Пресс-релизы
Алматыда ІТ бағдарламашыларды дайындау бойынша ең ірі және бірегей жоба басталды
Самый масштабный и уникальный казахстанский проект по подготовке IT разработчиков стартовал в Алматы
Алматы, 2022 жылғы 6 маусым – Бүгін nFactorial School мектебінің, “Шеврон” компаниясының және ITeachMe қоғамдық қорының арқасында Satbayev University қолдауымен Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 200 қатысушыға арналған бағдарламалау бойынша тегін жазғы мектеп ашылды.
Жазғы мектепті nFactorial School құрылтайшысы, pinemelon.com америкалық стартапының басқарушы директоры, IT кәсіпкері, болашақшы және Пристон университетінің түлегі Арман Сүлейменов ұйымдастырып ашты.
“Мен “Шеврон” компаниясы мен Satbayev University-ге біздің бастамамызға қолдау көрсеткені үшін және еліміз үшін осындай ауқымды білім беру жобасын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. nFactorial School миссиясы – 10 000 жоғары білікті әзірлеушіні дайындау және бүкіл әлемде жүз миллиондаған адамға “Made in Kazakhstan” таңбасы бар бағдарламалық жасақтама өнімдерін ұсына отырып Қазақстанды әлемнің “технологиялық” картасында таныстыру”, – деді Арман Сүлейменов.
Арман Сүлейменовтың білім беру жобалары 2015 жылдан бері 650-ден астам қазақстандық ІТ маманын дайындап шығарды. nFactorial School түлектері Meta, Google, Apple, Amazon, Reddit, Deepmind, Stripe сияқты технологиялық алып компанияларда, сонымен қатар ТМД елдеріндегі ірі IT компанияларында жұмыс істейді.
Жазғы nFactorial мектебіне қатысушылар веб-бағдарламалау және дизайн негіздерін үйрене алады, ал оқу аяқталған кезде бірегей веб-қолданбалар шығарады. Оларға үздік қазақстандық және халықаралық IT компанияларындағы кәсіби бағдарламашылар тәлім беріп, IT өнімдерін халықаралық нарыққа шығару және ақшалай пайда әкелу жолдарын таныстырады.
Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясовтың айтуынша, IT білім беру жобалары мемлекеттің дамуында маңызды стратегиялық және әлеуметтік рөл атқарады. “Президент Тоқаев бірнеше рет айтып кеткеніндей, біздің елімізге жас, білімді және ынталы кадрлар қажет және елдің барлық аймағынан келген 200 дарынды жасқа арналған жазғы бағдарламалау мектебі 100 000 жоғары білікті IT маманды әзірлеу жолындағы тағы бір қадам. Сіздерге жазғы мезгілді пайдалы өткізулеріңізді тілеймін және Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуіне үлкен үлес қосатын болашақ көшбасшылар, бағдарламашылар, оқытушылар және шығармашыл адамдар арасында сіздерді көремін деп сенемін”, – деді мектептің ашылу салтанатында вице-министр.
Мектеп қатысушыларымен Google компаниясында бұрын әзірлеуші болған, nFactorial мектебінің 2016 жылғы түлегі және қыздарға арналған Exponential білім беру стартапының негізін қалаушы Назерке Қалидолда да кеңестерімен бөлісті.
Апта сайын қатысушыларға “алып” бағдарламашылар – Meta, Google, Apple, Reddit компанияларының және Кремний алқабы мен ТМД стартаптарының жетекші бағдарламашылары мен дизайнерлері қонақ болып дәріс оқитын болады.
Жоба нәтижесінде қатысушылар 150-ден астам қазақстандық өнім әзірлейді, олардың ең үздіктері инвесторлар мен кәсіпкерлерге стартап презентациясында ұсынылады.
Байланыс нөмірлері:
Далида Еркулиева, nFactorial School оперативтік директоры, nfactorialschool@gmail.com, +77015080505.
Айнұр Сағынбайқызы, “Шеврон” корпоративтік байланыстар жөніндегі координаторы, AinurSagi@chevron.com, +7 702 9992084.
Ақпарат:
nFactorial School - кәсіби әзірлеушілерді дайындайтын мектеп, оның түлектері Facebook, Amazon, Google, Apple, Reddit, Stripe & Yandex компанияларында жұмыс істейді. Мектептің миссиясы – әлем деңгейіндегі 10 000 ІТ маманын оқытып шығару. Мектеп менторлары – өнеркәсіптегі кәсіби әзірлеушілер, IOI & ACM ICPC сияқты беделді халықаралық бағдарламалау олимпиадаларының тәжірибелі оқытушылары мен финалистері.
