Пресс-релизы
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы шоғырландырылған өндірістік және қаржылық нәтижелері
Консолидированные производственные и финансовые результаты АО «Национальная компания «КазМунайГаз» за первый квартал 2019 года
Нұр-Сұлтан, 7 маусым 2019 жыл - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның жетекші тікелей-интеграцияланған мұнай-газ компаниясы, ХҚЕС-ке (Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына) сәйкес 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялайды.
2019 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік көрсеткіштер:
- Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылдың осындай кезеңінің көрсеткішімен салыстырғанда 1,3%-ға 5 939 мың тоннаға дейін (тәулігіне 495 мың баррель2 ) өсті;
- Табиғи және ілеспе газды өндіру өткен жылдың осындай кезеңдегіден 4,7%-ға ұлғайып, 2 173 млн м3 құрады;
- Мұнай тасымалдау көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға ұлғайып, 19 660 мың тонна болды;
- Газ тасымалдау көлемі 2018 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 3,6%-ға азайып, 25,9 млрд м3 құрады;
- Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу көлемі 1,1%-ға артып, 4 901 мың тонна болды. Осы көрсеткіш қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарындағы 3 306 мың тонна мөлшеріндегі және Румыниядағы KMG International («KMG I») зауыттарындағы 1 595 мың тонна мөлшеріндегі көлемді қамтиды. Мұнай өнімдері өндірісінің жалпы көлемі есептік кезең ішінде 0,9%-ға артып, 4 597 мың тонна болды;
- Жеке өндірілген мұнай мен конденсат сату көлемі өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 1,8 %-ға өсіп, 5 922 мың тоннаны құрады.
2019 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық көрсеткіштер:
- 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы түсім 20,5%-ға өсіп, 1 765 млрд теңгені (4 673 млн АҚШ доллары) құрады;
- 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы таза пайда 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 51,4%-ға, 309 млрд теңгеге дейін (819 млн АҚШ доллары) өсті;
- Күрделі шығындар есептік кезең ішінде 73 млрд теңгені (194 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 10,4%-ға төмен;
- EBITDA4 көрсеткіші 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 27,1%-ға өсті және 517 млрд теңгені (1 370 млн АҚШ доллары) құрады;
- Компанияның таза қарызы 2019 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша 2 356 млрд теңгені (6 200 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткіштен 9,9%-ға жоғары.
Басты корпоративтік оқиғалар:
- 2019 жылдың 22 ақпанында ҚМГ БӨ өзінің артықшылықты акцияларын кері сатып алу бағдарламасын аяқтады. Осылайша, ҚМГ 1 905 209 артықшылықты акцияның 1 239 087 данасын (немесе 65,0%) жалпы сомасы 15,9 млрд теңгеге сатып алды. 2019 жылдың 14 мамырынан бастап ҚМГ БӨ артықшылықты акциялары KASE-ден шығарылды;
- 2019 жылдың ақпанында «KMG Retail» ЖШС-ін 60 512 мл теңгеге сату жөніндегі мәміле аяқталды;
- 2019 жылдың наурыз айында Fitch халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ рейтингісін «ВВВ-/Болжам тұрақты» деңгейінде растап, жекелеген рейтингісі (stand-alone credit profile) «b»-ден «bb-»-қа дейін жоғарылағанын атап көрсетті;
- 2019 жылдың 29 наурызында ҚМГ 2022, 2023, 2027 және 2047 жылдары өтелуге тиіс (2018 жылға дейін шығарылған Еурооблигациялар) Еурооблигациялардың ұстаушыларынан (1) ковенанттық пакетті 2018 жылғы Еурооблигациялар шығарылымның талаптарымен теңестіруге және (2) 2044 жылы өтелуге тиіс Еурооблигацияларды 30,1 млн АҚШ доллары сомасына мерзімнен бұрын өтеуге келісім алды;
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында жалпы сомасы шамамен 21 млрд теңгеге әлеуметтік нысандардың (7 000 орындық стадион және конгресс-холл) құрылысын қаржыландыру мақұлданды;
- 2019 жылдың 29 сәуірінде Луис Мария Виана Палья Да Сильва ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып сайланды;
- 2019 жылдың 20 мамырында Энтони Эспина ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі болып сайланды.
