Пресс-релизы
КҚК акционерлеріне дивиденд төлеу туралы
О выплате дивидендов акционерам КТК
КҚК акционерлері ағымдағы жылдың мамыр айында өткен басқарушы органдардың отырысы барысында 2023 жылғы дивиденд сомаларын және төлем кестесін бекітті.
КҚК қаржы саясатында аралық және жылдық дивиденд төлеу қарастырылған. Дивиденд сомасы күрделі және пайдалану шығындарын, сондай-ақ жаңа ірі жобалардың бар-жоқтығын ескергендегі Консорциум пайдасынан құралады.
2023 жылғы 31 мамырда қабылданған шешімдерді орындау мақсатында «КҚК-Р» АҚ 2023 жылғы маусым айының екінші жартысында акционерлерге кезекті транш арқылы рубльмен және АҚШ долларымен дивиденд төледі.
«КҚК-Қ» АҚ акционерлеріне төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жүргізіледі.
Консорциумның РФ аумағындағы қатысушыларына компанияның 2022 жылғы қызмет қорытындылары бойынша төлем көзінен салық ұсталғанға дейінгі жалпы сомасы 43 млрд рубль көлемінде дивиденд үлестірілді, бұл халықаралық акционерлердің РФ ұлттық валютасынан өзге валютада дивиденд алу құқығын жүзеге асыруға қатысты РФ ОБ мақұлдаған РФ Қаржы министрлігінің Үкіметаралық комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, акционерлер шешім қабылдаған күндегі АҚШ долларының бағамына сәйкес 533 млн АҚШ долларын құрайды.
Ескеретіні, КҚК дивиденд төлеуді 2021 жылы, яғни Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесін құру және мұнай құбырының өткізу мүмкіндігін арттыру жобасын қаржыландырған акционерлерге берешегін толық өтегеннен кейін бастады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша төлеу үшін бекітіліп қойған сомаларды ескергендегі 2023 жылғы қорытынды дивиденд төлемдерінің болжалды шамасы 1,34 млрд АҚШ долларын құрайды.
Акционеры КТК в ходе заседаний управляющих органов в мае текущего года утвердили график и суммы выплат дивидендов в 2023 году.
Финансовая политика КТК предусматривает выплату промежуточных и годовых дивидендов. Их сумма формируется из прибыли Консорциума с учетом капитальных и эксплуатационных затрат, а также наличия либо отсутствия новых крупных проектов.
Во исполнение принятых решений от 31 мая 2023 года АО «КТК-Р» во второй половине июня 2023 года осуществило очередной транш дивидендных выплат акционерам в рублях и в долларах США.
Выплаты акционерам АО «КТК-К» будут обеспечены в установленные законодательством Республики Казахстан сроки.
Участникам Консорциума на территории РФ по итогам деятельности компании за 2022 год распределено дивидендов на общую сумму до удержания налога у источника выплаты - 43 млрд рублей, что соответствует 533 млн долларов США по курсу на дату принятия акционерами решения с учетом рекомендации Межправительственной комиссии Министерства Финансов РФ, одобренного ЦБ РФ в части реализации права международных акционеров на получение дивидендов в валюте отличной от национальной валюты РФ.
Отметим, что к выплатам дивидендов КТК приступил в 2021 году после полного погашения задолженности перед акционерами компании, которые профинансировали проект создания трубопроводной системы Тенгиз-Новороссийск и расширение пропускной способности нефтепровода.
С учетом уже утвержденных сумм к выплате по итогам 2022г., прогнозное значение итоговых выплат дивидендов в 2023 году составляет 1,34 млрд долл США.