Пресс-релизы
KAZENERGY қауымдастығы мүшелерінің жалпы жиналысының қорытындылары туралы
Астана қаласы 2024 жылғы, 31 қаңтар
2024 жылғы 31 қаңтарда Астана қаласында «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мүшелерінің жалпы жиналысы өтті. Отырыс шеңберінде 2023 жылғы KAZENERGY жұмыс қорытындылары ұсынылды, сондай-ақ Қауымдастық қызметінің негізгі міндеттері мен негізгі бағыттары және оны одан әрі дамыту мәселелері ұсынылды.
Қауымдастықтың төрағасы Мағзұм Мырзағалиев саладағы ағымдағы жағдайдың негізгі міндеттерін, Қауымдастықтың заң жобаларын әзірлеу және жүйелі міндеттерді шешу бойынша өзара іс-қимыл жасауда Қауымдастық мүшелерінің арасындағы ынтымақтастық орнатудағы маңыздылығын және негізгі проблемалы мәселелердің талап етілетін бірлескен шешімін атап көрсетті.
Сонымен қатар ол Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысына энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтің, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуы мемлекеттің ашықтық пен диалогқа жүйелі бейілділігін көрсетеді және KAZENERGY шешіп жатқан міндеттердің маңыздылығын атап көрсетеді.
Қауымдастықтың бас директоры Кенжебек Ибрашев Қауымдастықтың 2023 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндама жасады, 2024 жылға арналған ауқымды жұмыс жоспарлары және KAZENERGY мүшелерімен өзара іс-қимылды жақсарту мәселелері туралы презентация жасады.
Ол Қауымдастық 2023 жылға жоспарланған жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ете алғанын айта келе, биылғы жылы KAZENERGY қауымдастық мүшелерімен, Үкіметпен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды айтарлықтай кеңейтіп, белсендіретінін атап өтті.
Мұнай-газ саласының мәселелеріне, жіті назар аударуды қажет ететін фискалдық және реттеу шараларына, геологиялық барлауға, көміртексіздендіру және энергетикалық көшу сын-тегеуріндеріне ерекше назар аударылды.
Қауымдастыққа мүше компаниялардың басшылары: «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» бас директоры Джанкарло Рую, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов, «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Нәби Айтжанов және басқалар өз ескертулерімен және толықтыруларымен сөз сөйледі.
Талқылауды қорытындылай келе, Қауымдастық төрағасы Мағзұм Мырзағалиев KAZENERGY мүшелеріне жалпы жиналысқа қатысқандары, жобалар мен бастамаларды күнделікті, жүйелі түрде қолдағаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Қазақстанның саласы мен экономикасының игілігі үшін бірлескен іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
KAZENERGY қауымдастығы 2005 жылы құрылды және мұнай-газ, энергетика саласындағы 50-ден астам заңды тұлғалардың мүдделерін қорғайды. Ұйым мемлекеттік органдар, Үкімет және сала компаниялары арасында сындарлы диалог жүргізуге мүмкіндік беретін ірі отандық сараптамалық салалық алаң болып табылады.