Нур-Султан, 7 июня 2019 года - АО «Национальная компания «КазМунайГаз» (далее – «КМГ», «Компания»), вертикально-интегрированная нефтегазовая компания Казахстана, объявила консолидированные финансовые и операционные результаты за первый квартал 2019 года в соответствии с МСФО (Международные Стандарты Финансовой Отчетности).
Производственные показатели за первый квартал 2019 года:
- Объем добычи нефти и газового конденсата вырос на 1,3% в сравнении с показателем аналогичного периода прошлого года до 5 939 тыс. тонн (495 тыс. барр. в сутки );
- Добыча природного и попутного газа увеличилась на 4,7% к отчетному периоду прошлого года, составив 2 173 млн м³;
- Объем транспортировки нефти составил 19 660 тыс. тонн, увеличившись на 6,7% по сравнению с первым кварталом 2018 года;
- Объем транспортировки газа снизился на 3,6% к отчетному периоду 2018 года, составив 25,9 млрд м³;
- Объем переработки углеводородного сырья увеличился на 1,1% и составил 4 901 тыс. тонн. Данный показатель включает объем переработки на казахстанских нефтеперерабатывающих заводах в размере 3 306 тыс. тонн и на заводах KM International («KMG I») в Румынии в размере 1 595 тыс. тонн. Общий объем производства нефтепродуктов вырос на 0,9% и составил 4 597 тыс. тонн в отчетном периоде;
- Объем реализации собственной произведенной нефти и конденсата вырос на 1,8% к отчетному периоду прошлого года, составив 5 922 тыс. тонн.
Финансовые показатели за первый квартал 2019 года:
- Выручка за первый квартал 2019 года выросла на 20,5% и составила 1 765 млрд тенге (4 673 млн долл. США);
- Чистая прибыль за первый квартал 2019 года выросла до 309 млрд тенге (819 млн долл. США), увеличившись на 51,4% по сравнению с аналогичным периодом 2018 года;
- Капитальные затраты за отчетный период составили 73 млрд тенге (194 млн долл. США), что на 10,4% ниже показателя за первый квартал 2018 года;
- Показатель EBITDA4 вырос на 27,1% по сравнению с показателем за первый квартал 2018 года и составил 517 млрд тенге (1 370 млн долл. США);
- Чистый долг компании на 31 марта 2019 года составил - 2 356 млрд тенге (6 200 млн долл. США), что на 9,9% выше показателя на 31 декабря 2018 года.
Корпоративные ключевые события:
- 22 февраля 2019 года РД КМГ завершил программу обратного выкупа привилегированных акций. Таким образом, КМГ выкупила 1 239 087 привилегированных акций из 1 905 209 акций (или 65,0%) на общую сумму 15,9 млрд тенге. С 14 мая 2019 года привилегированные акции РД КМГ исключены из KASE;
- В феврале 2019 года завершилась сделка по продаже ТОО «KMG Retail» за 60 512 млн тенге;
- В марте 2019 года международное рейтинговое агентство Fitch подтвердило рейтинг КМГ на уровне «ВВВ-/Прогноз стабильный», отметив при этом повышение отдельного рейтинга (stand-alone credit profile) с «b» до «bb-»;
- 29 марта 2019 года КМГ получил согласие держателей Еврооблигаций, подлежащих к погашению в 2022, 2023, 2027 и 2047 гг. (Еврооблигации, выпущенные до 2018 года) на (1) выравнивание ковенантного пакета с условиями выпуска Еврооблигаций 2018 года и (2) досрочное погашение Еврооблигаций на сумму 30,1 млн. долл. США, подлежавших к погашению в 2044 году;
- В соответствии с поручением Главы государства, было одобрено финансирование строительства социальных объектов (стадион на 7000 мест и конгресс холл) в г. Туркестан на общую сумму около 21 млрд тенге;
- 29 апреля 2019 года Луис Мария Виана Палья Да Сильва был избран членом Совета директоров – независимым директором КМГ;
- 20 мая 2019 года Энтони Эспина был избран членом Совета директоров КМГ – представителем интересов АО «Самрук-Казына».