Пресс-релизы
QazaqGaz және PetroChina International компаниялары газ экспорты бойынша 2023-2026 жылдарға арналған жаңа келісімшартқа қол қойды
Пекин қ. – 17 қазанда «QazaqGaz «ҰК» АҚ мен PetroChina International арасында газ экспорты бойынша жаңа келісімшартқа қол қою рәсімі өтті.
Құжат компанияларға қазақстан газын Қытайға экспорттау бағытындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Келісім Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев бастаған ҚР делегациясының қатысуымен аспан асты елінде өтіп жатқан «Бір белдеу, бір жол» саммиті аясында бекіді.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері QazaqGaz басшысы China National Petroleum Corporation (CNPC), PetroChina International және TapLine компанияларымен жаңа экспорттық Келісімшарттың шарттары мен перспективаларына қатысты бірқатар келіссөздер жүргізген болатын.