Пресс-релизы
«ҚазМұнайГаз» бен CNPC стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойды
«КазМунайГаз» и CNPC подписали Соглашение о расширении стратегического сотрудничества
2023 жылы 18 мамырда Сиань қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және China National Petroleum Corporation (CNPC) мұнай-газ саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойды.
Келісім бойынша геологиялық барлау және мұнай өңдеу саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету, Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы тасымалдау көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін зерделеу, сондай-ақ компаниялардың кадрлық әлеуетін дамыту жоспарлануда.
«ҚазМұнайГаз бен CNPC компаниялары арасында Қазақстан үшін маңызды мұнай-газ жобаларын бірлесіп іске асырған жылдар ішінде берік әрі сенімді қарым-қатынас қалыптасып үлгерді. Қол қойылған бүгінгі Келісім – компаниялар арасындағы әріптестікті нығайту бағытындағы кезекті кезең», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.
18 мая 2023 года в г. Сиань в рамках визита Президента РК Касым-Жомарта Токаева в КНР АО НК «КазМунайГаз» и China National Petroleum Corporation (CNPC) подписали Соглашение о расширении стратегического сотрудничества в нефтегазовой отрасли.
В рамках Соглашения планируется углубление сотрудничества в сфере геологоразведки и нефтепереработки, изучения возможностей для увеличения объемов транспортировки по нефтепроводу Казахстан-Китай, а также развития кадрового потенциала компаний.
«Между компаниями КазМунайГаз и CNPC за многие годы совместной работы сложились крепкие и доверительные отношения, совместно реализуются важные для Казахстана нефтегазовые проекты. Подписанное сегодня Соглашение является очередным этапом в деле укрепления партнерства между компаниями», - сказал Магзум Мирзагалиев.
АО НК «КазМунайГаз» является ведущей вертикально-интегрированной нефтегазовой компанией Казахстана. КМГ управляет активами по всему производственному циклу от разведки и добычи углеводородов до транспортировки, переработки и предоставления специализированных услуг. Компания, основанная в 2002 году, представляет интересы Казахстана в нефтегазовой отрасли страны.