Пресс-релизы
Біріктірілген газ-химиялық кешені құрылысының барысы туралы ақпарат
Информация о ходе строительства Интегрированного газохимического комплекса
2019 жылғы 18 маусымда жұмыс сапарының аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Біріктірілген газ-химиялық кешені (I кезең – полипропилен өндірісі) құрылысының барысымен танысты
Делегация «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан кешеннің құрылыс алаңдарын, жаңадан жабдықталған уақытша құрылыс қалашығын аралады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығының және «Біріккен химиялық компания» ЖШС еншілес ұйымдарының қатысуымен өткен кеңейтілген мәжіліс барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Тиесов құрылыстың қазіргі жағдайы, инжиниринг, жабдық пен материалдарды сатып алу мен жеткізу жұмыстары туралы баяндады. Атап айтқанда, зауыттың бас жоспарын бекіту, технологиялық кестелер және құрылыс алаңына арналған жұмыс құжаттамасын әзірлеу жөнінде сөз қозғалды. Сондай-ақ, Д. Тиесовтің айтуы бойынша кәсіпорынның 3D-үлгісінің 60%-ы әзірленді. Кешенді жобалауға «Қазақ мұнай және газ институты» қатысуда.
Тіреуіштерді қағу, бұрғылау-тығыздау тіреуіштерді орнату жөніндегі жұмыстар аяқталды. Іргетасты қалау бойынша негізгі жұмыстар орындалды. Жерасты коммуникациялары тартыла басталды.
Біріктірілген газ-химиялық кешенінің құрылысына жергілікті тауар өндірушілері жұмылдырылған. «АтырауМұнайМаш» ЖШС, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС және басқалар жабдық пен материалдарды шығару және жеткізумен айналысады.
Құрылыс алаңдарында жұмыс істеп жатқан 36 қосалқы мердігердің 33-і – жергілікті компания болып табылады. Сапар қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Ахметжан Есімов осы жобаның Қазақстан Республикасының экономикасы және мұнай-химия өнеркәсібін дамыту үшін айрықша маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға сенімді басқаруға берілгеннен кейін оның дамуындағы оң тенденцияны атап өтіп, кешенді уақтылы аяқтауды тапсырды.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 2018 жылғы 28 маусымдағы тапсырмасына сәйкес жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға сенімді басқаруға берілді. Жоба берілген уақыттан бері құрылыс жұмыстарын кең көлемде жүргізіп, оларды қарқынды ілгерілету бойынша шаралар қабылданды, құрылыс кестесі оңтайландырылды және Қазақстан Республикасында ірі жобарларды іске асыруда тәжірибесі бар мамандар тартылды.
Анықтамалық ақпарат:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі.
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС («KPIInc.») 2008 жылы құрылды және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялары тобына кіреді.
«KPIInc.» қатысушылары: 99% - «Біріккен химиялық компания» ЖШС («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы), 1% - «Фирма Алмэкс Плюс» ЖШС.
Біріктірілген газ-химиялық кешенінің құрамына (I кезең – полипропилен өндірісі) полимер шығару саласында әлемнің жетекші «Lummus Technology» компаниясының лицензияланатын технологиялары бойынша пропанды сутексіздендіру (PDH), пропиленді полимеризациялаудың (PP) технологиялық қондырғыларын және инфрақұрылымның 32 ірі нысанын салу кіреді. Жоба мақсаты жылына 500 мың тонна полипропилен шығару болып табылады.
2015 жылғы 15 желтоқсанда «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС және «China National Chemical Engineering Company» (CNCEC) арасында 1 865 млн АҚШ доллары сомасына ЕРС-келісімшарты жасалды. Кредиттік келісімге 2016 жылғы қыркүйек айында қол қойылды.
18 июня 2019 года в рамках рабочей поездки председатель Правления АО «ФНБ «Самрук-Казына» Ахметжан Есимов, председатель Правления АО «НК «КазМунайГаз» Алик Айдарбаев и аким Атырауской области Нурлан Ногаев ознакомились с ходом строительства Интегрированного газохимического комплекса (фаза I – производство полипропилена).
Делегация осмотрела строительные площадки комплекса, вновь обустроенный временный строительный городок, расположенные на территории специальной экономической зоны «Национальный индустриальный нефтехимический технопарк».
В ходе расширенного совещания с руководством АО «НК «КазМунайГаз» и дочерних организаций ТОО «Объединенная Химическая Компания» заместитель председателя Правления АО «НК «КазМунайГаз» по переработке и маркетингу – председатель Правления ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» Данияр Тиесов доложил о текущем статусе строительства, работах по инжинирингу, закупу и поставке оборудования и материалов. В частности, об утверждении генерального плана завода, технологических схемах и разработке рабочей документации для строительной площадки. Также, по его словам, 3D-модель предприятия подготовлена на 60%. В проектировании комплекса принимает участие казахстанский институт ТОО «Казахский институт нефти и газа».
Завершены работы по забивке свай, устройству буронабивных свай. Выполнены основные фундаментные работы. Начат монтаж подземных коммуникаций
К строительству интегрированного газохимического комплекса привлечены местные производители. Изготовлением и поставкой оборудования и материалов занимаются ТОО «АтырауНефтеМаш», ТОО «Петропавловский завод тяжелого машиностроения», ТОО «Имсталькон» и др.
Из 36 субподрядных компаний, задействованных на стройплощадках, 33 – местные. По завершению визита глава Фонда «Самрук-Казына» Ахметжан Есимов отметил высокую значимость данного проекта для экономики и развития нефтехимической промышленности Республики Казахстан, отметил положительную тенденцию в развитии проекта после его передачи в управление АО «НК «КазМунайГаз», а также поручил завершить проект в срок.
В соответствии с поручением АО «ФНБ «Самрук-Казына» 28 июня 2018 года проект передан в доверительное управление АО «НК «КазМунайГаз». С момента передачи проекта приняты меры по полномасштабному развороту строительных работ и их динамичному продвижению; оптимизирован график строительства и мобилизованы специалисты, имеющие опыт реализации крупных проектов в Республике Казахстан.
Справочная информация:
АО «Национальная компания «КазМунайГаз» − казахстанский национальный оператор по разведке, добыче, переработке и транспортировке углеводородов. 90,42% акций АО НК «КазМунайГаз» принадлежит АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», 9,58% − Национальному банку Республики Казахстан.
ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» («KPIInc.») создано в 2008 году и входит в группу компаний АО «ФНБ «Самрук-Казына».
Участники «KPIInc.»: 99% - ТОО «Объединенная химическая компания» (100% дочерняя организация АО «ФНБ «Самрук-Казына»), 1% - ТОО «Фирма Алмэкс Плюс».
В состав Интегрированного газохимического комплекса (фаза I – производство полипропилена) входит строительство технологических установок дегидрирования пропана (PDH), полимеризации пропилена (PP) по лицензируемой технологии мирового лидера в области производства полимеров «Lummus Technology» и 32 крупных объекта инфраструктуры. Целью проекта является производство 500 тыс. тонн полипропилена в год.
ЕРС-контракт заключен 15 декабря 2015 года на сумму 1 865 млн долл. США между ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» и «China National Chemical Engineering Company» (CNCEC). Кредитное соглашение подписано в сентябре 2016 года.