Пресс-релизы
Түркістан облысында екі аса заманауи газ өлшеу станциялары іске қосылды
В Туркестанской области введены в эксплуатацию две суперсовременные газоизмерительные станции
«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Түркістан облысында «Жетісай» және «Шардара» жаңа газ өлшеу станцияларын іске қосты.
«Шардара» ГӨС «Газли-Шымкент» магистральдық газ құбырының 314 км-де орналасқан, жобалық газ қысымы 7,5 МПа (75 кгс/см2) және өнімділігі сағатына 834 000 текше метр. «Шардара» ГӨС елді мекендерден ең шалғай және өз аналогы бойынша іс жүзінде бірегей объект екенін атап өткен жөн, өйткені тіршілікті қамтамасыз ету және өндірістік процесс электр энергиясының және сумен жабдықтаудың сыртқы көздеріне қарамастан, дербес жүзеге асырылады.
«Жетісай» ГӨС «Бұқара газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» магистральдық газ құбырының 372 км-де орналасқан, жобалық газ қысымы 5,4 МПа (55 кгс/см2) және өнімділігі сағатына 834 000 текше метр. Екі станция да заманауи және дәлдігі жоғары жабдықтармен жабдықталған, бұл газ шығынын өлшеу дәлдігіне қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар газ компонентінде құбыр металына агрессивті әсер ететін химиялық элементтердің болуын уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ Техникалық директоры Серікхан Байзақовтың айтуынша, соңғы үлгідегі заманауи станцияларды пайдалануға беру Өзбекстан аумағынан қазақстандық магистральдық газ құбыры жүйесіне түсетін газды есепке алуды өлшеу дәлдігін, сондай-ақ бұл газ тасымалдау жүйесіне газ құбырының өткізу қабілетінің төмендеуіне, қызмет ету мерзімінің азаюына, гидраттардың пайда болуы үшін жағдайлардың туындауына, газ құбырын жөндеу бойынша шығыстардың ұлғаюына және т.б. алып келетін кондициялық емес газды беруді бақылау және алдын алу үшін газдың сапалы көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді. ҚазТрансГаз ұлттық компаниясының басты міндеттерінің бірі отандық газ тасымалдау жүйесінің сенімділігі мен қуатын арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай газ мамандары еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, оның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда.
Сонымен қатар, газ өлшеу станцияларының қызметкерлері үшін вахталық қалашықтар салынды, онда еңбек пен тұрмысқа барынша қолайлы жағдайлар жасалған.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
Байланыс тел: +7(7172) 55 23 16
Национальная компания АО «КазТрансГаз» в преддверии 30-летия Независимости Республики Казахстан ввела в эксплуатацию новые газоизмерительные станции «Жетысай» и «Шардара» в Туркестанской области.
Станция «Шардара» расположена на 314 километре магистрального газопровода «Газли-Шымкент». Проектное давление газа 7,5 МПа (75 кгс/см2), производительность 834 000 м3/час. Газоизмерительная станция «Шардара» - это самый отдаленный от населенных пунктов объект газовой инфраструктуры, не имеющий аналогов. Весь производственный процесс на станции осуществляется автономно и не зависит от внешних источников электроэнергии и водоснабжения.
Станция «Жетысай» расположена на 372 километре магистрального газопровода «Бухарский газоносный район – Ташкент – Бишкек - Алматы», ее проектное давление газа 5,4 МПа (55 кгс/см2), производительность 834 000 м3/час.
Обе станции оснащены самым современным оборудованием, которое дает возможность не только достигнуть сверхточного измерения объема расхода газа, а также своевременно определить наличие химических элементов в компоненте газа, агрессивно влияющих на металл трубопровода.
По словам технического директора АО «Интергаз Центральная Азия» Серикхана Байзакова, ввод в эксплуатацию газоизмерительных станций позволит производить учет узбекского газа, поступающего в казахстанскую систему магистральных газопроводов.
«Показатели станций позволят контролировать качество, а также останавливать подачу некондиционного газа в газотранспортную систему. Это даст возможность предупреждать снижение пропускной способности, а значит существенно продлит срок службы газопроводов и сократит расходы на ремонт. Одной из главных задач для национальной компании КазТрансГаз является увеличение надежности и мощности отечественной газотранспортной системы, это большой вклад в обеспечение энергетической безопасности страны», - отметил Серикхан Байзаков.
Для работников, обслуживающих газоизмерительные станции построены вахтовые поселки с максимально комфортными условиями.
Пресс-служба АО «НК «КазТрансГаз»
тел: +7(7172) 55 23 16