Пресс-релизы
Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер. 2023 жылдың екінші тоқсаны бойынша мәлімет
Тарих/Қатысушылар
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде
- Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- Қазіргі таңдағы ТШО серіктестері: «Шеврон» - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ - 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» - 25% және «Лукойл» - 5%.
Өнім өндіру/Қорлар
- Теңіз коллекторының жалпы барланған қоры 3,1 миллиард тонна (25 миллиард баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 миллиард баррель) мұнайды құрайды.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард тонна мөлшерде (11,5 миллиард баррель).
- Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 80 мың тоннаға (640 мың баррель), ал табиғи газ 22 миллион текше метрге (870 миллион текше фут) жетті.
- 2023 жылдың екі тоқсанында шикі мұнай өндіру көлемі 14,9 миллион тоннаны (118,9 миллион баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- ТШО 2000 жылдан бері табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға 3,2 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция салды.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 75%-ға азайды.
- ТШО 2023 жылдың екі тоқсанында газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,5% құрады.
- 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында суды қайтадан пайдалану көрсеткіші 47%-ға жетті. ТШО тұрмыстық ағын суларды кәдеге жарату, өнеркәсіптік мақсатта тазарту және қайта пайдалану арқылы суды үнемдеу бағытындағы іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруды жалғастыруда.
- ТШО қалдықтардың 35-тен аса түрін қайта өңдеуге жібереді. 2023 жылдың екі тоқсаны соңында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жалпы көрсеткіш 44%ды құрады.
Өнімдерді өткізу
- Бірінші жартыжылдықта 634 мың тоннадан аса сұйытылған газ, 469 миллион текше метрден аса құрғақ газ, сондай-ақ 1,4 миллион тонна күкірт өткізілді.
Қазақстан Республикасы экономикасына қосқан үлесі
- 1993 жылдан бастап 2023 жылдың екінші тоқсаны дейінгі аралықта ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржылай салымы кәсіпорынның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақыны, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржыны, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялтиді қоса алғанда 184 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады.
- 2023 жылдың екі тоқсанында ТШО-ның Қазақстанға төлеген тікелей қаржы көлемі 7,6 миллиард АҚШ долларды құрады.
- 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында 2 миллиард АҚШ долларына жуық қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтері сатып алынды, оның 1,3 миллиард АҚШ доллардан астамы Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) шеңберінде жұмсалды.
- 1993 жылдан бері 45,6 миллиардтан астам АҚШ долларына қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтері сатып алынды
Қызметкерлерді шыңдау
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 91,4%-ды құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмысшыларын есепке алмағанда, ТШО қызметкерлерінің 94,6%-ы қазақстандықтар. 1993 жылы бұл көрсеткіш 50% болатын.
- Жалпы басшылық құрамның 78,3%-ын қазақстандық жоғары және орта буын жетекшілер құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны есепке алмағанда қазақстандық жоғары және орта буын басшылардың жалпы үлесі 86,8%.
- Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламалар нәтижесінде анағұрлым жауапты басшылық лауазымдарға жергілікті қызметкерлер көбірек тартылуда.
Әлеуметтік салаға үлес
- «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының 2023 жылғы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Аталмыш қаржының негізгі бөлігі Атырау облысындағы балабақшалар, мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына бағытталады.
- 1993 жылдан бері Атырау облысындағы мектептер, ауруханалар, демалыс орындары, балабақшалар және басқа да жалпыға ортақ нысандар сияқты әлеуметтік нысандарды салу және жақсарту үшін 120-дан астам әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларға 360 миллион доллардан астам инвестиция салынды.
- ТШО 2010-2022 жылдар аралығында Атырау және Маңғыстау облыстарындағы денсаулық сақтау, білім беру, экономика және азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы қауымдастықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберіндегі 123 әлеуметтік жобаға қолдау көрсетті.
- 2023 жылы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде Атырау облысы мен Маңғыстау облысының Боранқұл ауылында денсаулық сақтау, білім беру сапасын көтеру және азаматтық қоғамды дамытуға арналған 21 жобаға 2,5 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді.
- 2023 жылы Атырау облысына және Жылыой ауданына 2 миллион АҚШ долларынан астам қаржылай көмек көрсетілді, оның ішінде 1,6 миллион АҚШ доллары ККЖ-ҰЕҚБЖ бюджетінен бөлінді.
- ТШО 2023 жылы Жылыой ауданын дамытуға арналған жаңа бағдарламаны қолға алды. Бағдарлама шеңберінде Құлсары қаласындағы № 8 орта мектепте аудандағы білім бері жүйесін жақсартуға ықпал ететін STEAM зертханасы ашылды.
Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
Жалпы мағлұмат
- 2016 жылы ТШО серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты қорытынды шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- ККЖ мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 миллион тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырмақ. Мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 39 миллион тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды.
- ҰЕҚБЖ кеніштегі ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіре берісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.
Қазақстандық қамту
- ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ жүзеге асырыла бастағаннан бері қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 16,9 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсады
Жоба бойынша жұмыстардың орындалу барысы
- Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) нысандары құрылысының басым бөлігі аяқталды.
- Жобаның негізгі кезеңдері бойынша таяуда қол жеткен басты жетістіктер: ҮБЗ отын газ жүйесі іске қосылды, ШГАҮБ және құбырлар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толықтай аяқталды.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ – бұл білікті мамандарды даярлау, шетелдік компаниялармен серіктестік қатынас орнату арқылы технология алмасу және жергілікті инфрақұрылымды жаңғырту түрінде мұра қалдыруға мүмкіндік беретін ұлттық маңызға ие жоба.