тонна дейінгі бутадиен мен бутадиен каучуктерін өндіру. ҚМГ және «Татнефть» үлестері, сәйкесінше, 25% және 75%-ды құрайды. Алдын ала есептеу бойынша жоба құны 1 млрд АҚШ долларына жуық сомаға бағаланды. Тараптар жобаны қаржыландыру жолдарын, соның ішінде қарыз алу есебінен қаржыландыруды қарастыруда.
Аталған кәсіпорын 2026 жылы Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақ аумағында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Жаңа өндіріс алаңында құрылыс кезеңінде 2 мыңға жуық, ал зауыт пайдалануға берілгеннен кейін 700-ден астам жұмыс орны ашылады.
Шикізат Қазақстанның Теңіз және Королевское кен орындарынан жеткізіледі деп көзделуде. Дайын өнім Қарағанды облысындағы шина зауытына жөнелтіліп, Еуропа елдеріне, Ресей, Қытай, Түркия және басқа да мемлекеттерге экспортқа шығарылады деп жоспарланып отыр.
«Біздің компания Даму стратегиясына сәйкес өндірілетін өнімнің қосымша құн тізбегін кеңейтуге ұмтылып, Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ химиясы саласын жан-жақты дамытып жатыр. «ҚазМұнайГаз» және «Татнефть» компанияларының бірлескен кәсіпорнынның құрылғаны бұған дәлел болып отыр. Жоба Қазақстан мен Татарстан арасындағы серіктестікті дамытуға, сондай-ақ ел экономикасын әртараптандыруға септік ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Алик Айдарбаев.
«Татнефть» компаниясының мұнай химия саласы бойынша үлкен жоспары бар. Бұл бағытта қазақстандық әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз. Біз үшін Қазақстан – стратегиялық серіктес ел. Қазірдің өзінде Қазақстанмен өзара іс-қимыл бойынша тәжірибеміз бар, атап айтқанда Қарағанды облысындағы шина шығаратын зауытты бірлесіп іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл Еуразиялық одаққа кіретін елдердің экономикалық интеграция стратегиясының жүзеге асырылуының нақты көрінісі. Біз тағы бір мәрте Қазақстанда ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына барынша қолайлы жағдайлар жасалғандығының куәсі болдық. Бутадиен каучуктерін өндіретін жаңа бірлескен кәсіпорын екі ел экономикасын нығайтуға және халықтардың әл-ауқатын артыруға септігін тигізетіндігіне сенемін», – деді
Наиль Маганов.
Еске сала кетейік, 2021 жылғы 5 сәуірде «ҚазМұнайГаз» бен «Татнефть» арасында «Бутадиен» жобасы бойынша өзара іс-қимылдың негізгі шарттары бойынша келісімге қол қойылды. 2021 жылғы 28 сәуірде компаниялар жобаны іске асырудың Жол картасы мен шағын ауқымдағы шартқа қол қойды.
Анықтама
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ туралы:
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау, өңдеуден бастап, тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекеттің мүддесін
қорғайды.
«Татнефть» ЖАҚ туралы:
«Татнефть» ЖАҚ – Ресейдің ең ірі мұнай компанияларының бірі, оның құрамында мұнай-газ өндіру, мұнай өңдеу кәсіпорындары, мұнай-газ химиясы, шина жасаушы кешен, жанар-май құю станцияларының желісі, электр энергетикасы, мұнай-газ саласына арналған жабдықтар жасап шығару және сервистік құрылымдар блогының кәсіпорындары жұмыс істейді.
30 ноября 2021 года председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Алик Айдарбаев и Генеральный директор ПАО «Татнефть» Наиль Маганов подписали Соглашение в отношении совместного предприятия ТОО «Бутадиен», на основе которого будет реализован проект по производству каучуков.
Планируемая мощность предприятия – до 180 тысяч тонн бутадиена и бутадиеновых каучуков в год. Доли КМГ и «Татнефти» составляют 25% и 75% соответственно. Предварительно стоимость проекта оценивается в сумму около 1 млрд долларов США и стороны рассматривают варианты финансирования проекта, в том числе за счет заемных средств.
Запуск производства запланирован в 2026 году на территории СЭЗ «Национальный индустриальный нефтехимический технопарк» в Атырауской области. На период строительства на площадке нового производства будет создано около 2000 рабочих мест и более 700 – в ходе эксплуатации завода.
Предполагается, что сырье будет поставляться с Тенгизского и Королевского месторождений Казахстана. Готовую продукцию планируется направлять на шинный завод в Карагандинской области, а также на экспорт в страны Европы, Россию, Китай, Турцию и др.
«Наша компания в соответствии со Стратегией развития стремится расширить цепочку добавленной стоимости производимой продукции и активно развивает нефтегазохимическую отрасль в Республике Казахстан. Создание совместного предприятия «КазМунайГаза» и «Татнефти» является свидетельством этому. Уверен, проект будет способствовать налаживанию партнерства между Казахстаном и Татарстаном, а также позволит диверсифицировать экономику нашей страны», - отметил Алик Айдарбаев.
«У «Татнефти» большие планы в нефтехимии, и мы рады развивать это направление вместе с казахстанскими партнерами. Казахстан для нас – стратегический партнер. У нас уже есть опыт взаимодействия, общими усилиями сейчас мы также возводим шинный завод в Карагандинской области, это практическая реализация Стратегии экономической интеграции стран - участников Евразийского союза. Мы еще раз убедились, что в Казахстане созданы максимально комфортные условия для реализации масштабных инвестиционных проектов. Уверен, новое совместное предприятие по производству бутадиеновых каучуков будет способствовать укреплению экономики наших стран и благополучию наших народов», – подчеркнул Наиль Маганов.
Напомним, 5 апреля 2021 года между «КазМунайГазом» и «Татнефтью» состоялось подписание соглашения по базовым условиям взаимодействия по проекту «Бутадиен». 28 апреля 2021 года компании подписали дорожную карту реализации проекта и рамочный договор.
Справка
Об АО НК «КазМунайГаз»:
АО «Национальная компания» КазМунайГаз» является ведущей вертикально-интегрированной нефтегазовой компанией Казахстана. КМГ управляет активами по всему производственному циклу от разведки и добычи углеводородов до транспортировки, переработки и предоставления специализированных услуг. Компания, основанная в 2002 году, представляет интересы Казахстана в нефтегазовой отрасли страны.
О ПАО «Татнефть»:
ПАО «Татнефть» - одна из крупнейших российских нефтяных компаний, в составе которой динамично развиваются нефтегазодобыча, нефтепереработка, нефтегазохимия, шинный комплекс, сеть АЗС, электроэнергетика, разработка и производство оборудования для нефтегазовой отрасли и блок сервисных структур.