Пресс-релизы
Атырау облысында Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтті
В Атырауской области прошли общественные слушания по строительству ГПЗ на Кашагане
27 қаңтарда «QazaqGaz» ҰК» АҚ сенімгерлік басқаруындағы «GPC Investment» ЖШС Атырау облысының Мақат ауданында қоғамдық тыңдаулар өткізді. Кездесуде Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы жобасын түзету аясында қоршаған ортаға ықтимал әсерлері талқыланды.
Жобаны түзету жобалық-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) кешенді аудитінің нәтижелеріне байланысты болып отыр. Осы жолы бұрын бекітілген құжаттың барлық кемшіліктері ескерілді. Сонымен қатар, технологиялық жабдықтар оңтайландырылды, жетіспейтін жабдықтар енгізілді, ластаушы заттардың шығарындыларын ластау көздерінде және санитарлық-қорғау аймағының периметрі бойынша автоматты бақылау жүйесі енгізілді.
Тыңдауға аудан тұрғындары, республикалық қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеппен танысты. Құжат жобалық-сметалық құжаттаманың Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты ашады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға әсердің алдын алуға, азайтуға және жеңілдетуге бағытталған іс-шаралар жоспары ұсынылған.
Жаңа газ өңдеу зауытында кәсіпорынның қоршаған ортаға және жақын маңдағы елді-мекен тұрғындарының денсаулығына әсерін азайтуға көмектесетін заманауи технологиялар қолданылады.
Тыңдау барысында жобаның әлеуметтік маңыздылығы да айтылды. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру және Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық газдың ресурстық базасын арттыруға баса назар аударылды.
Қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы ecoportal.kz порталында орналастырылады.
27 января ТОО «GPC Investment», находящееся в доверительном управлении АО НК «QazaqGaz», провело общественные слушания в Макатском районе Атырауской области. На встрече обсуждалось возможное воздействие на окружающую среду в рамках корректировки проекта строительства газоперерабатывающего завода на Кашагане.
Корректировка проекта обусловлена результатами комплексного аудита проектно-сметной документации (ПСД), где были учтены недоработки ранее утвержденного документа. В том числе, оптимизировано технологическое оборудование, включено недостающее оборудование, внедрена система автоматического мониторинга выбросов загрязняющих веществ на источниках загрязнения и в периметре санитарно-защитной зоны.
В слушаниях приняли участие жители района, республиканские общественные экологические организации и представители местных исполнительных органов.
Участники ознакомились с Отчетом о возможных воздействиях на окружающую среду. В документе раскрыты сведения о соответствии ПСД требованиям Экологического кодекса РК. Кроме того, представлен план мероприятий, направленных на предотвращение, сокращение и смягчение воздействий на окружающую среду.
На новом ГПЗ будут применяться современные технологии, которые помогут снизить влияние предприятия на окружающую среду и на здоровье жителей близлежащих населенных пунктов.
В рамках слушаний также была отмечена социальная значимость проекта. В том числе, создание новых рабочих мест и наращивание ресурсной базы товарного газа для поставки на внутренний рынок Казахстана.
Протокол общественных слушаний будет размещен на портале ecoportal.kz.