Пресс-релизы
Мейкерспейс кеңейеді!
2023 жылғы 23 қазанда сағат 11:30-да Алматыда АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм мен «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс АҚШ дипломатиялық миссиясы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы «Мейкерспейс кеңейеді!» бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды ұзарту рәсіміне қатысады.
Бұл бағдарлама қазақстандық жастар үшін Мейкерспейс желісі арқылы ғылым, технология, инженерия, өнер және математика саласындағы (STEAM) білім беру мен оқу ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мейкерспейс желісі - бүкіл Қазақстан бойынша идеялар жасау, зерттеу және бөлісу арқылы үйренетін көпшілікке арналған бірлескен жұмыс кеңістігі. Осы желіге қазіргі уақытта Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Орал және Павлодардағы Мейкерспейс орталықтары кіреді.
«Мейкерспейс кеңейеді!» бағдарламасы 2020 жылдан бастау алады, содан бері толық жабдықталған үш Makerspace ашылды, және тағы үшеуі жаңартылды. Makerspace жыл сайын мыңдаған жас қазақстандықтарға пайдалы болып, заманауи жоғары технологиялық жабдықтарына, сарапшылар басқаратын курстарына және тегін тәлімгерлігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өткен жылдың өзінде 16 000-ға жуық жас қазақстандықтар «Мейкерспейс кеңейеді!» мүмкіндігін пайдаланды. Өзара түсіністік туралы меморандумды ұзартуға қол қою тараптардың Мейкерспейс санын және олардың бүкіл ел бойынша қамтылуын кемінде тағы үш жылға ұлғайту деген ниетін білдіреді.
Мейкерспейс бағдарламалау, робототехника, 3D модельдеу, визуалды мазмұнды жасау және т.б. саладағы сұранысқа ие қолданбалы дағдылар дамыту үшін тұрақты курстар мен семинарлар ұсынады. Мейкерспейс орта және жоғары оқу орындарының студенттерін, біліктілігін арттырғысы, білім және мансаптық мүмкіндіктерін жақсартқысы, пікірлес адамдар қауымдастығына қосылғысы келетін жас мамандарын тартады.
«Мейкерспейс кеңейеді!» бағдарламасы техникалық дағдыларды дамытумен ғана шектелмейді. Ол креативті пікірді қолдауға және Қазақстандағы креативті индустрияны нығайтуға да бағытталған. «Мейкерспейс кеңейеді!» демеушілігімен жүзеге асырылған жобалардың қатарында: Еуразиялық мәдени альянстағы «Егін» жобасы, MC2 O(ner)-тағы «Қазақстанның 10 үздік фильм» жобасы, Алматылық ашық әдебиет мектебінің жыл сайынғы алматылық жазушылар резиденциялары, жасөспірімдерге арналған «Urbanitarium» Urban Forum Kazakhstan білім беру жобасы, Смитсон институтының фольклорлық және мәдени мұра орталығының қолөнер тәжірибесімен алмасу және мәдени мұраны сақтау жөніндегі АҚШ-Қазақстан бағдарламасы және т.б.
Бұл рәсім АҚШ дипломатиялық миссиясы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы Қазақстандағы адами капиталды дамытуға бірлескен инвестиция салудағы серіктестіктің маңызды кезеңі болады. Алматы қаласы, Байзаков көшесі, 280 мекенжайы бойынша American Space & Makerspace Almaty (SmArt.Point, бірінші қабат) орталығында сіздерді күтеміз.