Пресс-релизы
Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға тартылған шетелдік жұмыскерлердің саны бекітілген квотадан аспайды
Численность иностранных работников, задействованных в модернизации Шымкентского НПЗ, соответствует утвержденной квоте
2017 жылғы 17 сәуір Шымкент қаласы
12 сәуірде Шымкент мұнай өңдеу зауытында ҚР энергетика министрі Қ. Бозумбаев «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің және «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның басшылығымен зауытты жаңғырту және реконструкциялау жобасын іске асыру бойынша жұмыс жиналысын өткізді. Аталған жиналысқа бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.
Жиналыс барысында қытай тілінен дұрыс аудармау нәтижесінде жаңғырту жобасы аясында зауытта жаңа қондырғылар мен жабдықтар салынып жатқан түрлі учаскелерге тартылған жұмыскерлердің саны туралы қате ақпарат айтылған. Бүгінгі таңда Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасына 4760 адам тартылған. Оның 3287-сі – қазақстандық жұмыскерлер, 1473-і Қытай Халық Республикасының азаматтары (өз кәсібін жетік меңгерген, жоғары білікті инженерлер, білікті жұмыскерлер). Бұл жұмыскерлер зауыттың технологиялық қондырғыларын салу үшін тартылған. Жоғарыда айтылғандай, Шымкент мұнай өңдеу зауытының құрылыс алаңдарына тартылған шетелдік жұмыс күшінің саны 30,95%-ды құрайды, бұл басым бағыттағы маңызды жобаны іске асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күші мен жергілікті жұмыс күшінің бекітілген қатынасына толық сәйкес келеді.
Жаңғырту жобасы бойынша жаңа қондырғыларды салу кезеңіне шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін барлық ресми рұқсаттар белгіленген квоталарға сәйкес беріледі.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен CNPC («Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы») арасында жасалған халықаралық келісім-шарттарға сәйкес Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасы бойынша жаңа қондырғылардың құрылысын жүргізетін бас мердігер ретінде – мұнайгаз өнеркәсібі саласында инжинирингтік және құрылыс жұмыстарын жүргізетін ірі компаниялардың бірі – СРЕСС (China Petroleum Engineering & Construction Corporation) компаниясы анықталған.
31 наурызда «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де Шымкент мұнай өңдеу зауытында зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңінің үлкен технологиялық нысаны болып табылатын – шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталғаны туралы актіге қол қойылды.
Қазіргі уақытта, осы нысанда іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде және бұл жұмыстарды кепілді пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болып, ағымдағы жылдың шілдесіне аяқтау жоспарланып отыр. Қондырғы іске қосылғаннан кейін осы жылдың өзінде өндіріс көлемі ұлғайтылып, К4, К5 (Евро-4 және Евро-5 аналогы) экологиялық кластағы жоғары октанды бензин мен дизель отыны алынатын болады.
Жоғарыда айтылған жұмыстардан бөлек Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасының екінші кезеңі аясындағы жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Жаңғырту жобасының екінші кезеңі зауыттың шикізат өңдеу қуатын жылына 5,25 млн. тоннадан жылына 6 млн. тоннаға дейін арттыруға және шикізатты өңдеу тереңдігін жоғарылатуға бағытталған.
«ПКОП» ЖШС қоғаммен байланыс қызметі
17 апреля 2017 г. г. Шымкент
12 апреля на Шымкентском нефтеперерабатывающем заводе состоялось рабочее совещание министра энергетики РК К. Бозумбаева с руководством ТОО «ПетроКазахстан Ойл Продактс» и АО «КазМунайГаз» по реализации проекта модернизации и реконструкции завода. Данное мероприятие было открыто для представителей СМИ.
Во время совещания вследствие некорректного перевода с китайского языка прозвучала искаженная информация о численности работников, занятых на различных участках строительства новых установок и оборудования завода в рамках модернизации. Так, на сегодняшний день в проекте модернизации ШНПЗ задействованы 4760 человек. Из них 3287 человек – казахстанские работники, 1473 – граждане Китайской Народной Республики (узкоспециализированные инженеры, квалифицированные рабочие), которые привлечены для строительства технологических установок завода. Таким образом, количество иностранной рабочей силы на строительных площадках ШНПЗ составляет 30,95%, что полностью соответствует соотношению местной рабочей силы к иностранной, установленному для реализации приоритетного проекта.
Все официальные разрешения на привлечение иностранной рабочей силы на период строительства новых установок по проекту модернизации выдаются согласно установленным квотам.
Напомним, согласно заключенным международным контрактам между АО НК «КазМунайГаз» и CNPC («Китайской Национальной Нефтегазовой Корпорацией»), генеральным подрядчиком строительства новых установок по проекту модернизации и реконструкции Шымкентского нефтеперерабатывающего завода выступает СРЕСС (China Petroleum Engineering & Construction Corporation) – одна из крупных инжиниринговых и строительных компаний в нефтегазовой промышленности.
31 марта на ТОО «ПетроКазахстан Ойл Продактс» на Шымкентском нефтеперерабатывающем заводе был подписан акт механического завершения строительно-монтажных работ на наиболее крупном технологическом объекте первого этапа модернизации завода – установке изомеризации легких бензиновых фракций с блоком предварительной гидроочистки сырья.
В настоящее время на объекте ведется комплекс пусконаладочных работ, которые планируется завершить к июлю текущего года с достижением гарантийных эксплуатационных показателей и получением уже в 2017 году высокооктановых бензинов и дизельного топлива экологических классов К4, К5, (аналог Евро-4 и Евро-5) с увеличением их производства.
Кроме того, на ШНПЗ активными темпами ведутся работы в рамках второго этапа проекта модернизации, который направлен на увеличение мощности завода с 5,25 млн. до 6 млн. тонн нефти в год и глубины ее переработки.
Служба по связи с общественностью ТОО «ПКОП»