Пресс-релизы
ҚМГ мен CNPC ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
КМГ и CNPC обсудили приоритетные направления сотрудничества
Астана қ.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев CNPC компаниясының вице-президенті, PetroChina Президенті Хуан Юнчжан мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары мен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Атап айтқанда, Қашаған кен орнында қуаты жылына 4 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу бойынша ынтымақтастық нұсқалары талқыланды.
Сондай-ақ Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту арқылы ҚХР-ға Қазақстан мұнайын жеткізуді арттыру мәселесі қаралды. Аталған мұнай құбырының артықшылығы – Қытай нарығына транзит елдерсіз тікелей шығуға мүмкіндік беретінінде.
Құбыр жүйесінің айтарлықтай бөлігі ҚМГ мен CNPC-дің бірлескен меншігінде екенін айта кету керек. Былтыр Атыраудан шығысқа жеткізу көлемі артты, ал қазір Атырау-Кеңқияқ-Құмкөл учаскесіндегі көлем толығымен жүктелген. Мәселен, 2022 жылы Атырау-Кеңқияқ бойынша 4,5 млн тонна, Кеңқияқ-Құмкөл бойынша 8,1 млн тонна мұнай жеткізілді.
Сонымен қатар, тараптар «Үлкен Жамбыл» және «Торғай Палеозой» сияқты жаңа геологиялық барлау жобаларын әзірлеу бөлігінде ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Қатысушылар Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін арттыру жолдарын қарастырды. Бұл жобаны іске асыру Қазақстан ішінде мұнай өнімдеріне деген сұраныстың артуына байланысты өзекті болып отыр.
Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы (CNPC) – халықаралық кешенді энергетикалық компания, әлемдік мұнай саласындағы алып көшбасшы компаниялардың үштігіне кіреді, 38 елде мұнай-газ операцияларын жүргізеді, Қазақстанда 1997 жылдан бері жұмыс істейді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.
г. Астана
Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Магзум Мирзагалиев провел встречу с вице-президентом компании CNPC, Президентом PetroChina г-ном Хуаном Юнчжаном.
В ходе встречи стороны обсудили перспективные направления партнерства с возможностью реализации совместных инвестиционных проектов. В частности, были обсуждены варианты сотрудничества по строительству газоперерабатывающего завода мощностью 4 млрд. кубометров в год на месторождении Кашаган.
Также был рассмотрен вопрос увеличения поставок казахстанской нефти в КНР за счет расширения нефтепровода Казахстан-Китай, который имеет преимущество прямого доступа на китайский рынок без вовлечения транзитных стран.
Отметим, что значительная часть трубопроводной системы находится в совместной собственности КМГ и CNPC. В прошлом году объемы поставок из Атырау на восток увеличились, и сейчас мощности на участке Атырау-Кенкияк-Кумколь практически полностью загружены. Так, в 2022 году по Атырау-Кенкияк поставлено 4,5 млн. тонн, по Кенкияк-Кумколь — 8,1 млн. тонн нефти.
Кроме того, стороны обсудили возможности сотрудничества в части разработки новых геологоразведочных проектов, включая «Большой Жамбыл» и «Тургай Палеозой».
Отдельно участники встречи рассмотрели пути расширения перерабатывающих мощностей Шымкентского НПЗ до 12 млн тонн в год. Реализация данного проекта является актуальной на фоне растущего спроса на нефтепродукты внутри Казахстана.
Китайская Национальная Нефтегазовая Корпорация (CNPC) является международной комплексной энергетической компанией, входит в тройку лидеров мировых нефтяных гигантов, проводит нефтегазовые операции в 38 странах, в Казахстане работает с 1997 года.
АО «Национальная компания «КазМунайГаз» является ведущей вертикально-интегрированной нефтегазовой компанией Казахстана. КМГ управляет активами по всему производственному циклу от разведки и добычи углеводородов до транспортировки, переработки и предоставления специализированных услуг. Компания, основанная в 2002 году, представляет интересы Казахстана в нефтегазовой отрасли страны.