Пресс-релизы
QazaqGaz бен Алматы әкімдігі арасындағы келісім оңтүстік астана ауасының сапасын жақсартады
Соглашение между QazaqGaz и акиматом Алматы улучшит качество воздуха в мегаполисе
Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту атмосфераға шығарындыларды азайтып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартады. Үкімет тапсырмасын орындау аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тиісті меморандумға қол қойды.
Қол қойылған құжатқа сәйкес, ұлттық компания 2023 жылдың 2 тоқсанында үш автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясын салуды жоспарлап, сығымдалған табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етуді көздейді. Алматы әкімдігі өз тарапынан автобус паркін 1200 бірлікке дейін кеңейтеді деп күтілуде.
Сығымдалған табиғи газды дизельдік отынның басты бәсекелесі деп жатады. АҚШ, Қытай, Италия мен басқа да елдердің қоғамдық көлігі мен арнайы техникасы тек аталған отын түрімен жүреді. Сығымдалған табиғи газдың басты артықшылығы тек оның экологиялық тазалығында ғана емес, сондай-ақ, оның тиімділігінде. СТГ дизельді отынға қарағанда екі есе арзан.
«QazaqGaz басқа қалалардың Әкімдігімен среіктестік орнатуды да көздейді. Біз өз тарапымыздан газ моторлы отынды пайдаланып, қоғамдық көлікті дизельден экологиялық таза отын – сығымдалған табиғи газға көшіруге қолдау білдіреміз»,-деді компания басшысы Санжар Жаркешов.
Қала ауа сапасын жақсарту үшін энергетикалық кешен мен газбен жабдықтауды дамыту туралы да келісім жасалды.
Сығымдалған табиғи газ – 200-250 қысымда қысылған. Көгілдір отын магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау үшін сығымдалады.
СТГ елді-мекендер арасында баллондарда тасылады. Газды мұндай әдіспен жеткізу – магистральды газ құбырын жүргізуге балама болып табылады.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 18 автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы жұмыс істейді, олардың жетеуі QazaqGaz компаниясының еншісінде. Сығымдалған табиғи газбен жүретін көлік саны – 1925 дананы құрайды.
Расширение использования природного газа в качестве моторного топлива позволит снизить выбросы в атмосферу и улучшить экологическую ситуацию в городе. В рамках исполнения поручения Правительства соответствующий меморандум подписали Председатель Правления АО «НК «QazaqGaz» Санжар Жаркешов и аким города Алматы Ерболат Досаев.
Согласно подписанному документу, национальная компания построит три АГНКС во 2 квартале 2023 года и обеспечит бесперебойную поставку компримированного природного газа (КПГ). Со своей стороны, акимат Алматы планирует расширение автобусного парка до 1200 единиц.
КПГ называют главным конкурентом дизельного топлива. Общественный транспорт и специальная техника США, Китая, Италии и многих других стран заправляется исключительно этим видом топлива. Преимущество компримированного природного газа заключается как в экологичности, так и в доступной цене – КПГ в два раза дешевле, чем дизельное топливо.
«QazaqGaz рассчитывает на сотрудничество с администрацией и других городов Казахстана. Со своей стороны, мы готовы работать в сфере использования газомоторного топлива и переводить общественный транспорт с дизеля на более экологически чистое горючее – КПГ», - отметил глава компании Санжар Жаркешов.
Кроме того, для улучшения качества воздуха в городе также достигнуто соглашение по развитию энергетического комплекса и газоснабжения.
Компримированный природный газ (КПГ) – это сжатый природный газ, находящийся под давлением в 200-250 атмосфер, что приводит к кратному сокращению объема. Газ компримируют для использования в качестве газомоторного топлива.
КПГ также транспортируют в баллонах между населенными пунктами. Такой способ доставки газа - альтернатива возведению магистральных газопроводов (виртуальный газопровод).
На сегодняшний день в Казахстане функционируют 18 АГНКС, 7 из которых принадлежат группе компаний QazaqGaz. Количество автотранспорта на КПГ составляет 1925 единиц.