Пресс-релизы
Ақтауда Каспийдің экологиялық проблемаларына арналған дөңгелек үстел өтті
В Актау состоялся круглый стол по экологическим проблемам Каспия
12 тамызда Каспий жағалауындағы елдер қоғамның назарын теңіздің қоршаған ортасын қорғау қажеттілігіне аударуға бағытталған Халықаралық Каспий күнін атап өтеді, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Маңғыстау облысының экологиялық мәселелері: тәжірибе, проблемалар және даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Шара ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың, мұнай-газ компанияларының өкілдерінің басын қосты.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірдің экологиялық проблемалары Каспийдің биологиялық ресурстарының сарқылуымен, мұнайдың салдарынан ластану тәуекелдерімен байланысты.
«EcoBatys» бастамасы аясында Маңғыстау облысының қоғамдық бірлестіктері «Шелл Қазақстан» компаниясының және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға, эко-мәдениетін қалыптастыруға, Каспий итбалығын сақтауға бағытталған 6 жобаны жүзеге асырады. Мұндай әлеуметтік жобалар ҮЕҰ-ға қолдау көрсетіп қана қоймай, өңірдегі экологиялық проблемаларды шешуге елеулі үлес қосуда», - дейді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Ғалым Құрман.
Қоғам белсенділерінің пікірінше, өңірдегі экологиялық проблемаларды мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-ның, ғалымдардың, еріктілердің бірлескен күшімен ғана шешуге болады.
«Дөңгелек үстелде көтерілетін мәселелердің бірі – Каспий итбалығының жойылып кету қаупі. Соңғы кезде осы түрге тиесілі жануарлардың саны соңғы уақытта азайып келеді. Каспий итбалығы – Каспий теңізінің эндемигі. Мемлекеттік органдар мен ірі корпорациялардан бастап Каспий маңы аймағының тұрғындарына дейінгі барлық мүдделі тараптардың қолдауына сенемін. Бұл күрделі мәселені біз тек күшімізді біріктіру арқылы ғана шеше аламыз», - дейді «Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының» басшысы Адылхан Товасаров.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар Каспий теңізінің жай-күйі және экологиялық жүйені сақтау мәселелерін, Маңғыстау облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау шараларын талқылады.
12 августа прикаспийские страны отмечают Международный день Каспия, призванный привлечь внимание общественности к необходимости защиты окружающей среды Каспийского моря, передает пресс-служба Центра поддержки гражданских инициатив.
В Актау состоялся круглый стол «Экологические проблемы Мангистауской области: опыт, проблемы и перспективы развития» с участием акима Мангистауский области Нурлана Ногаева. Мероприятие собрало ученых, представителей госорганов, неправительственных общественных организаций, нефтегазовых компаний.
По словам организаторов круглого стола, экологические проблемы региона связаны с истощением биологических ресурсов Каспия и рисками загрязнения нефтью.
«В рамках масштабной инициативы «EcoBatys» общественные объединения Мангистауской области при поддержке компании «Шелл Казахстан» и Центра поддержки гражданских инициатив реализуют 6 проектов, направленных на экологическое просвещение, формирование эко-культуры, сохранение каспийского тюленя и т.д. Такие социальные проекты не только оказывают поддержку и содействие НПО, но и вносят значительный вклад в решение экологическим проблем в регионе», - говорит председатель Правления Центра поддержки гражданских инициатив Ғалым Құрман.
По мнению общественников, только совместными усилиями госорганов, НПО, ученых, волонтеров возможны решения экологических проблем региона.
«Одна из проблем, которая была поднята на круглом столе - это угроза исчезновения каспийского тюленя, так как численность этого вида в последнее время сокращается. Каспийский тюлень – эндемик Каспийского моря. Я надеюсь на поддержку всех заинтересованных сторон – от государственных органов и крупных корпораций до жителей прикаспийского региона. Решить сложнейшую задачу по его спасению возможно лишь объединив усилия», - рассказал руководитель «Центр изучения и реабилитации каспийского тюленя» Адылхан Товасаров.
В рамках круглого стола участники обсудили проблемы состояния Каспийского моря и сохранения экосистемы, меры по улучшению экологической обстановки в Мангистауской области и защите окружающей среды.