“Шеврон” - дүниежүзіндегі ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Компания қолжетімді, сенімді және таза энергияның гүлденген және тұрақты әлемді құруда маңызы зор деп сенеді. “Шеврон” мұнай мен табиғи газ шығарады, көлік жағармайын, жанар-жағар май, мұнай-химиялық өнімдерді өндіреді, сонымен қатар бизнес пен саламызды жақсартатын технологияларды дамытады. Компания қызметіндегі көміртекті азайтуға ерекше назар аударады және бизнесін қалыпты бағытта дамытумен қатар көміртек шығарындылары төмен бизнесті дамытуға тырысады. “Шеврон” компаниясы туралы толығырақ ақпаратты www.chevron.com сайтынан таба аласыздар.
Алматы, 6 июня 2022 – Сегодня, благодаря nFactorial School, компании «Шеврон» и Общественному Фонду «ITeachMe» при поддержке Satbayev University, стартовала бесплатная летняя школа по программированию для 200 участников из разных уголков Казахстана.
Летнюю школу организовал и открыл Арман Сулейменов - основатель nFactorial School, управляющий директор в американском стартапе pinemelon.com, IT-предприниматель, болашакер и выпускник Принстонского университета.
«Я благодарю компанию «Шеврон» и Satbayev University за поддержку нашей инициативы и за помощь в организации столь масштабного для страны образовательного проекта. Миссия nFactorial School – подготовить 10,000 высококлассных разработчиков и представить Казахстан на «технологической» карте мира, когда сотни миллионов людей по всему миру будут использовать софтверные продукты «Made in Kazakhstan», – отметил Арман Сулейменов.
С 2015 года образовательные проекты Армана Сулейменова подготовили 650+ казахстанских IT-специалистов. Выпускники nFactorial School работают в таких технологических гигантах, как Meta, Google, Apple, Amazon, Reddit, Deepmind, Stripe, а также в топовых IT-компаниях СНГ.
В летней школе nFactorial участники смогут обучиться основам веб-разработки и дизайна, а к завершению учебы создадут уникальные веб-приложения под наставничеством профессиональных разработчиков из лучших казахстанских и международных IT-компаний, которые поделятся секретами продвижения и монетизации IT продуктов на международном рынке.
По словам вице-министра образования и науки Айбата Ильясова, образовательные IТ-проекты имеют важную стратегическую и социальную роль в развитии государства. «Как неоднократно отмечал Президент Токаев, нашей стране нужны молодые, образованные и мотивированные кадры и летняя школа программирования для 200 талантов со всех регионов страны – еще один шаг к подготовке 100 000 высококвалифицированных IT-специалистов. Я желаю вам продуктивного лета и надеюсь увидеть именно ваши лица среди будущих лидеров, программистов, предпринимателей, преподавателей и творческих людей, вносящих весомый вклад в развитие и процветание нашего Казахстана», – сказал на открытии школы вице-министр.
Участники школы также получили советы Назерке Калидолды – бывшей разработчицы из Google, выпускницы nFactorial 2016 и основателя образовательного стартапа для девушек-разработчиц Exponential.
Еженедельно участников будут ждать гостевые лекции с «титанами» программирования – ведущими разработчиками и дизайнерами из Meta, Google, Apple, Reddit, и стартапов Кремниевой Долины и СНГ.
В результате проекта участники разработают 150+ казахстанских продуктов и лучшие из них будут представлены на презентации стартапов заинтересованным инвесторам и предпринимателям.
Контакты:
Далида Еркулиева, операционный директор nFactorial School, nfactorialschool@gmail.com, +77015080505.
Айнур Сагынбайкызы, координатор по внешним связям компании «Шеврон», AinurSagi@chevron.com, +7 702 9992084.
Справка:
nFactorial School - школа подготовки профессиональных разработчиков с выпускниками, работающими в Facebook, Amazon, Google, Apple, Reddit, Stripe & Yandex. Миссия школы - подготовить 10 000 IT-специалистов мирового уровня. Менторы школы - профессиональные разработчики из индустрии, опытные преподаватели и финалисты престижных международных олимпиад по программированию, такие как IOI & ACM ICPC.
«Шеврон» – одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Компания считает, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. «Шеврон» добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимические продукты, а также разрабатывает технологии, которые улучшают бизнес и отрасль. Компания сосредоточена на снижении углеродоемкости своей деятельности и стремится развивать бизнес с низким уровнем выбросов углерода наряду со своими традиционными направлениями бизнеса. Больше информации о «Шеврон» вы найдете на www.chevron.com.