Пресс-релизы
«ҚазТрансГаз» Ұлттық компаниясы мен NCOC Қашаған кен орнының 2А Кезеңін базалық жобалау бойынша бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қойды
Национальная компания «КазТрансГаз» и NCOC подписали соглашение о совместной работе по базовому проектированию Этапа 2А месторождения Кашаган
Солтүстік Каспий Жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы мен «ҚазТрансГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қашаған кен орнынан шикі газды өңдеу қуатын 2 млрд. м3-ге ұлғайтуды көздейтін 2022-2023 жылдар кезеңінде Қашаған кен орнының 2А Кезеңін базалық жобалау бойынша бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қойылғанын хабарлайды.
2A Кезең жылына 2 миллиард текше метр күкіртті газды өңдеу есебінен Қашаған кен орнынан мұнай өндіру көлемін тәулігіне шамамен 50 000 баррельге ұлғайтуды көздейді.
2A Кезеңін іске асыру үшін NCOC операторына күкіртті газды қолданыстағы трассамен тасымалдау үшін екі газ құбырын салу қажет: біріншісі - Қашаған теңіз кешенінен «Болашақ» МГКДҚ-ға (мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы) дейін және екіншісі «Болашақ» қондырғысынан 1 млрд. м3 көлемінде газ өңдейтін салынып жатқан зауытқа дейін. Сонымен қатар теңіз және жерүсті кешендерінің қолданыстағы құрылыстарын жаңғырту жұмыстарының шағын көлемін орындау көзделеді.
Жоба 1 млрд. м3 көлемінде газ өңдейтін салынып жатқан зауыт (ГӨЗ) жобасына қосымша қуаттылығы жылына 2 миллиард текше метрге дейінгі күкіртті газды өңдейтін жаңа ГӨЗ салуды көздейді.
Бұл жоба - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке және «Самұрық-Қазына» Қорына тауарлық газ өндіру үшін ресурстық базаны ұлғайту және нарықты реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу бойынша берген тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылады. «Газ тапшылығының пайда болу қаупі бар. Көмірсутек шикізатын қарқынды игеру мен Ұлттық қорды толықтыру үшін жаңа ынталандырулар қажет. Үкіметке мұнай - газ химиясы өндірістерінің құрылысын жеделдету үшін шаралар қабылдауды және әлеуетті инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасауды тапсырамын», - деді Қазақстан Президенті 2021 жылғы 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
NCOC басқарушы директоры Оливье Лазардың айтуынша, қазір ҚазТрансГаз газды өңдеу қуатын арттыру бойынша өте маңызды жобаны жүзеге асыруда. «Қазақстандық газ компаниясы бұл бағытта үлкен қадамдар жасауда. Газдың рөлі жыл сайын артып, көмірден газға көшу жүріп жатқандықтан, біздің алдымызда үлкен бірлескен жұмыс тұр. Қазір біз Қашаған кен орнын одан әрі игерудің маңызды кезеңінде тұрмыз. 2A Кезеңі бойынша түпкілікті шешім қол қойылған келісім аясында жүзеге асырылатын базалық жобалау нәтижелері негізінде анықталады».
Аталған жобаны іске асыру Атырау өңірінің әлеуметтік-экономикалық өсіміне, газдың ресурстық базасының артуына айтарлықтай ықпал етеді және бүкіл Қазақстан экономикасының дамуына ынталандырушы әсер береді.
«ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі
Байланыс тел: +7(7172) 55 23 16
Оператор Северо–Каспийского Проекта компания «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) и Акционерное Общество «Национальная компания «КазТрансГаз» сообщают о подписании соглашения о совместной работе по базовому проектированию Этапа 2А месторождения Кашаган в период 2022-2023 гг, предполагающего увеличение мощности по переработке сырого газа с месторождения Кашаган на 2 млрд. м3.
Этап 2A предусматривает увеличение объемов добычи нефти ориентировочно на 50 000 баррелей в сутки с месторождения Кашаган за счет переработки 2 миллиардов кубических метров сернистого газа в год.
Для реализации Этапа 2A оператору NCOC потребуется строительство двух газопроводов для транспортировки сернистого газа по существующей трассе: одного с морского комплекса Кашаган до УКПНиГ (установка комплексной подготовки нефти и газа) «Болашак» и второго от установки «Болашак» до газоперерабатывающего завода (ГПЗ) на 1 млрд. м3. Также предусматривается выполнение небольшого объема работ по модернизации существующих сооружений морского и наземного комплексов.
Проект предусматривает строительство нового ГПЗ по переработке сернистого газа мощностью до 2 миллиардов кубических метров в год в дополнение к уже реализуемому проекту строительства ГПЗ на 1 млрд. м3 в год.
Реализация данного проекта, это выполнение поручения Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева данное кабинету министров и госфонду «Самрук-Казына» по наращиванию ресурсной базы для производства товарного газа и выработке новых подходов к регулированию рынка. «Существует риск возникновения дефицита газа. Необходимы новые стимулы для интенсивного освоения углеводородного сырья и пополнения национального фонда. Поручаю Правительству принять меры для ускорения строительства нефтегазохимических производств и создать привлекательные условия для потенциальных инвесторов», - сказал Президент Казахстана на расширенном заседании правительства 26 января 2021 года.
По словам управляющего директора, NCOC Оливье Лазара, сейчас КазТрансГаз осуществляет очень важный проект по увеличению перерабатывающих мощностей.
«Казахстанской газовой компанией предпринимаются в этом направлении очень большие шаги. В свете того, что роль газа с каждым годом возрастает и предстоит полный переход с угля на газ, нам предстоит большая совместная работа. Сейчас мы находимся на важном этапе последующей разработки месторождения Кашаган. Отметим, что окончательное решение по Этапу 2A будет определено на основании результатов базового проектирования, которое предстоит выполнить в рамках подписанного соглашения», - сказал Оливье Лазар.
Реализация данного проекта окажет значительное влияние на социально-экономический рост Атырауского региона, приросту ресурсной базы газа и придаст стимулирующий эффект развитию экономики всего Казахстана.
Пресс-служба АО «НК «КазТрансГаз»
тел: +7(7172) 55 23 16