Пресс-релизы
Соңғы Қазақстандағы мұнай кен орындарын игеруді оңтайландыруға және оларды ашу барысын тиімдірек жүргізуге бағытталған зерттеулері ұсынылды. Последние казахстанские разработки по оптимизации эксплуатации нефтяных месторождений представили на Международном геологическом форуме
Түркістан қаласында «Қазақстан мен оған іргелес аумақтардың карбонат бассейндері» тақырыбында өткен халықаралық геологиялық форумда «Теңізшевройл» (ТШО) геологтары Қазақстандағы мұнай кен орындарын игеруді оңтайландыруға және оларды ашу барысын тиімдірек жүргізуге бағытталған өздерінің соңғы үш зерттеуін ұсынды.
Аталған форум Әзербайжан,Израил, Өзбекстан,Франция сияқты ондаған елдің геологтары мен геофизиктерінің, мемлекеттік құрылымдар мен ғылыми-зерттеу институттары өкілдерінің басын қосты.
«Қазақстанның өнеркәсібі мен экономикасының дамуында бұрынғы және қазіргі геологтардың шешуші рөл атқарғандығы баршаға мәлім. Қазақстанда алғашқы мұнай көзі табылғаннан бергі уақытта мұнай өндірісі, инфрақұрылым мен технология үлкен өзгерістерді бастан өткерді, яғни Қазақстанның мұнай-газ саласы мен экономикасы дамудың таңқаларлық деңгейіне жетті», - деді форумның ашылу салтанатында сөз алған «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон.
Мұнай өндірісін ұлғайту мен кен орнын игеруді оңтайландыруда жер қабатын анықтау және сипаттаудың маңызы зор. Форум барысында ТШО-ның аға геофизигі Бағдад Төлеубай табиғи жарықшақты қабатты табатын және сипаттайтын жаңа жұмыс әдісін көрсетті.ТШО геологтарының «Теңіз және Королев кен орындарының жарықшақты қабатын сипаттауға арналған кешенді еңіс өлшеуіш және жынысөзекке негізделген әдіс» атты бірлескен баяндамасы кәсіби геологтардың үлкен қызығушылығын тудырды.
ТШО-ның тағы бір аға геологы Әсем Биболова «Теңіз кен орнында жердің толық толқынды рефракциясы мен шағылысуын, Q-томографияны және миграцияны ең аз шаршы әдісті пайдалану арқылы ақаулықтарды экрандауды азайту» атты зерттеуінде құрылымдық интерпретацияны жақсартудың тереңдетілген әдісін ұсынды.Ал, кәсіпорынның кен орындарын жайғастыру бөлімінің геология жөніндегі аға кеңесшісі Джеймс Бишоп «Теңіз кен орнының карбонатты беткейлерінің коллекторлық фацияларының шөгінді және диагенетикалық эволюциясын» сипаттап берді.
Теңіз және Королев кен орындары маңызды активтер болып табылады. Оларды игеру Қазақстан Республикасының халықаралық мұнай нарығында ірі өндірушіге айналуына және әлемдік аренада басты ойыншы болуына мүмкіндік берді. Мұнай алыбының ауқымдылығы,күрделілігі мен міндет-межелері, сондай-ақ оның келешектегі мүмкіндіктері шынымен де ғажап.
Теңізшевройл өзінің 29 жылдық тарихында тек қана жаңа өндірістік нысандар мен технологияларға ғана емес, сонымен қатар жергілікті кәсіби мамандарды дамытуға да инвестиция салды. Қазір қазақстандық мамандар кең ауқымды өндірістік нысандарда ғажайып технологияларды пайдалану мүмкіндігіне ие болып, жоғары өндірістік межелерді бағындыруды жалғастыруда.
На Международном геологическом форуме «Карбонатные бассейны Казахстана и сопредельных территорий» в городе Туркестан геологи Тенгизшевройл (ТШО) представили сразу три недавние разработки, цель которых оптимизировать эксплуатацию нефтяных месторождений и повысить эффективность их разведки.
Данный форум обьединил геологов, геофизиков, педставителей государственных структур и научно-исследовательских институтов из более чем десяти стран, в том числе из Азербайджана, Израиля, Узбекистана и Франции.
«Общеизвестно, что прежние и нынешние геологи играют решающую роль в промышленном и экономическом развитии Казахстана. С момента первого открытия нефти в Казахстане добыча нефти, инфраструктура и технологии страны претерпели большие изменения, а рост нефтяного сектора и экономики Казахстана был ошеломляющим», – сказал генеральный директор ТОО «Тенгизшевройл» Кевин Лайон на церемонии открытия Форума.
Правильное определение характеристики резервуаров играет важную роль в увеличении добычи нефти и оптимизации решений по эксплуатации месторождений. Во время форума старший геофизик ТОО «Тенгизшевройл» Багдад Толеубай представил новый процесс обнаружения и характеристики коллекторов с естественными трещинами. Совместный доклад геологов ТШО «Интегрированные данные каротажа и основанный на керне подход к характеристике трещиноватых коллекторов, месторождения Тенгиз и Королев» вызвал большой интерес геологов во время мероприятия.
Другой старший геолог ТШО Асем Биболова предложила углубленный подход к улучшению структурной интерпретации резервуаров в своем исследовании «Снижение экранирования разломов на Тенгизском месторождении с помощью полноволновой инверсии преломления и отражения земли, Q-томографии и миграции методом наименьших квадратов». Также Джеймс Бишоп, старший советник по геологии отдела разработки месторождения, описал «Осадконакопление и диагенетическую эволюцию фаций карбонатных склоновых коллекторов месторождения Тенгиз».
Месторождения Тенгиз и Королев являются важными активами, разработка которых позволила Республике Казахстан занять место крупного производителя на международных рынках нефти и стать ключевым игроком на мировой арене. Масштаб, сложность и задачи, которые стоят перед нефтяным гигантом, захватывают дух, а возможности и перспективы ресурсов, восхищают. На протяжении 29-летней истории компания Тенгизшевройл инвестировала не только в новые производственные объекты и новейших технологий, но и в развитие местных кадров. Казахстанские специалисты получают возможность применять уникальные технологии на производственных объектах такого масштаба и продолжать достигать высоких производственных показателей.