Пресс-релизы
“Qolda 3.0” жедел көмек бағдарламасы аясында 16 000-нан астам адам көмек алды
Более 16 000 человек получили помощь в рамках программы экстренной помощи “Qolda 3.0”
Алматы, 31 қаңтар - Орталық Азияның Еуразия Қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте әзірлеген “QOLDA” жедел көмек бағдарламасының үшінші кезеңі аяқталды. Бағдарламаның басты мақсаты ретінде COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын азайту және өткір әлеуметтік мәселелерге тиімді жауап беру жөніндегі азаматтық бастамаларды қолдау болды.
2021 жылдың тамыз бен желтоқсан айлары аралығында 16 өңірлік ҮЕҰ Қазақстанның 14 өңірінде 16 423 бенефициарға жан-жақты көмек көрсетті. "Qolda 3.0" бағдарламасы әлеуметтік санаттардың өмір сүру сапасын жақсарту және инклюзивті болашақ құру бойынша жаңа идеялары бар қоғам белсенділерін біріктірді.
Түркістан облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша 14 ақпараттық науқан өткізілді. 326 ауыл әйелі мен қызы құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтарын қорғау тетіктері туралы біле алды, 314 әйел мен қыз құқықтық және психологиялық көмек алды, 106 агрессор ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша психологиялық оңалту бағдарламасы аясында көмек алды. Алматы облысында суицидке бейім 444 оқушы психотерапиялық сессиядан өтті.
Өскемен қаласында есту қабілеті бұзылған адамдарды ақпараттық, консультациялық, психологиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін дағдарыс орталығының кеңсесі ашылды. Мамандар ым тілінде 122 психологиялық кеңес өткізді.
Семей қаласында 2300-ден астам бала қалалық экоакциялар мен экологиялық мектеп іс-шараларына қатысты.
Қарағанды облысында 70 экотренер мен эковолонтер жастарға экологиялық білім беру бойынша оқытудан өтті. 1000-нан астам колледж студенті жасыл өмір салтын насихаттау бойынша сенбілік, экоакция, экомарафон, байқаулар сияқты іс-шараларға қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары цифрлық сауаттылық бойынша 1110 кеңес алды.
Павлодар облысында қоғамдық нысандардың мүгедекдігі бар адамдар мен тұрғындардың қозғалысы шектеулі топтары үшін қолжетімділік деңгейін бағалау және одан әрі бейімдеу тетігі әзірленді.
АИТВ және туберкулезбен ауыратын адамдардың құқықтарын насихаттайтын ҮЕҰ республиканың 5 облысын біріктірген ҚР Пациенттер одағын құрды. Барлық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан 78 әріптес және 45 серіктес ұйым көмектесті.
“QOLDA бағдарламасы кеңейіп келе жатқанына өте қуаныштымыз және бұл жолы біз әртүрлі бағыттағы жобаларды қолдай алдық. Біз үшін эко-білім беру, цифрлық сауаттылыққа, тігу дағдыларына оқыту және жұмыс орындарын құру жөніндегі жобалар, әрі заң шығарушылық жобалар жаңа жобалар болды. Бұдан бөлек, бағдарлама өңірлік ұйымдарға қолдау көрсетуге, оларға өздерінің бірегей идеяларын іске асыруға мүмкіндік беруге және бенефициарларды барынша қамту үшін ауылдық аудандарға баруға тырысады”, – Алия Испаева, Орталық Азияның Еуразия Қорының “Qolda” бағдарламасының менеджері.
“Шеврон” компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры жүзеге асырып отырған “Qolda” жедел көмек бағдарламасы республикамыздағы COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын барынша азайтуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар азаматтық қоғамның дамуына жаңа серпін беріп, қоғамдық ұйымдардың заманауи қоғамның мәселелерін шешуге өз үлесін қоса алатындығын көрсетті. Бағдарлама мыңдаған отандастарымызға жүйелі гуманитарлық, құқықтық, психологиялық көмек көрсету бойынша орасан зор жұмыс жүргізетін әмбебап алаңға айналды және “Күшіміз бірлікте!” постулатын тағы да бір мәрте растады”, – Жанар Кошпанова, “Шеврон” компаниясының өкілі.
“Qolda” бағдарламасы өз жұмысын жалғастырып жатыр. Ақпан айында бұл бағдарламаның келесі кезеңі жарияланады. Барлық мәлімет ресми сайтта жарияланады: http://qolda.org/.
«Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және "Шеврон" компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» - дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
Алматы, 31 января - Завершился третий этап программы экстренной помощи “QOLDA”, разработанной Фондом Евразия Центральной Азии в партнерстве с компанией “Шеврон”. Главной целью программы стала поддержка гражданских инициатив по минимизации негативных последствий пандемии COVID-19 и эффективному реагированию на острые социальные проблемы.
В период с августа по декабрь 2021 года 16 региональных НПО оказали разностороннюю помощь и содействие 16 423 бенефициарам в 14 регионах Казахстана. Программа “Qolda 3.0” объединила общественников со свежими идеями по улучшению качества жизни социальных категорий и построению инклюзивного будущего.
В Туркестанской области проведено 14 информационных кампаний по профилактике семейно-бытового насилия. 326 сельских женщин и девушек смогли повысить правовую грамотность и узнать о механизмах защиты своих прав, 314 женщин и девушек получили юридическую и психологическую помощь, 106 мужчин-агрессоров получили помощь в рамках психологической реабилитационной программы по профилактике бытового насилия. В Алматинской области 444 школьника с суицидальными тенденциями прошли психотерапевтические сеансы.
В г. Усть-Каменогорск открылся офис кризисного центра для обеспечения лиц с нарушением слуха информационной, консультационной, психологической помощью. Специалисты провели 122 психологические консультации на языке жестов.
В г. Семей более 2300 детей приняли участие в городских экоакциях и школьных экомероприятиях.
В Карагандинской области 70 экотренеров и эковолонтеров прошли обучение для экологического просвещения молодежи. Более 1000 студентов колледжей приняли участие в мероприятиях по продвижению зеленого образа жизни - в субботниках, экоакциях, экомарафонах, конкурсах.
В Северо-Казахстанской области жители сел получили 1110 консультаций по цифровой грамотности.
В Павлодарской области разработан механизм по оценке уровня доступности и дальнейшей адаптации общественных объектов для людей с инвалидностью и других маломобильных групп населения.
НПО, продвигающие права людей с ВИЧ и туберкулезом, создали Союз пациентов РК, который объединил 5 областей республики. В реализации всех проектов помогали 78 партнеров из государственных органов и 45 партнерских организаций.
“Мы очень рады, что программа QOLDA расширяется, и в этот раз мы смогли поддержать проекты разной направленности. Новыми для нас стали проекты по экообразованию, обучению цифровой грамотности, навыкам шитья и созданию рабочих мест, а также законотворческие проекты. Кроме того, программа старается поддержать региональные организации, дать им возможность реализовать свои уникальные идеи и выезжать в сельские районы для большего охвата бенефициаров” - Алия Испаева, менеджер программы “Qolda” Фонда Евразия Центральной Азии.
Программа экстренной помощи “Qolda”, реализуемая Фондом Евразия Центральной Азии при поддержке компании “Шеврон”, помогла не только минимизировать негативные последствия пандемии СOVID-19 в нашей Республике, но и дала новый импульс для развития гражданского общества, продемонстрировав, как общественные организации могут внести свой посильный вклад в решение проблем современного общества. Программа стала универсальной площадкой, на которой была проделана колоссальная работа по оказанию системной гуманитарной, юридической, психологической помощи тысячам наших сограждан, и которая еще раз подтвердила постулат: “Вместе – мы сила!” - Жанар Кошпанова, представитель компании "Шеврон".
Программа QOLDA продолжает свою работу. В феврале будет объявлен следующий этап программы. Все подробности будут размещены на официальном сайте http://qolda.org/
Программа экстренной помощи «Qolda» разработана Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией «Шеврон».
ФЕЦА - общественная организация, основанная в регионе в 2005 году, мобилизует общественные и частные ресурсы, помогая гражданам принимать активное участие в построении собственного будущего посредством укрепления местных сообществ и повышения гражданского и экономического благосостояния.
«Шеврон» - одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы считаем, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. «Шеврон» добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимические продукты, а также разрабатывает технологии, которые улучшают наш бизнес и отрасль. Мы сосредоточены на снижении углеродоемкости нашей деятельности и стремимся развивать бизнес с низким уровнем выбросов углерода наряду с нашими традиционными направлениями бизнеса. Больше информации о «Шеврон» вы найдете на www.chevron.com.